География, генезис және топырақты бағалау бөлімі.

1.Бөлім 1939 жылы құрылған

Бөлім басшылары: ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі Безсонов А.И. (1939-1945);  г.ғ.д., Соколов С.И. (1946-1951); а.-ш.ғ.к., АҒҚ Петелина А.М. (1951-1956); а.-ш.ғ.к., АҒҚ Стороженко Д.М. (1956-1968); а.-ш.ғ.к., АҒҚ Колходжаев М.К. (1968-1970); ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі Ө.О. Оспанов (1971-1977); а-ш.ғ.к., АҒҚ Евстифеев Ю.Г. (1977-1990); а-ш.ғ.к., АҒҚ Абдыхалыков С. Д. (1990-1995); б.ғ.д. Давлятшин И.Д. (1995-1996); 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін б.ғ.к. Пачикин К.М.

Республикадағы топырақтық зерттеулер дамуының әртүрлі кезеңдерінде зертхана ҒЗЖ тақырыбына сәйкес төмендегідей аталды:

1939-1945 жж. – топырақ сектором;

1946-1956 жж. – топырақ географиясы бөлімі;

1956-1977 жж. – топырақ географиясы және генезисі бөлімі;

1977-1990 жж. – топырақ географиясы және картографиясы зертханасы;

1991-1995 жж. – топырақ генезисі, географиясы және жіктелуі зертханасы;

1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін - география, генезис және топырақты бағалау бөлімі.

1946-1956 жылдары топырақ географиясы бөлімімен бірге топырақ генезисі бөлімі (меңгерушісі. г-м.ғ.к. Глазовская М.А.; г.ғ.д. Соколов С. И.) және 1966-1977 жж. – топырақ  картографиясы бөлімі (меңгерушісі а.-ш.ғ.к., АҒҚ Евстифеев Ю.Г.) дербес жұмыс істеді. Кейіннен олар ыдыратылып, топырақ географиясының негізгі бөлімімен біріктірілді.

Бөлім жұмыс істеген уақытта 4 докторлық және 27 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

3. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары 

- топырақ жамылғысының қалыптасуының кеңістіктік заңдылықтарын зерттеу;

- топырақтың морфогенетикалық ерекшеліктерін, олардың генетикалық мәнін анықтау;

- топырақтың жіктелуін және жүйеленуін әзірлеу; 

- топырақ пен топырақ жамылғысының географиялық-генетикалық және аймақтық-провинциялық ерекшеліктерін зерттеу; 

- ғарыштық ақпарат материалдарын пайдалана отырып ГАЖ технологиялары негізінде топырақ-картографиялық жұмыстарын жүргізу;

- экожүйелерге антропогендік әсердің өсуі жағдайында топырақ пен топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау.

4. Бөлім ұсынатын қызметтер:

- топырақты пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жөніндегі ұсыныстар бере отырып, оларды жақсарту жөніндегі шаралармен топырақ және тақырыптық карталарды (әртүрлі масштабтағы топырақ карталары, тозу карталары, топырақтың агроөндірістік топтасу карталары) жасай отырып, топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау.

5.Негізгі жетістіктері

 Бөлім қызметкерлерімен Мемлекеттік бағдарламалар жобалары бойынша келесі ғылыми зерттеулер жүргізілді:

 «Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының таулары мен тау алды жазықтарының топырағы», «Солтүстік Тянь-Шань таулары мен тау алды жазықтар мен тауаралық аңғарларының топырағы мен топырақ жамылғысы» бөлімі бойынша, 1981-1985 жж.

Қазақстан аумағының аймақтық топырақ карталарын жасау «Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның (Жетісу полигоны) топырақ картасын жасау» бөлімі бойынша, 1986-1990 жж.

«Қазақстанның шөлді аймағы мен таулы облыстарының топырағы және топырақ жамылғысының географиялық-генетикалық және аймақтық-провинциялық ерекшеліктерін зерттеу», 1991-1993 жж. Осы кезеңде Қытай топырақтанушыларымен «Қазақстан мен СҰАА (ҚХР) аридтік аумақтарын топырақтық-географиялық зерттеу және оларды тиімді пайдалану мен қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу» тақырыбы бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.

