«Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Республикамызда топырақтану және агрохимия ғылымдары саласының іргелі және қолданбалы зерттеулерімен айналысатын ғылыми мекеме.
Институттң кадрлық саясатын жүзеге асырудағы негізгі міндеттері:
- ҚР еңбек заңдылығында қарастырылған, қызметкерлердің міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету;
- Кадр саясаты аясында қабылданған кәсіподақ, ішкі тәртіптің типтік ережелерін және басқа құжаттардың қағидаларын сақтау;
- Қызметкерлерге өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіншілік беру;
- Кәсіби тәжірибені сақтау және арттыруды қамтамсыз ету, оны жас мамандарға тәлімгерлік жүйесі арқылы табыс ету;
- Нәтижеге түйінделген, ашық және әділ еңбек ақы жүйесін қалыптастыру;
- Жас мамандардың кәсіби дамуын ұйымдастыру;
- Әлеуеті жоғары жас қызметкерлердің жетекшілік қызметке тағайындалуына мүмкіндік беретін дамуын қамтамасыз ету;
Институт қызметкерлері арасынан негізгі қызметтерге жоғарылаудың «ішкі өсу» стратегиясын қолдану.
Институттың кадрлық саясатының негізгі мақсаты-бұл бүкіл ұжымның игілігі үшін тиімді жұмыс істейтін және әрбір жеке қызметкерге ыңғайлы кәсіби команданы қалыптастыру.