САПАРОВ АБДУЛЛА САПАРОВИЧ

Сапаров Абдулла Сапарұлы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), ҚР ауылшаруашылық ғылым Академиясының академигі (2009), ҚР ауылшаруашылық ғылым Академиясының вице-президенті (2017), ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі (2017), ҚР ҰҒА академигі (2020), РҒА СБ құрметті ғылым докторы (2009), «Топырақтанушылар, агрохимиктер және экологтар қоғамы» ҚБ төрағасы (2008), Қазақстандағы агрохимияның негізін қалаушылардың бірі. 

Сапаров Абдулла 1949 жылы 21 мамырда Қазақ КСР Шымкент (қазіргі Түркістан) облысы, Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қақпақ ауылында (Қызыл-таң колхозы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1966 жылы Өзбек КСР Ташкент облысы, Чирчик қаласында М.Әуезов атындағы №17 орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Чирчик трансформатор зауытының токарь шәкірті, аспаптық цехтың слесарі болып бастады, кейінірек Қызыл-таң колхозында малшы болып жұмысын жалғастырды.

1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), агрохимия және топырақтану факультетін бітірген.

Абдулла Сапарұлы Сапаров ғылыми - зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастап Ө.О.Оспанов атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Бас директорына дейінгі ғылыми жолдан өтті.

Ғылыми зерттеулері тыңайтқыштарды қолдану жүйесі, топырақтың құнарлылығы мен дақылдардың өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі суармалы күңгірт қарақоңыр топырақтарында көкөніс дақылдарының азотты және фосфорлы қоректенуін оңтайландырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін әзірледі.

Көпжылдық ғылыми зерттеулердің деректері негізінде Абдулла Сапарұлы 1985 жылы кандидаттық (Мәскеу) және 1997 жылы докторлық (Алматы) диссертация қорғады. 1990 жылы оған аға ғылыми қызметкер (06.01.04 – агрохимия) және 1998 жылы профессор (06.01.00 – Агрономия) дәрежесі берілді.

А. С. Сапаровтың басшылығымен топырақ қорлары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану саласында, топырақтың қалыптасу заңдылықтары мен топырақ үрдістерінің өзгеруін және топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын зерттеу бойынша, ГАЖ технологиялары негізінде топырақ карталарын жасау; топырақты топырақ-мелиоративтік және топырақ-экологиялық жағдайын бақылау мен бағалау және мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жағдайын тексеру бойынша, топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілді

Институтта алыс және жақын шетелдермен халықаралық қатынастар қарқынды дамыды. Ол алыс және жақын шетелдердің ғылыми-зерттеу институттарымен (ICARDA, ҚХР, Польша, Германия, Жапония, АҚШ, Түркия, Сербия, Ресей, ФАО, ХҒТО және ТМД көптеген ҒЗИ және ЖОО) өзара тиімді ынтымақтастық орната алды. Жыл сайын оның басшылығымен табиғи және жерқорын тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-кеңестер, дала күндері және дөңгелек үстелдер өткізілді.

20 жылдан астам уақыт бойы А.С. Сапаров «Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымының хабаршысы», «Жаршы», «Қазақстан ғылымының жаңалықтары», «Агрохимия және агроэкология мәселелері», «Егіншілік», «Құнарлылық», «ҚР ҰҒА жаңалықтары, аграрлық сектор», «Омбы мемлекеттік университетінің Хабаршысы» және т. б. журналдардың редакциялық алқасының мүшесі болды.; ҚР АШМ ҒТК егіншілік, өсімдік және орман шаруашылығы секциясының мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Биологиялық зерттеулер орталығы" ҒТК мүшесі, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ ҒТК мүшесі, тәуелсіз сарапшы, Ұлттық ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, «Орталық Азияның өндірістік жағдайында су қоры мен топырақ құнарлылығын тиімді басқару арқылы ауылдағы әлеуметтік жағдайларды басқару» (ИКАРДА); және «Орталық Азияда жер қорын тұрақты басқару бойынша зерттеулер» (SACILM–ИКАРДА). жобаларының ҚР ұлттық үйлестірушісі болды. Табиғи қорды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу басым бағыты бойынша «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ҒТК төрағасының орынбасары (2014 - 2017 ж.), «ҚР АӨК тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша ҒТК (2018 ж. бастап), «Топырақтану және агрохимия» журналының бас редакторы (2008 ж. бастап), «Топырақтану, Агрохимия және экология қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2008 ж. бастап), «Агрохимэкодостастығы» төралқасының мүшесі Мәскеу (2006 жылдан бастап), Түркия, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан (2010 жылдан бастап)елдерінде Халықаралық Топырақтану қоғамының тең төрағасы, Әзірбайжан Топырақтану қоғамының мүшесі (2012 жылдан бастап), Еуразиялық топырақ серіктестігінің мүшесі, Мәскеу (2013 жылдан бастап), ФАО жаһандық топырақ серіктестігінің мүшесі, ИКАРДА басқару комитетінің мүшесі (2014 жылдан бастап).