 «Топырақтың генетикалық ерекшеліктері және Қазақстанның биоалуантүрлілігіне әсері», «Қазақстанның шөл аймағы мен таулы облыстарының топырақтары мен топырақ жамылғысын жіктеудің географиялық-генетикалық ерекшеліктері» бөлімі бойынша», 1994-1996 жж.

  «Қазақстанның топырағы мен топырақ жамылғысы, генетикалық ерекшеліктері, қалыптасу және таралу заңдылықтары, қазіргі жағдайы, бағалау, тиімді пайдалану және қорғау», «Оңтүстік Қазақстанның топырағы мен топырақ жамылғысы: генетикалық ерекшеліктері, қалыптасу және таралу заңдылықтары, қазіргі жағдайы (Жамбыл облысы мысалында)», бөлімі бойынша, 1997-1999 жж.

 «Қазақстанның аридтік облыстарының топырақ жамылғысын картографиялау принциптері мен антропогендік трансформациясын зерттеу әдістері», 2000-2002 жж.

Далалық зерттеулер, ғарыштық түсірілім материалдары негізінде және ГАЖ-технологияларды қолдана отырып, 1:500000 масштабтағы Жетісу (Алматы облысы) және Жамбыл облысының топырақ карталарының компакт-дискілерде электронды нұсқалары жасалды және жарияланды.


Жоба:«Антропогенезге байланысты Қазақстанның таулы облыстары топырағының генезисі, құнарлылығы және экологиясы мәселелері, «Қазақстанның оңтүстік-шығысының топырақ-ақпараттық жүйесі» бөлімі, 2003-2005 жж

Жоба: «Жамбыл облысының топырақ-ақпараттық жүйесі» 2006-2008 жж


1:500 000 масштабатағы Алматы облысының 

(Жетісу) топырақ картасы

1:500 000 масштабатағы Жамбыл 

облысының топырақ картасы


Құрылған топырақ деректер қоры мен топырақ картасы, топырақ бонитет балының картасы негізінде, Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстары топырақтарының морфогенетикалық, физикалық-химиялық қасиеттері зерттелді.


Жоба: «Қазақстанның қуаң облыстарының жер ресурстарын бағалаудың заманауи әдістері (Қарағанды облысы мысалында)», 2006-2008 жж

Аумақтың топырағы мен топырақ жамылғысының қалыптасу заңдылықтары зерттелді. ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, ғарыштан суретке түсіру және далалық зерттеулер материалдарының негізінде 1:100000 масштабтағы жобалық аумақтың топырақ картасы жасалды. Топырақтың тозуының негізгі факторлары анықталды, топырақтың бұзылу критерийлері әзірленді. Топырақ жамылғысының қазіргі жағдайының картасы, топырақ бонитеті балдарының картасы, жерді агроөндірістік топтастыру картасы жасалды.

Топырақты тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді



Жоба:«Каспий маңы мұнай өндіретін аймақтарының топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау»; 2009-2011

Ғарыштық суреттерді дешифрлеу негізінде Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Каспий маңы аймағының (1: 500 000) және тестілік учаскенің (1:10 000) топырақ карталары және топырақ жамылғысының тозу карталары жасалды. Топырақ картасы мен топырақтың тұрақтылығын бағалау және бағалау шкалаларының негізінде топырақтың антропогендік әсерлерге төзімділігінің карталары және бонитет балдары жасалды.



Жоба:«Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайын бағалау», 2009-2011


Сырдария өзенінің сол жақ және оң жақ жағалауындағы ежелгі аллювиалды жазықтарда орналасқан суармалы алқаптарды, сондай-ақ Батыс Тянь-Шань тау алды жазықтарында орналасқан тәлімі егіншілік аумақтарын қамтитын Оңтүстік Қазақстан облысының қарқынды ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аумақтарының топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы зерттелді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде белгіленген тестілік учаскелер (3*300 мың га) шегінде топырақтың қалыптасуының негізгі заңдылықтары анықталды, антропогендік әсерлер кезінде топырақтың өзгеру ерекшеліктері зерттелді.
Жүргізілген зерттеулердің негізінде 1:500000 масштабтағы Оңтүстік Қазақстанның топырақ картасының электрондық нұсқасы жасалды. Аумақтың топырағын бағалау үшін бағалау шкаласы жасалды және Қазақстанның оңтүстігіндегі топырақ бонитеті балдарының картасы жасалды. Аумақты табиғи аудандастыру сызбасы жасалды.


