Безсонов (Бессонов) Андрей Иванович
(27.04.1875-28.02.1962)

Безсонов (Бессонов) Андрей Иванович топырақтанушы-географ, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1946), Қаз КСР ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері (1945). Қазақстан топырағының алғашқы зерттеушісі және Қазақ КСР ҒА Топырақтану институтын ұйымдастырушылардың бірі. Топырақтанудың негізін қалаушы В. В. Докучаевтың соңғы замандасы. Бүкілодақтық Топырақтану қоғамы Қазфилиалының тұрақты төрағасы. Іле және Жоңғар Алатауы топырақтарының тік аймақтану сызбаларының авторы. 

Бессонов А.И. Нижний Новгородта (Ресей) дүниеге келген. Санкт-Петербург университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1898). Самара губерниялық земствосында жұмыс істеді (1899-1907). 1907 ж. С.С. Неуструевпен бірге Түркістан-Сібір темір жол магистралін бойлай жобаланған Семей-Сергиополь-Верный (қазіргі Алматы) желісімен Қазақстанның топырағын зерттеуді бастады. 1908-1914 жылдары К.Д. Глинканың басшылығымен көші-қон басқармасы ұйымдастырған Қазақстан аумағын топырақ зерттеулеріне тікелей қатысты. 1915-1917-Жетісу топырақ-ботаникалық экспедициясын басқарды. 1921-1938-меңгерушісі. Самара АШИ Топырақтану кафедрасында, Еділ бойындағы ұйымдарда ғылыми қызметкер болды.

1939 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамында А.И. Бессоновтың басшылығымен 8 топырақтанушыдан тұратын топырақ секторы құрылды, ол республикадағы топырақты зерттеудің негізгі орталығына айналды. Жас қазақстандық ғалымдар жүргізген топырақ зерттеулері ауыл шаруашылығының ғылыми негізін қамтамасыз етті және сол арқылы топырақ ғылымының қалыптасуына маңызды үлес қосты.

А.И. Бессоновтың жетекшілігімен 1939 жылдың жазында сектор қызметкерлері Қарағанды облысының Жезқазған ауданындағы Кеңгір өзені бассейнінің топырақ картасы жасалған алғашқы топырақ экспедициясын жүзеге асырды.

Ол Іле және Жоңғар Алатауының таулы жүйелерін, Іле ойпатын қамтитын Семей, Верный, Жаркент және Верный уездерінің үлкен аумағын, Қазақстан мен Самара губерниясының топырақтарын алғашқы зерттеуші. Ол осы аумақтардың топырақ-географиялық сипаттамасын жүргізді, топырақты және олардың жіктелуін сипаттады, жер жамылғысының қалыптасуының маңызды заңдылықтарын ашты, алғаш рет топырақтың тік зоналылығының сызбасын берді. Ол Жетісу облысының топырақтары туралы деректерді жүйелеп, жинақтады, бұрынғы Семей облысының көптеген уездерінің едәуір бөлігіне топырақ карталарын жасады. Тау бөктеріндегі шөлді-дала аумағының аймақтық түрі сұр топырақтар – Жетісу мен Орта Азия үшін топыақтардың жалпы түрі екенін анықтады.

Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің шыңы (3900 м) мен мұздығына оның есімі берілген. "КСРО мұздықтар каталогынан" алынған ақпараттарға сәкес, мұздық Кора өзенінің бассейнінде (Қаратал саласы) орналасқан. Бұл бассейіндегі мұздықтардың ең үлкені, келесі координаттар бойынша орналасқан: 44053' с.е., 79026 ' ш.б. Мұздыққа 1909 жылы оны алғаш рет сипаттағаны және өлшемдерін алғаны үшін А.И. Безсоновтың еңбегінің белгісі ретінде оның есімі берілген. Мұздыққа атау 1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, географ, гляциолог-Н.Н. Палговтың ұсынысы бойынша берілген.

Бессонов А.И. 100-ге жуық жарияланымдардың авторы. Олардың негізгілері: "Семей – Верный темір жолының жобаланған желісі бойындағы топырақтар" (1908); "Самара губерниясының жерлерін бағалауға арналған материалдар". (1910); "Жетісу облысының Джаркент және Верный уездерінің бөлімінің топырағы". (1910); "Жетісу облысының жер жамылғысы. Алматы" (1925); "Танаптағы топырақтарды зерттеу" (1931).

Топырақтану саласындағы еңбегі үшін Құрмет Белгісі орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, КСРО Ғылым академиясы Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

^
Жоғарыға