Сапаров Абдулланың көп жылдық зерттеулерінің нәтижелерінде 500-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 130 шетелдік басылымдарда, 20 монография, кітаптар мен оқулықтар (8-і шетелде шығарылған), 25 ұсыныстар жарық көріп, 27 инновациялық патенттер мен авторлық куәліктер алынды.

А. С. Сапаровтың жетекшілігімен 5 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 10 магистр дайындалды.

Сапаров А. Көптеген үкіметтік және қоғамдық марапаттауларга ие: "Қазақстан Даңқы" ордені (2013), «Құрмет» ордені (2014), ҚХР Тянь-Шань сыйлығының (СУАР) лауреаты (2014), «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» ҚБ құрметті ардагері (2015), медальдар: «Еңбек ардагері» (2016), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Құрметті ардагер» (2016), «Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің Құрметті азаматы» ордені (2016), «Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» стипендиаты (2000-2001),. аграрлық ғылым саласында А.И. Бараева атындағы сыйлықтың лауреаты (2001), ҚР АШМ құрмет грамотасы (2008 ж.), ҚР ҰҒА Құрмет грамотасы (2015, 2016 ж.), Кремльдегі Қызыл Ту жанында суретке түсуге лайық табылған (Мәскеу қ., 1976 ж.).ҚазКСР ХШЖК 1 дәрежелі Диплом (1976), Қазақстан Республикасы халық шаруашылығы жетістігінің көрмесі дипломы (1978 ж). «Д.Н. прянишников атындағы Бүкілресейлік агрохимия ғылыми-зерттеу институтының құрметті агрохимигі" медалі (2007), «Академик А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл" естелік медалі (2008), "Орталық Азия мен Закавказье құрғақ аймақтарындағы ауыл шаруашылығын зерттеудің халықаралық орталығына 10 жыл" медалі (2009), Убсу-Нұр Аймағының құрметті азаматы (Моңғолия) (2010). «Су шаруашылығының ардагері» белгісі (2014), Митчерлих академиясының академигі, Германия (2017), РҒА агробиотехнология ҒЗО СФ құрмет грамотасы (2017).

Подробнее

АХАНОВ ЖАХАН ӘЛІШЕРҰЛЫ

Аханов Жахан Әлішерұлы ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1987), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (1989), профессор (1993), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).

Аханов Жахан Әлішерұлы 1936 жылы 12 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 1955 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.), биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, оны 1960 жылы Топырақтану мамандығы бойынша бітірген.

Ж.Ә. Аханов 1960 жылдан бастап Қаз КСР ҒА Топырақтану институтында жұмыс жасап, қызмет жолын кіші ғылыми қызметкерден бастады және Шу тірек пунктінің меңгерушісі (1960-1967) Топырақтану институтының ғылыми хатшысы (1967-1969), суармалы топырақты мелиорациялау зертханасының меңгерушісі болды. 1969 жылдан бастап директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1972-1984) 1984 - 1994 және 1997 - 2001 Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институтының директоры лауазымдарын атқарды. 1994 жылғы ақпаннан 1997 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Төралқа мүшесі және биология ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 1968 жылы «Ұланбел тасқыны мысалында Шу өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың су-тұз режимі» тақырыбында кандидаттық диссертация және 1987 жылы "Оңтүстік Қазақстан өзендерінің сағасындағы топырақ түзілуінің заманауи процестері" (Мәскеу) тақырыбында докторлық диссертация сәтті қорғады. 1993 жылы профессор атағы берілді, ал 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Ж.Ә. Аханов - топырақ ғылымы саласындағы ірі ғалым, Қазақстандағы мелиорациялық топырақтанудың негізін қалаушылардың бірі. Ғылыми зерттеулері өнімділігі төмен топырақтардың генезисі мен мелиорациясының іргелі және қолданбалы проблемаларын, антропогендік техногендік ластану және құрғақшылық жағдайындағы дельталық топырақ түзілу процестерін, жерді мелиорациялық бағалау мен аудандастыруды, мелиорация технологиясын әзірлеуді және топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің ғылыми негіздемесін қамтиды.

Ж.Ә. Аханов жетекшілігімен жерді мелиорациялық бағалаудың негіздемесі жасалып, Қазақстанның топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шаралар әзірленді. «Еділ-Орал өзендері арасының топырақ-мелиорациялық жағдайлары» және «Еділ-Орал өзендерінің арасы суару объектісі ретінде" атты 2 томдық монографиясында топырақ-мелиорациялық жағдайлары қалыптасуының негізгі заңдылықтары негізделген және осы негізде суаруды дамытудың келешегіне баға беріліп, Каспий маңы ойпатының кең аумағын мелиорациялаудың тиімді әдістері әзірленді.