Оңтүстік Қазақстанның топырақ картасы

Жоба: Шығыс Арал маңының  ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайын бағалау», 2012-2014 гг.

Солтүстік-Шығыс Арал маңының егіншілік және жайылымдық өңірлерінің антропогендік трансформация үрдістерінің туындау дәрежесі бойынша неғұрлым типтік топырақтарының қазіргі жағдайы зерттелді. MapInfo Professional ортасында геоақпараттық технологияларды қолдана отырып және ғарыштық суретке түсіру материалдары мен далалық зерттеулер мәліметтерін пайдалана отырып, негізгі учаскелердің топырақ карталарының заманауи электрондық нұсқалары жасалды. Топырақтың тозу критерийлері мен факторларын ескере отырып, топырақтың антропогендік трансформациясын картографиялау қағидаттары мен тәсілдері әзірленді, топырақтың тозу карталарының электрондық нұсқалары жасалды.


Учаскелердің орналасу картасы

Арал теңізінің құрғаған табанының топырақ картасы және бір бөлігінің топырағын пайдалану ықтималдығы картасы

Солтүстік-Шығыс Арал маңының топырақ картасы және топырақ жамылғысының тозу картасы


Сырдария өзенінің қазіргі атырауының бір бөлігінің топырақ картасы және топырақтың тозу картасы

Жоба: «Қызылорда облысының мұнай өндіруші өңірлерінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау», 2012-2014 жж.

Зерттелетін аумақтың топырағының морфологиялық және физикалық-химиялық қасиеттері зерттелді, топырақ жамылғысының қалыптасу заңдылықтары сипатталды, топырақтарға сипаттама берілді; бағдаржолдық далалық зерттеулер жүргізілді, топырақ жамылғысының морфологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу және тозу дәрежесін бағалау үшін топырақ үлгілері алынды және талданды; эксперименттік учаскенің және іргелес аумақтардың топырақ картасы жасалды; топырақтың бұзылу критерийлері әзірленді және тозу картасы жасалды; зерттелетін учаскенің бағалау шкаласы әзірленді және топырақ бонитеті балдарының картасы жасалды; топырақтың әртүрлі антропогендік әсерлерге тұрақтылығының шкаласы әзірленді, топырақтың механикалық әсерлерге және мұнай-химиялық ластануға тұрақтылығының карталары жасалды. 

Топырақ картасы        

Топырақ деградациясы картасы

Жоба: «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы және тау алды аудандарындағы топырақ эрозиясын кеңістіктік модельдеу, 2015-2017 жж., мемлекеттік тіркеу №0115РК00991. (055 «Ғылыми және /немесе ғылыми-техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы; Басымдық: «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу»).
Жобаның негізгі мақсаты ГАЖ платформасы аясында USLE әдіснамасын қолдана отырып, топырақтың ықтимал эрозиясын анықтау. Қашықтан зондтау кескіндерін және ГАЖ ішіндегі қарапайым интерфейсті пайдалануды қоса алғанда, алынған қол жетімді мәліметтер негізінде топыраққа су эрозиясы қауіп төндіретін аймақтар анықталды және эрозияның қаупі картасы жасалды. Қашықтықтан зондтау нәтижелерін ГАЖ-да USLE моделін қолдана отырып біріктіру орындалды:
Геостатистикалық әдіс – кригингті  қолдана отырып, жауын - шашынның эрозиялық факторы (R коэффициенті) есептеледі, зерттелген топырақтың эрозиясына жауын-шашынның ықтимал әсерінің картасын жасалды.
Топырақ сипаттамаларына (органикалық заттардың мөлшері, механикалық құрамы, топырақ түрі) негізделген топырақтың эрозиялану факторы (K коэффициенті) анықталды. 
LS топографиялық факторын есептеу үшін DEM (digital elevation model) моделі жасалды. Қашықтықтан детекциялау (анықтау) көмегімен қадағаланатын және қадағаланбайтын жіктеуді қолдану және осы факторды қорытынды картаға интеграциялау арқылы жерді пайдалану факторы (С коэффициенті) есептелді. USLE моделін пайдаланып эрозия қарқындылығының кеңістіктік таралуын талдау арқылы зерттелетін аумақтың эрозиясының қорытынды картасы дайындалды және талданды.
Зерттелетін аумақта топырақ субстратымен микроэлементтердің тасымалдануын анықтау үшін есептеулер жүргізілді және карталар жасалды. Зерттелген микроэлементтер: мырыш (Zn); кадмий (Cd); кобальт (Co); мыс (Cu); қорғасын (Pb) және никель (Ni).


