Кітапхана 1976 жылы 4 ақпанда құрылған. 25 мың бірліктен асатын кітапхана қоры Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлттық кітапханасының негізгі базалық қорынан, мерзімді топырақ, экологиялық және агрохимиялық әдебиеттерден, диссертациялық жұмыстар мен авторефераттар қорынан, анықтамалық, КСРО, Кеңестік Қазақстан және Қазақстан Республикасының энциклопедиялық материалдарынан тұрады.
Қорда жаратылыстану ғылымдары бойынша сирек кездесетін, құнды ғылыми кітаптар, сондай-ақ XIX-XX ғасырлардағы ерте кезеңдегі ғалымдар мен зерттеушілері А.И. Безсонов, У. У. Успанов, В. М. Боровский, К. Ш. Фаизов, В. М. Кан және А. С. Сапаров институтқа сыйға тартқан классикалық топырақ әдебиеттері бар.
Кітапхана қорында іргелі ғылыми еңбектер бар: Қазақ КСР топырағы – 16 том, Қазақстан топырағының құнарлылығы – 7 том, ҚазКСР ҒА Топырақтану институтының еңбектері – 21 том, Топырақтану, Агрохимия, экология және т.б. бойынша ғылыми журналдар, сондай-ақ 70 жылдан астам уақыт ішіндегі республикалық ғылыми баспалардың журналдары кіреді.
Түпнұсқаларды сақтау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, институтта кітапхана қорын сандық және электрондық форматқа өткізу, яғни кітап, журнал және басқа да құжаттарды электрондық нысанға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Ғылыми кітапханада бір оқу залы.
Кітапхана ғылыми қызметкерлерге, ЖОО-ң студенттеріне қызмет көрсетеді:
жұмыс күндері
Дүйсенбі –Жұма 9.30 -17.30 дейін; үзіліс 13.00 - 14.00 дейін.
Сенбі, Жексенбі – демалыс.
Айдың соңғы жұмыс күні – санитарлық күн.