Ж.Ә. Аханов Қазақстанның оңтүстігінде үлкен көлемдегі топырақ, топырақ-галогеохимиялық және мелиорациялық іргелі зерттеулерлерін орындады. 70-ші жылдардан бастап оның басшылығымен топырақ-мелиорациялық зерттеулер тұзданған, содалытұзданған және сілтілігі жоғары топырақтарды мелиорациялаудың тиімді технологияларын әзірлеуге, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Дельта жазықтарының топырақ жамылғысының антропогендік трансформация дәрежесін зерттеуге бағытталған. Көпжылдық аймақтық және стационарлық зерттеулердің негізінде Шу өзені сағасындағы топырақтардың пайда болуының заманауи үрдістері, генезисі, қасиеттері және өзен сағасы топырақтарының эволюциялық үрдістері анықталды. Көпжылдық зерттеулер барысында ол дельта топырақтарының түбегейлі жаңа заңдылықтарын бекітті және де аллювиалды топырақ түзілуінің трансформация үрдісін генетикалық-геохимиялық талдауға және өзен ағысы күрт төмендегенде, аллювиалды-Дельта жазықтарының спорадикалық немесе үздіксіз құрғаған жағдайда топырақтың дамуына негізделген аллювиалды жазықтардың топырақтарының генезисі мен эволюциясы тұжырымдамасын әзірледі. 

Оның гало-химиялық үрдістердің ерекшеліктерін, аллювиалды топырақтарда гумус түзілу ерекшелігі мен гумус жағдайын және дельта жазығындағы кешенді топырақ-мелиорациялық аудандастыру мәселелерін талдауы «Шу өзені алқабының топырағы» (1871) «Таш-Өткел суармалы алқабының топырағының су-тұз режимін реттеу» (1982); «Оңтүстік Қазақстанның дельта жазықтарындағы топырақ түзілуі» (1987).атты іргелі монографияларында көрініс тапты. 

Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен Қазақстан аумағында көпжылдық топырақ-мелиорациялық зерттеулердің нәтижелерін ауқымды теориялық жалпылау орындалды. Карта жасалып, жердің табиғи-топырақ-мелиорациялық жағдайларын аудандастырудың және кешенді бағалаудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, топырақ ресурстарын пайдаланудың оңтайлы жолдары негізделген «Қазақстан жазықтығын табиғи-мелиорациялық аудандастырылуы» (1993) атты 2 бөлімді монография басылып шықты. Аталған жұмыс қара қоңыр толпырақтарда ауыл шаруашылығының астық - мал бағытын және қара топырақтарда астық дақылдары бағытын дамытудың орындылығын дәлелдеді.

Қазақстанның үлкен бөлігін алатын экологиялық тұрақсыздықтың қазіргі жағдайында Ж.Ә. Аханов жетекшілігімен дайындалған Қазақстанның топырақ ғылымын дамыту тұжырымдамасы өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты, Ж.Ә. Ахановтың ғылыми жетекшілігімен институттың іргелі зерттеу бағдарламалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары тиімділік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің нақты шараларын әзірлей отырып, жаһандық негізде де орындалды. Оның басшылығымен институт үшін «Топырақ құнарлылығын қайта қалпына келтіріп оларды тиімді пайдалану және топырақ ресуртарын қорғау» іргелі зерттеулердің бірыңғай кешенді бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарлама айтарлықты өзекті міндеттерді және еліміздің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасында орын алатын басымдықтарды шешуді көздейді. 

Жахан Әлішерұлының көп жылдық еңбегінің нәтижесінде 220 -дан астам ғылыми еңбектері, оының ішінде 9 монография жарық көріп, 2патент, 5 куәлік алынды.

Аханов Ж.Ә. жетекшілігімен 12 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды.

1971-1981 ж.ж. жарық көрген «Қазақстанда суаруды дамуды негіздеу үшін топырақты мелиоративті бағалаудың ғылыми негіздері» атты монографиялық цикл жұмысы үшін 1984 жылы авторлар ұжымы құрамында Ж.Ә. Ахановқа  ғылым мен техника саласы бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Жахан Әлішерұлы көптеген журанлистерге, мерзімдік басылымдар мен радио, телеарналарға, сонымен қатар Қазақстанда әлем топырақтары, Қазақстан топырақ жағдайы мен мәселелері туралы көп сериялы фильм түсіріп жүрген жапон кинодокументалистеріне де сұхбат берген. Ол Қазақстанның топырақ және экологиялық мәселелері бойынша көптеген үкіметтік комиссия мүшесі, Қазақстан атынан көптеген мемлекеттерде халықаралық делигациясының мүшесі болды. 

Подробнее

БОРОВСКИЙ ВЛАДИМИР МИХАЙЛОВИЧ

Боровский Владимир Михайлович ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1956), профессор (1958), Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1961), Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1962), қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1983), КазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).

Владимир Михайлович Боровский Санкт-Петербургте Агрономия профессорының отбасында дүниеге келген. 1930 жылы Ленинград мемлекеттік университетінде геология, топырақ-география факультетіне түсіп, 1934 жылы "Топырақтану" мамандығы бойынша бітірді.