Топографиялық фактордың кеңістіктік таралуы және топырақтың орташа жылдық шығыны

ҒТБ О.0683 «Қайраңда мұнай кен орындарын игеруге байланысты Каспий теңізінің жағалауы топырақтары мен суларының жағдайын экологиялық бағалау және жағалау аймағын мұнаймен ластанудан биологиялық тазарту тәсілін әзірлеу. Жоба: «Каспий теңізі жағалау аймағының топырақ жамылғысын экологиялық бағалау» 2015-2017 жж.
Зерттеудің мақсаты: Каспий теңізі жағалауы аймағы топырақ жамылғысының қазіргі жағдайына кешенді баға беру; топырақтың тозу үрдістерін анықтау.
Зерттеу нысаны Жайық өзенінің қазіргі атырауына іргелес аумақтағы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы  бөлігінің топырағы мен топырақ жамылғысы болып табылады.
Далалық бағдаржолдық зерттеулер нәтижесінде топырақ үлгілері алынды (384). Тестілік учаскеде 81 кескін, 18 сипаттау нүктелері салынды. Алынған топырақ үлгілерінің морфологиялық және физикалық-химиялық қасиеттері зерттелді. Алынған үлгілерге талдау жүргізіліп, топырақ деректер қорына ақпарат енгізілді. 
Алынған материалдарды өңдеу нәтижесінде 1: 100 000 масштабтағы Жайық (Орал) өзенінің қазіргі және ежелгі атырауының бөлігі шегінде Каспий теңізінің солтүстік жағалауының топырақ картасы жасалды. Сипатталатын аумақтың топырағының тозу дәрежесін бағалау үшін топырақтың тозуын бағалаудың негізгі параметрлері мен критерийлері әзірленді. Бағалау шкаласы жасалды. 1:100 000 масштабтағы Каспий теңізі жағалауы аймағының тозған топырақтарының электрондық картасы жасалды. 1: 100 000 масштабты бонитет балдарының картасы жасалды.
Сипатталатын аумақ топырағының тұрақтылық дәрежесін бағалау үшін топырақ тұрақтылығын бағалаудың негізгі параметрлері мен критерийлері әзірленді. 1:100 000 масштабтағы Каспий теңізінің жағалауы аймағы топырақтарының тұрақтылығының электрондық карталары жасалды.


Каспий теңізі жағалауы аймағының топырақ картасы және топырағының тозу картасы

ҒТБ О.0709: «Қазақстанның топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. 2015-2017 жж. 
Жоба: «Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайын бағалау (Жетісу жотасының тау алды жазықтары мысалында)», Мемлекеттік тіркеу: №0115РК02030. («АӨК және табиғат пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» 212 бюджеттік бағдарламасы)
Жетісу жотасының тау алды жазықтарындағы егіншілік және жайылымдық аймақтарының антропогендік трансформация үрдістерінің көріну дәрежесі бойынша неғұрлым типтік топырақтың қазіргі жағдайы зерттелді: тың және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын топырақтардың негізгі физикалық-химиялық және морфологиялық қасиеттері, антропогендік факторлардың әсерінен топырақта болатын үрдістер.
MapInfoProfessional ортасында геоақпараттық технологияларды қолдану және ғарыштан түсірілген материалдар мен далалық зерттеулер мәліметтерді пайдалану арқылы негізгі учаскелердің топырақ карталарының заманауи электрондық нұсқалары жасалды. 1:100 000 масштабта тестілік учаскенің қолданбалы (топырақтың тозуы, жердің агроөндірістік топтастырылуы) карталары жасалды.


