Сапаров Абдулла Сапарұлы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), ҚР ауылшаруашылық ғылым Академиясының академигі (2009), ҚР ауылшаруашылық ғылым Академиясының вице-президенті (2017), ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі (2017), ҚР ҰҒА академигі (2020), РҒА СБ құрметті ғылым докторы (2009), «Топырақтанушылар, агрохимиктер және экологтар қоғамы» ҚБ төрағасы (2008), Қазақстандағы агрохимияның негізін қалаушылардың бірі.
Сапаров Абдулла 1949 жылы 21 мамырда Қазақ КСР Шымкент (қазіргі Түркістан) облысы, Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қақпақ ауылында (Қызыл-таң колхозы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1966 жылы Өзбек КСР Ташкент облысы, Чирчик қаласында М.Әуезов атындағы №17 орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Чирчик трансформатор зауытының токарь шәкірті, аспаптық цехтың слесарі болып бастады, кейінірек Қызыл-таң колхозында малшы болып жұмысын жалғастырды.
1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), агрохимия және топырақтану факультетін бітірген.
Абдулла Сапарұлы Сапаров ғылыми - зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастап Ө.О.Оспанов атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Бас директорына дейінгі ғылыми жолдан өтті.
Ғылыми зерттеулері тыңайтқыштарды қолдану жүйесі, топырақтың құнарлылығы мен дақылдардың өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі суармалы күңгірт қарақоңыр топырақтарында көкөніс дақылдарының азотты және фосфорлы қоректенуін оңтайландырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін әзірледі.
Көпжылдық ғылыми зерттеулердің деректері негізінде Абдулла Сапарұлы 1985 жылы кандидаттық (Мәскеу) және 1997 жылы докторлық (Алматы) диссертация қорғады. 1990 жылы оған аға ғылыми қызметкер (06.01.04 – агрохимия) және 1998 жылы профессор (06.01.00 – Агрономия) дәрежесі берілді.
А. С. Сапаровтың басшылығымен топырақ қорлары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану саласында, топырақтың қалыптасу заңдылықтары мен топырақ үрдістерінің өзгеруін және топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын зерттеу бойынша, ГАЖ технологиялары негізінде топырақ карталарын жасау; топырақты топырақ-мелиоративтік және топырақ-экологиялық жағдайын бақылау мен бағалау және мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жағдайын тексеру бойынша, топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілді
Институтта алыс және жақын шетелдермен халықаралық қатынастар қарқынды дамыды. Ол алыс және жақын шетелдердің ғылыми-зерттеу институттарымен (ICARDA, ҚХР, Польша, Германия, Жапония, АҚШ, Түркия, Сербия, Ресей, ФАО, ХҒТО және ТМД көптеген ҒЗИ және ЖОО) өзара тиімді ынтымақтастық орната алды. Жыл сайын оның басшылығымен табиғи және жерқорын тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-кеңестер, дала күндері және дөңгелек үстелдер өткізілді.
20 жылдан астам уақыт бойы А.С. Сапаров «Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымының хабаршысы», «Жаршы», «Қазақстан ғылымының жаңалықтары», «Агрохимия және агроэкология мәселелері», «Егіншілік», «Құнарлылық», «ҚР ҰҒА жаңалықтары, аграрлық сектор», «Омбы мемлекеттік университетінің Хабаршысы» және т. б. журналдардың редакциялық алқасының мүшесі болды.; ҚР АШМ ҒТК егіншілік, өсімдік және орман шаруашылығы секциясының мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Биологиялық зерттеулер орталығы" ҒТК мүшесі, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ ҒТК мүшесі, тәуелсіз сарапшы, Ұлттық ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, «Орталық Азияның өндірістік жағдайында су қоры мен топырақ құнарлылығын тиімді басқару арқылы ауылдағы әлеуметтік жағдайларды басқару» (ИКАРДА); және «Орталық Азияда жер қорын тұрақты басқару бойынша зерттеулер» (SACILM–ИКАРДА). жобаларының ҚР ұлттық үйлестірушісі болды. Табиғи қорды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу басым бағыты бойынша «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ҒТК төрағасының орынбасары (2014 - 2017 ж.), «ҚР АӨК тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша ҒТК (2018 ж. бастап), «Топырақтану және агрохимия» журналының бас редакторы (2008 ж. бастап), «Топырақтану, Агрохимия және экология қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2008 ж. бастап), «Агрохимэкодостастығы» төралқасының мүшесі Мәскеу (2006 жылдан бастап), Түркия, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан (2010 жылдан бастап)елдерінде Халықаралық Топырақтану қоғамының тең төрағасы, Әзірбайжан Топырақтану қоғамының мүшесі (2012 жылдан бастап), Еуразиялық топырақ серіктестігінің мүшесі, Мәскеу (2013 жылдан бастап), ФАО жаһандық топырақ серіктестігінің мүшесі, ИКАРДА басқару комитетінің мүшесі (2014 жылдан бастап).
Сапаров Абдулланың көп жылдық зерттеулерінің нәтижелерінде 500-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 130 шетелдік басылымдарда, 20 монография, кітаптар мен оқулықтар (8-і шетелде шығарылған), 25 ұсыныстар жарық көріп, 27 инновациялық патенттер мен авторлық куәліктер алынды.
А. С. Сапаровтың жетекшілігімен 5 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 10 магистр дайындалды.
Сапаров А. Көптеген үкіметтік және қоғамдық марапаттауларга ие: "Қазақстан Даңқы" ордені (2013), «Құрмет» ордені (2014), ҚХР Тянь-Шань сыйлығының (СУАР) лауреаты (2014), «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» ҚБ құрметті ардагері (2015), медальдар: «Еңбек ардагері» (2016), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Құрметті ардагер» (2016), «Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің Құрметті азаматы» ордені (2016), «Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» стипендиаты (2000-2001),. аграрлық ғылым саласында А.И. Бараева атындағы сыйлықтың лауреаты (2001), ҚР АШМ құрмет грамотасы (2008 ж.), ҚР ҰҒА Құрмет грамотасы (2015, 2016 ж.), Кремльдегі Қызыл Ту жанында суретке түсуге лайық табылған (Мәскеу қ., 1976 ж.).ҚазКСР ХШЖК 1 дәрежелі Диплом (1976), Қазақстан Республикасы халық шаруашылығы жетістігінің көрмесі дипломы (1978 ж). «Д.Н. прянишников атындағы Бүкілресейлік агрохимия ғылыми-зерттеу институтының құрметті агрохимигі" медалі (2007), «Академик А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл" естелік медалі (2008), "Орталық Азия мен Закавказье құрғақ аймақтарындағы ауыл шаруашылығын зерттеудің халықаралық орталығына 10 жыл" медалі (2009), Убсу-Нұр Аймағының құрметті азаматы (Моңғолия) (2010). «Су шаруашылығының ардагері» белгісі (2014), Митчерлих академиясының академигі, Германия (2017), РҒА агробиотехнология ҒЗО СФ құрмет грамотасы (2017).