1933 жылы ЛМУ соңғы курсында оқып жүргенде КСРО ҒА қарайтын В.В. Докучаев атындағы топырақ институтына ғылыми қызметкер болып қабылданды В. М. Боровскийдің дарындылығы мен үлкен ұйымдастырушылық кабілеті байқалды. 1934-1937 жылдары академик Б.Б. Полыновтың жетекшілігімен Н.А. Качинский, В. А. Ковда, А. Ф. Большаков және басқалармен бірге Каспий маңы шөлейт жағдайында Жәнібек стационарында (Батыс Қазақстан, қазіргі Орал облысы) сортаң кешеннің топырағын, жыныстарын, жер асты сулары мен микрорельефін зерттеді. Кейінірек аталған кезеңнің жұмыстары 1937 жылы КСРО ҒА-ң В.В. Докучаев атындағы топырақ институтының директоры болған Б.Б. Полыновпен бірге қамауға алынған Боровский мен Большаковтың аттарын қоспай басылып шығарылды. 1937 жылы 29 сәуірде қамауға алынды. РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 2, 10 және 11-тармақтары бойынша айыпталды. 1939 жылы 17 желтоқсанда КСРО ІІХК жанындағы Ерекше кеңеспен Қазақстанға 5 жылға жер аударылуға үкім шығарылды. 1989 жылы 28 сәуірде ақталды.

1940 жылдан бастап Владимир Михайлович өзінің ғылыми қызметін Қазақстанмен байланыстырды, осы кезеңнен бастап 40 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан топырақ жамылғысына арнады: облыстық Су шаруашылығында аға инженер-топырақтанушы және Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы (1940-1945), ҚазКСР ҒА Қызылорда ғылыми-зерттеу базасының директоры (1945-1954), ҚазКСР ҒА Қазгипросуэлектр бөлімінің меңгерушісі (1949-1954), бөлім меңгерушісі (1954-1957), директордың орынбасары (1957-1968), ҚазКСР ҒА Топырақтану институтының директоры (1968-1984) қызметтерін атқарды.

1945 жылы Владимир Михайлович "Сырдария ойпаты" тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 1956 жылы "Ежелгі Сыр - Дарья сағасының топырағы және оларды ауыл шаруашылығында игеру жолдары"тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Владимир Михайловичтің ғылыми зерттеулері мелиоративті топырақтану, геоморфология, геохимия, агрохимия, төрттік геология, құрғақ аумақтардың топырақ-геохимиялық мәселелерінің теориясы сұрақтарына арналған.

Боровский В. М. Қазақстанда мелиорациялық топырақтану ғылыми мектебін құрды, республикада ирригацияны игеру және дамыту мақсатында өзен аңғарларының кең аумақтарын зерттеді; дельталық топырақ түзілуінің, су-тұз режимінің, сортаңды топырақ генезисінің жалпы заңдылықтары туралы теориялық ереже әзірледі, Қазақстанның мелиорациялық игеруге жарамды жер ресурстарын анықтады, сортаң топырақты мелиорациялаудың әртүрлі әдістерін ұсынды.

Сырдарияның төменгі ағысындағы зерттеулер ерекше теориялық және практикалық қызығушылық тудырып, "Сырдарияның ежелгі атырауы және Солтүстік Қызыл Құмы" атты 2 томдық монография болып баяндалды. Онда Дельта жазықтарының генезисі, суарудың дамуына байланысты топырақ эволюциясының теориясы жасалды, топырақ-жер асты сулары жүйесіндегі су-тұз алмасуының қарқыны, сипаты мен бағыты анықталды, "лито-морфопедогенездің"бірыңғай процесінің сипаты түсіндірілді. Бұл Дельта топырағы туралы ең үлкен ғылыми монография.

Оның іргелі еңбектері Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында суаруды кеңінен дамытудың ғылыми негізі болды.

Ол әзірлеген лито-морфопедогенез біртұтастығы теориясы Қазақстанның оңтүстік өзендерінің дельталық топырақ түзілуін ғана емес, сонымен бірге әлемнің құрғақ жерлерінің суарылатын аудандарда топырақ түзілу жағдайларының мәнін ашады. Бұл біртұтастықтың бұзылуы сөзсіз деградацияға және суару шөлейттену процестерінің дамуына әкеледі.

Өзінің ұстазы, ірі кеңестік топырақтанушы-геохимик академик Б. Б. Полыновтың геохимиялық ландшафттар туралы идеяларын дамыту оған Қазақстанның оңтүстік бөлігін топырақ-геохимиялық көрсеткіштер бойынша аудандастыруға және тұз жинақтау түрлері бойынша үш провинцияға бөлуге мүмкіндік берді: Каспий маңындағы хлоридті, Арал маңындағы сульфатті және Балқаш маңындағы сульфатті-содалы.