Жетісу жотасының суармалы егіншілік аумақтарының топырақ картасы және топырақ жамылғысының тозу картасы

Жерді агроөндірістік топтастыру картасы

ҒТБ О.0908 «Түркістан облысының суармалы тұзданған топырақтарының мәселелері және оларды топырақ құнарлылығы мен өнімділікті арттырудың инновациялық технологиясын қолдану негізінде шешу», 2018-2020 жж. Мемлекеттік тіркеу № 0118ҚР01380 (267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша)
Суармалы алқап аумағында пилоттық шаруашылықтарда тұзданған топырақтардың құнарлылығын және жүгерінің өнімділігін арттыру технологиясын қолдануға репрезентативтік аумақтарды таңдау үшін, жалпы ауданы 92,0 мың га, 1:100000 масштабтағы топырақ карталарын, топырақтың тозу карталарын және бонитет балдарының карталарын құрастыра отырып, үш учаскеге шолып тексеру жүргізілді. Топырақтың морфологиялық, химиялық, физикалық және физика-химиялық қасиеттері зерттелді, топырақтың деректертер базасы құрылды.

Шәуілдір суармалы алқабының топырақ кескіндері мен үлгілері алынған орындардың орналасуы


Шәуілдір алқабының орталық бөлігінің топырақ картасы және топырақтың тозу картасы


Шәуілдір алқабының орталық бөлігінің топырақ бонитеті балдарының картасы

ҒТБ О.09013 «Нақты егіншілікті жүзеге асыру үшін инновациялық агротехнологиялық парк құру». Блок 3. «Топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологиясын енгізу (биоорганикалық тыңайтқыштар)», 2018-2020 жж.
Жұмыс барысында далалық зерттеулер жүргізілді, топырақтың морфологиялық, химиялық және физика-химиялық қасиеттері зерттелді, 4800 га аумаққа, «Оңтүстік» Агропаркінің топырақ картасының электрондық нұсқасы жасалды (масштабы 1 :25000), топырақ деректер қоры жасалды және құрылымы әзірленді. 


 «Оңтүстік» агропаркінің топырақ картасы

Қазіргі уақытта бөлім қызметкерлері О.0946 ҒТБ-да үш міндет бойынша жұмыстар атқаруда
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету», 2021-2023 жж. Мемлекеттік тіркеу №0121РК00718. (267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша).
2-міндет Қазақстанның жеміс аймақтарының бау-бақшаға жарамды жерлерінің картасын әзірлеу 
3-міндет Қазақстанның батпақтанған және тұзданған жерлерінің деректер қорын құру
5-міндет Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жайылымдық алқаптарды оңтайлы пайдалану.
Халықаралық жобалар
INTAS жобасы «Жетісуда қола және ерте темір ғасырында көшпелі қоғамдардың қалыптасу процестері. Экологиялық және археологиялық зерттеулер». № 97-2220. 1999-2000 ж.
INTAS жобасы «Қазақстанда қазіргі және тарихи уақытта жерді және ирригацияны пайдалануды геоархеологиялық зерттеулер». № 0-0699. 2002-2006 жж.
ҒЭҚ- БҰҰДБ жобасы  «Батыс Тянь-Шаньның биологиялық әртүрлілігін қорғау». 2001-2003 жж.
INTAS жобасы «Қазақстандық Арал маңындағы табиғи-экономикалық ресурстарды дамыту жөніндегі зерттеулер», №1072, 2002-2004 жж. 
ҒЭҚ - БҰҰДБ жобасы «Қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде басым жаһандық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды кешенді сақтау» KAZ/00/G37 (00013215) 2004-2005 жж.
Зерттеудің мақсаты: жобалық аумақтың жер бетілік және аква экожүйелерінің экологиялық жағдайын бағалау; экожүйелерді кеңістіктік таралу моделін құру (1: 200 000 масштабтағы экожүйелер картасы); әр түрлі дәрежедегі ЕҚТА кеңейту (құру) бойынша табиғи-ғылыми негіздемені әзірлеу; аумаққа мониторингтік бақылаулар жүргізу үшін және сирек кездесетін негізгі түрлерді зерттеу үшін учаскелерді таңдау болып табылады.