Көп жылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша Владимир Михайлович 230 ғылыми еңбегін, оның ішінде 8 монографиясын жариялады. Оның басшылығымен халықаралық үйлестіру шеңберінде ЮНЕСКО жобасы бойынша орындалған әлем картасының дербес бөлігі ретінде Қазақстанның тұзды топырақтары әлемінің картасы жасалды. Олар КСРО-ның әртүрлі аймақтары мен аудандарын суарудың тиімділігі мәселесін егжей-тегжейлі қарастырды. Орта Азия республикалары арасында суаруға жұмсалған шығындардың ең жоғары қайтарымы Қазақстанда алынуы мүмкін екені анықталды. Владимир Михайловичтің тікелей ықпалымен сортаң топырақты мелиорациялау теориясы мен практикасы мәселелерін ойдағыдай шешу, мелиорат-топырақтанушылардың мектебін құрумен қатар, республиканың сортаң топырақтарының табиғатын зерттеу одан әрі дамыды, оларды жақсартудың әртүрлі әдістері ұсынылды. Тұзданған жерлерді мелиорациялаудың ғылыми дәлелденуі КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің сонымен бірге ҚазКСР КОКП ОК және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің (1980) тұзданған жерлерді игеру туралы Қаулыны қабылдауына негіз болды.

В.М. Боровский суару, мелиорация, картография және еліміздің жер қорларын іс жүзінде игеру мәселелері бойынша көптеген (30-дан астам) одақтық, республикалық және халықаралық форумдардың, конгресстердің, съездердің, конференциялар мен кеңестердің белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы болды. Оның шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттері Алматыда топырақтанушылардың IV Бүкілодақтық съезін (1971), Х Халықаралық топырақтанушылар конгресінің Солтүстік Қазақстан аумағында құрғақ аумақтар экологиясы бойынша ғылыми экскурсиясының бесінші турын (1974), дамушы елдердің (Азия, Африка және Латын Америкасы) мамандарына арналған халықаралық курстарды(1979) өткізу кезінде толық байқалды.

В. М. Боровский жақсы ғылыми насихаттаушы болды, ол радиоға, теледидарға, газеттерге қызықты хабарламалармен жиі шығып тұратын. Владимир Михайлович қоғамдық жұмыстарғада көп күш пен қуат жұмсады. Ол ҚазКСР ҒА "Топырақтану және топырақты мелиорациялау мәселелері" ғылыми кеңесінің төрағасы, КСРО ҒА ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары, КСРО ҒА ЖҚО Орталық Кеңесі Төралқасының мүшесі, Арал теңізі және Балқаш проблемалары жөніндегі ҚазКСР ҒА Төралқасы комиссиясының төрағасы және т.б. болды. 

В. М. Боровскийдің жетекшілігімен оның 40 шәкірті кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғап, ұстаздарының бастамаларын жалғастырды.

Кеңес ғылымына сіңірген зор еңбегі үшін В. М. Боровскийге Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген құрметті қайраткер атағы берілді (1961), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1976), «Халықтар Достығы» орденімен (1979), «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін 1941-1945» (1946), «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» (1970), «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы 1941-1945» (1975), «Тың жерлерді игергені» үшін (1956), «Еңбек ардагері» (1975) төс белгілерімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1961) марапатталған. 1984 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы қайтыс болғаннан кейін берілді. .

Подробнее

ОСПАНОВ ӨМІРБЕК ОСПАНҰЛЫ

Өмірбек Оспанұлы Оспанов геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты (1937), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (1962), ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Отандық топырақтану мектебінің негізін қалаушы.

Ө.О.Оспанов 1906 жылы 10 тамызда Торғай облысы, Қостанай уезі, Сарыой болысының Тоғызақ ауылында кедей шопан отбасында дүниеге келген. Қазірге кезде бұл Қостанай облысының Федоров ауданының Новошумовский ауылдық округі. Әкесінің қайтыс болғаннан кейін (1919 ж.) 13 жасар баланың иығына күнделікті өмірдің ауыр жүгі артылды, отбасын асырау керек болды. Бір қап ұн мен бір кесе тұз үшін ауыр жұмыстар жасауға тура келді. Алайда ол өзіне деген сеніммен «Мен жердің көмекшісі болғым келеді, сұр жусанның орнына нан өсіріп, ағашар гүлдегенін қалаймын» дейтін. Ол өз дегеніне жетті.

Қостанай уезінің Тоғызақ ауылында үш жылдық бастауыш мектепті және 1922 жылы Қостанай қаласында төрт сыныпты орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін ол Қостанай Комсомол Губкомы мен губполитпростың жолдамасы бойынша өзімен жаста балалар тобымен Саратов мектеп-интернатына жіберіледі. 1925 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп, Орынбор рабфакта, ал 1927-1931 жылдары Ленинград және одан кейін Мәскеу қалаларындағы Тимирязев ауылшаруашылық академиясының агрохимия және топырақтану факультетінде білімін жалғастырады. Мұнда ол көрнекті кеңестік топырақтанушылардың дәрістерін тыңдайды.

1931 жылы Өмірбек Оспанұлы қазақ жастарының арасында бірінші болып агроном-топырақтанушы мамандығы бойынша жоғары білім алады. 1931 жылы Бүкілодақтық тыңайтқыштар және агротопырақтану Институтына аспирантураға түседі, ал 1932 жылы БКП(б) Қазкрайкомы мен КСРО ҒА Президиумының қазақстандық КСРО ҒА базасы үшін кадрлар даярлау туралы шешіміне сәйкес В. В. Докучаев атындағы Топырақ Институтына арнайы аспирантураға жіберіледі.

1937 жылдың мамыр айында геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Тақырлардың генезисі және мелиорациясы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап шығады. Автор тақырлар генезисінің топырақ-геологиялық теориясын алға тартады және сәтті қорғайды, оларды мелиорациялаудың ғылыми негізделген әдістерін ұсынады. Ғылыми жетекшілер Е. Н. Иванова мен И. П. Герасимов және ресми қарсыластары Л.И. Прасолов пен Б. Б. Полынов Оспановтың диссертациялық жұмысын «Орта Азия топырағы бойынша арнайы әдебиеттерге ауқымды және ерекше үлес қосқан..» деп жоғары бағалады. 1940 жылы «Тақырлардың генезисі мен мелиорациясы" жеке кітап болып жарық көрді, БЛКЖО ОК сыйлығымен және Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталды. Аталған жұмыс қазіргі уақытта да өзекті болып табылады.

1936 жылы Алматыға оралып, Ө.О. Оспанов КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасында белсенді ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа кіріседі. Кеңгір өзенінің оң жағалауындағы Жезқазған қаласының маңындағы тұзданған боз  топырақтарда шөлді топырақты мелиорациялау бойынша тәжірибелік станция ұйымдастырады. Мұнда дайындалған топырақты игеру әдістері көкөніс дақылдарын, бұталарды және мал азықтық шөптердің көптеген сорттарын сәтті өсіруге мүмкіндік берді. Үш жылдық тәжірибелік сынақ барысында Орталық Қазақстанның құрғақ шөлді жағдайында жерді кеңінен игеруге жарамды, аязға- құрғақшылыққа және тұзға төзімділігі жоғары ағаштардың, бұталардың, жеміс – жидек және дәрілік шөптердің 70 сорты анықталды.

Жезқазған станциясындағы тәжірибелік жұмыстардан басқа Ө.О.Оспанов Орталық Қазақстанның Жезқазған-Ұлытау, Торғай. Шалқар-Арал, Бетпақдала, Батыс Балқаш сияқты шөлді және шөлді-дала аудандарында, Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырау өзендерінің аңғарларында үлкен топырақ-географиялық және топырақ-мелиорациялық зерттеулер жүргізеді. Аталған зерттеулердің ғылыми нәтижелері Ө.О.Оспановтың келесі ғылыми мақалаларында жарияланды: «Үлкен Жезқазған қосалқы шаруашылықтарының топырақ жағдайлары туралы» (1940), «Орталық Қазақстанның шөлді жерлерін игеру» (1943), «Боз топырақ туралы көзқарастардың эволюциясы» (1947), «Жезқазған ауданының су-жер ресурстарын игеру мәселесіне» (1949), «Жезқазған өнеркәсіптік ауданының топырақтары» (1954) және басқалары.

1939 жылы Ө.О.Оспановтың бастамасымен КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамында топырақ секторы ұйымдастырды, кейінен 1943 жылы оның базасында КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының топырақ-ботаникалық институты құрылды. Топырақ -ботаникалық институты құрылғанан бастап Ө.О.Оспанов 25 жылға жуық нәтижелі басқарды, кейін зейнеткерлікке шыққан соң 1993 жылға дейін география және топырақ картографиясы бөлімін басқарды және Топырақтану институтының ғылыми кеңесшісі болды.

Осы кезеңде Ө.О.Оспановтың Республикадағы ғылымның және ғылыми зерттеулердің ірі ұйымдастырушысы ретіндегі таланты айқын көрінеді. Халық шаруашылығының сұраныстарына сәйкес ғылыми ізденістің жан-жақты ойластырылған стратегиясы, топырақтанудың шешуші бағыттарында ғылыми күштер мен материалдық құралдарды шебер шоғырландыру, ұжымдағы жақсы шығармашылық ахуал Өмірбек Оспанұлына ҚазКСР ҒА қарасты Топырақтану институтын Еуразия құрлығындағы бірқатар ірі ғылыми орталықтар қатарынан көрінуге мүмкіндік береді. Қысқа уақыт ішінде шамамен 100 млн.га. жер зерттеліп, Қазақстанның солтүстік облыстарында сапасы бойынша үздік қара және қара қоңыр топырақтардың 22,6 млн. га жер бірінші кезекте игеруге ұсынылды. Аталған жұмыстар ауыл шаруашылығы өндірісінің ілгерілеуіне, КСРО елдері арасында Қазақстанның қатты және күшті сортты жоғары сапалы тауарлық астық өндіру бойынша елдің сарқылмас қорына айналуына үлкен септігін тигізді. 

Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен ірі топырақ-географиялық және топырақ-мелиорациялық зерттеулер жүргізілді, Қазақстанның барлық облыстарының топырақ карталары және республиканың түрлі түсті топырақ картасы М 1:2500000 (1976) жасалды. Бұл карта кейінірек В.В. Докучаев атындағы топырақ институты шығарған Бүкіләлемдік картаның бөлігі болып табылады.Топырақтарды жіктеудің, диагностикалаудың және агроөндірістік топтастырудың ғылыми негіздері әзірленіп, топырақ ресурстарының сандық-сапалық құрамы және оларды ауыл шаруашылығында игеруге жарамды жерлердің резервтері анықталды. Ө. О. Оспановтың редакциялауымен "Қазақ КСР топырақтары" сериялық монографиясының (1960-1983) басылымдары жарық көрді.

Топырақтану және Қазақстанның жер ресурстарын игеру мәселелерін әзірлеу саласындағы еңбегі үшін Өмірбек Оспанұлы "Құрмет Белгісі"; "Еңбек Қызыл Ту" және тың және тыңайған жерлерді игергені үшін «В.И. Ленин» ордендерімен марапатталды. Соным–н қатар медальдармен: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін»; «Ерен еңбегі үшін»; «Тың жерлерді игергені үшін»; «БАШК Үлкен алтын медалі»; «БАШК қатысушысы»; «Ерен еңбегі үшін» В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай; «Алтын ХШЖК медалі»; «Еңбек майданының қатысушысы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің XXX жылдығына орай; «Еңбек ардагері»; «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қырық жылы».

Ө.О. Оспановтың жетекшілігімен оның 9 шәкірті кандидаттық диссертациялар қорғады, белгілі топырақтанушы ғалымдар, ғылым докторлары мен академиктер.

Подробнее

Безсонов (Бессонов) Андрей Иванович

Безсонов (Бессонов) Андрей Иванович топырақтанушы-географ, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1946), Қаз КСР ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері (1945). Қазақстан топырағының алғашқы зерттеушісі және Қазақ КСР ҒА Топырақтану институтын ұйымдастырушылардың бірі. Топырақтанудың негізін қалаушы В. В. Докучаевтың соңғы замандасы. Бүкілодақтық Топырақтану қоғамы Қазфилиалының тұрақты төрағасы. Іле және Жоңғар Алатауы топырақтарының тік аймақтану сызбаларының авторы. 

Бессонов А.И. Нижний Новгородта (Ресей) дүниеге келген. Санкт-Петербург университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1898). Самара губерниялық земствосында жұмыс істеді (1899-1907). 1907 ж. С.С. Неуструевпен бірге Түркістан-Сібір темір жол магистралін бойлай жобаланған Семей-Сергиополь-Верный (қазіргі Алматы) желісімен Қазақстанның топырағын зерттеуді бастады. 1908-1914 жылдары К.Д. Глинканың басшылығымен көші-қон басқармасы ұйымдастырған Қазақстан аумағын топырақ зерттеулеріне тікелей қатысты. 1915-1917-Жетісу топырақ-ботаникалық экспедициясын басқарды. 1921-1938-меңгерушісі. Самара АШИ Топырақтану кафедрасында, Еділ бойындағы ұйымдарда ғылыми қызметкер болды.

1939 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамында А.И. Бессоновтың басшылығымен 8 топырақтанушыдан тұратын топырақ секторы құрылды, ол республикадағы топырақты зерттеудің негізгі орталығына айналды. Жас қазақстандық ғалымдар жүргізген топырақ зерттеулері ауыл шаруашылығының ғылыми негізін қамтамасыз етті және сол арқылы топырақ ғылымының қалыптасуына маңызды үлес қосты.

А.И. Бессоновтың жетекшілігімен 1939 жылдың жазында сектор қызметкерлері Қарағанды облысының Жезқазған ауданындағы Кеңгір өзені бассейнінің топырақ картасы жасалған алғашқы топырақ экспедициясын жүзеге асырды.

Ол Іле және Жоңғар Алатауының таулы жүйелерін, Іле ойпатын қамтитын Семей, Верный, Жаркент және Верный уездерінің үлкен аумағын, Қазақстан мен Самара губерниясының топырақтарын алғашқы зерттеуші. Ол осы аумақтардың топырақ-географиялық сипаттамасын жүргізді, топырақты және олардың жіктелуін сипаттады, жер жамылғысының қалыптасуының маңызды заңдылықтарын ашты, алғаш рет топырақтың тік зоналылығының сызбасын берді. Ол Жетісу облысының топырақтары туралы деректерді жүйелеп, жинақтады, бұрынғы Семей облысының көптеген уездерінің едәуір бөлігіне топырақ карталарын жасады. Тау бөктеріндегі шөлді-дала аумағының аймақтық түрі сұр топырақтар – Жетісу мен Орта Азия үшін топыақтардың жалпы түрі екенін анықтады.

Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің шыңы (3900 м) мен мұздығына оның есімі берілген. "КСРО мұздықтар каталогынан" алынған ақпараттарға сәкес, мұздық Кора өзенінің бассейнінде (Қаратал саласы) орналасқан. Бұл бассейіндегі мұздықтардың ең үлкені, келесі координаттар бойынша орналасқан: 44053' с.е., 79026 ' ш.б. Мұздыққа 1909 жылы оны алғаш рет сипаттағаны және өлшемдерін алғаны үшін А.И. Безсоновтың еңбегінің белгісі ретінде оның есімі берілген. Мұздыққа атау 1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, географ, гляциолог-Н.Н. Палговтың ұсынысы бойынша берілген.