Дүниежүзілік банктің «Қуаң жерлерді басқару» жобасы. № PPG TF 024116. 2004-2009 жж.
Топырақтың физика-химиялық қасиеттері туралы мәліметтер алынды, өсімдіктердің жер асты және жер үсті бөліктеріндегі көміртегі мөлшері анықталды.
Ғарыштық түсірілім және далалық  жұмыс материалдарының негізінде жоба аумағының 1:200000 масштабтағы топырақ картасы жасалды. Көміртегі бойынша аналитикалық мәліметтер негізінде жоба аумағындағы топырақтардағы көміртегі қорлары есептелді және абсолютті (т) және салыстырмалы (т/га) мәндердегі топырақтардағы көміртегі қорларының картасы жасалды.
опырақтар мен өсімдіктердегі көміртегі қорларының өзгеруіне мониторинг жүргізу үшін, негізгі учаскелер таңдалып алынды, онда көміртегі қорларының өзгеруіне мониторинг жүргізу жүйесі ұйымдастырылды. 




Келісім-шарт бойынша жұмыстар

1. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» «ЕРМ Евразия» ЖШС, 2018 жылғы 28 мамырдағы келісім-шарт №0457363 - 01.

2. «Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің қоршаған орта мен халық денсаулығының жағдайын кешенді бағалау». 11.09.2019 ж., № 91 келісім-шарт

3. «2030 жылға дейін пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе мыс компаниясы» БФ ЖШС қалдық шаруашылығы құрылыстарын қайта жаңарту» нысаны бойынша өнеркәсіптік алаң аумағында топырақ-мелиоративтік іздестіру», 2019 жылғы 13 тамыздағы келісім-шарт №АМК-162-3/19.

Бөлім орындаған аса маңызды топырақ жұмыстарының ішінде ұсақ масштабты облыстық топырақ карталары мен КСРО Мемлекеттік топырақ картасының қазақстандық парақтарын; тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіндегі колхоздар мен мемлекеттік жер қорлары аумағының ірі масштабты топырақ карталарын, әкімшілік облыстардың орта масштабтағы карталары және Қазақ КСР топырағының көп бояулы шолу карталарын; 1:500000 масштабты Жетісу және Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық топырақ карталарын жасағанын атап көрсету қажет

«Қазақ КСР топырақтары» көп томдық монографиясы, түрлі табиғи аймақтардың топырақ жамылғысының кешенді сипаттамасы бойынша арнайы карталар мен монографиялар сериясы дайындалды және жарық көрді, Қазақстанның жазық аумағындағы топырақтардың жүйесі мен диагностикасы жасалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық атласында топырақ картасы, Қазақстанның жазық аймақтарын топырақ-географиялық аудандастыру және табиғи-мелиоративтік аудандастыру картасы (М 1:500000), 2010 жарияланды; табиғи және техногендік қауіптер мен төтенше жағдайлар қатерлерінің Атласында: «Топырақ эрозиясы және дефляциясының қауіптілігі», «Топырақ жамылғысының шөлейттену қаупі», «Шөлейттену қаупі» карталары (М 1:500000); Маңғыстау облысының Атласында: «Топырақ» және «Топырақтың тозуы» карталары жарияланды.

Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің Үлкен атласында 1:8000000 масштабтағы топырақ картасы және «Топырақтар» мақаласы жарияланды, 2008 жыл

Бөлім қызметкерлерімен көпжылдық зерттеулерінің нәтижелері бойынша 217 ғылыми жұмыс жарияланды.

Байланысу үшін мәліметтер: 

Пачикин Константин Михайлович.

Email kpachikin@yahoo.com

тел. +7727-269-47-48

моб. тел: +7 701 716 66 06

^
Жоғарыға