Бессонов А.И. 100-ге жуық жарияланымдардың авторы. Олардың негізгілері: "Семей – Верный темір жолының жобаланған желісі бойындағы топырақтар" (1908); "Самара губерниясының жерлерін бағалауға арналған материалдар". (1910); "Жетісу облысының Джаркент және Верный уездерінің бөлімінің топырағы". (1910); "Жетісу облысының жер жамылғысы. Алматы" (1925); "Танаптағы топырақтарды зерттеу" (1931).

Топырақтану саласындағы еңбегі үшін Құрмет Белгісі орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, КСРО Ғылым академиясы Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Подробнее

Вырахманова Асем Сабиткановна

Білімі: ҚазМемҚыздарПИ, «География» мамандығы  (1997-2001 жж.); 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «География» мамандығы, магистратура (2002-
2004 жж.); Қазақ ұлттық агралық университеті, «Топырақтану және 
агрохимия» мамандығы, докторантура (2015-2018 жж.) 
Ғылыми дәрежесі: PhD доктор, «Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы 
топырақтардағы ауыр металдардың таралу заңдылықтарын зерттеу және 
олардың өсімдікке өтуін төмендету әдістерін әзірлеу», (2023 жылғы 23 
қаңтардағы №23НҚ бұйрық)
Ғылыми жобаларға қатысуы (соңғы бес жыл)
ҒТБ «Түркістан облысының суармалы тұзданған топырақтарының 
мәселелері және оларды топырақтың құнарлылығы мен өнімділігін 
арттырудың инновациялық технологиясын қолдану негізінде шешу» (2018-
2020 жылдар) ББ 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін 
арттыру» бойынша, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды 
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру»;
ҒТБ «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын 
сақтауды және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» 
(2021-2023 жылдар) 267 ББ бойынша «Білім мен ғылыми зерттеулердің 
қолжетімділігін арттыру», 101 қосалқы бағдарламасы «Ғылыми зерттеулер 
мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру».
Жарияланымдар саны: жалпы 30, оның ішінде 10 ҚР БҒМ БҒССҚК 
ұсынылған басылымдарында, 2 өндіріске ұсыныстар, 3 Web of Science және 
Scopus базаларының рецензияланатын журналдарында мақала, 1 авторлық 
куәліктің қосалқы авторы. 
Негізгі ғылыми еңбектер/жарияланымдар (5-тен көп емес)
1. Suska-Malawska Małgorzata*, Vyrakhmanova Assem, Ibraeva Mariya, 
Poshanov Maxat, Sulwiński Marcin, Toderich Kristina, Mętrak Monika. Spatial 
and In-Depth Distribution of Soil Salinity and Heavy Metals (Pb, Zn, Cd, Ni, Cu) 
in Arable Irrigated Soils in Southern Kazakhstan.// OnLine Journal Agronomy 
(Agricultural and Biological Sciences, Agronomy and Crop Science). 
https://www.mdpi.com/2073-4395/12/5/1207  
2. Maksat Nurbaiuly Poshanov, Shakhislam Uzakbaevich Laiskhanov, 
Zhassulan Maratovich Smanov, Serik Barmenbekovich Kenenbayev, Duman 
Toktarovich Aliaskarov, Yerzhan Rakhimkeldievich Abikbayev, Assem 
Sabitkanovna Vyrakhmanova and Aigerim Askanbek. The Effects of the Degree of 
Soil Salinity and the Biopreparation on Productivity of Maize in the Shaulder 
Irrigated Massif.// OnLine Journal of Biological Sciences, 2022, 22 (1):58.67, р. 
58-67. DOI: 10.3844/ojbsci.2022.58.67
3. А.C. Вырахманова, А. Отаров, М.О. Полатова. Содержание тяжелых 
металлов в орошаемых почвах древнеаллювиальной террасовой части 
Шаульдерского массива орошения. //Журнал Почвоведение и агрохимия, 
2017, №4, с. 48-59.  
4. A.S. Vyrakhmanova, A. Otarov, A.S. Saparov, M. Suska-Malavska, S.N. 
Duisekov, M.N. Poshanov, S.I. Tanirbergenov The ecological status of irrigated 
saline soils of the Shaulder massif of the Turkestan region.// EurAsian Journal of 
BioSciences, 2020, р. 347-354.
5. Отаров А., Ибраева М.А., Устемирова А.М., Вырахманова А.С. 
Экологическое состояние орошаемых почв и повышение 
конкурентоспособности продукции сельского хозяйства (научное 
произведение). Cвидетельство о государственной регистрации прав на объект 
авторского права. №1564, 28 декабря 2011 г.
Үкіметтік және қоғамдық наградалар:Алғыс хат, КеАҚ «Ұлттық 
аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (2022)
Подробнее
^
Жоғарыға