АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
 
«ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
 
«Ө.О. ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС






АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2025 жылдың 27-29 тамызында өтетін Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.  

 

 

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тиімді пайдалану;
  2. Мелиорация мен тұзданған топырақтарды басқарудағы инновациялық шешімдер;
  3. Топырақ экологиясы және биологиясы: топырақ экожүйелерінің саулығы; 
  4. Топырақтанудағы сандық шешімдер;
  5.  Топырақтағы көміртекті секвестрлеу және тұрақты егіншілік.

Конференция жұмысына қатысуға: ғылыми-зерттеу және оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының білім алушылары және басқа да қызығушылық танытатын  тұлғалар шақырылады.

 

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Достық даңғылы 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі. 

Конференцияға қатысу түрі: 

- тікелей қатысу - пленарлық және секциялық мәжілістерде баяндамалар, стендтік баяндамалар;

- Сырттай қатысу - баяндама «Zoom» платформасын пайдалана отырып, онлайн-трансляция арқылы (сілтеме электрондық пошта арқылы жіберіледі);

- конференция жұмысына қатыспай мақала жариялау

 

Тікелей және сырттай қатысу кезінде баяндамашыларға электронды түрдегі сертификат беріледі, ол конференция өткізілген күннен бастап бір ай ішінде өтінімде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген ғылыми баяндамалардың жинағы жарық көреді.

Жинақтың PDF форматтағы электронды нұсқасы 2025 жылғы 30 қыркүйектен кейін  «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сайтына орналастырылады (https://soil.kz/), сондай-ақ конференция қатысушыларына өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Жариялауға жіберілген материалдардың түпнұсқалығы 70% - дан төмен болмауы тиіс. Мақаланың түпнұсқалығын (плагиатқа қарсы жүйелер) өзіңіз тексеруден өткізіп, өтінімді толтыру кезінде анықтаманы қоса аласыз.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

 

Маңызды күндер:

- қатысуға тіркеу картасы 2025 жылдың 31 мамырына дейін қабылданады.

- 1-қосымшаға сәйкес рәсімделген материалдар 2025 жылғы 10 тамызға дейін қабылданады.

Өтінім мен материалдар конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекенжайына confsoilkz@mail.kz поштасына жіберіледі немесе https://soil.kz/podat zayavku.html сілтемесіне өтуге болады. 

Электрондық пошта тақырыбы – Конференция, тіркелген файл атауы – бірінші автордың тегі және ғылыми бағыттың нөмірі (мысалы: конференция_ХХХХ_Иванов_2).

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті авторларды хабардар ете отырып, баяндалған ережелерге және конференцияның негізгі тақырыптық бағыттарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференция туралы қосымша ақпаратты конференция сайтынан алуға болады

https://soil.kz/konferencija/80-informacionnoe-pismo.html   

 

Ұйымдастыру жарнасын төлеу.

Мақала авторлары ұйымдастыру жарнасын 13500 теңге (30 доллар) мөлшерінде төлейді, ол конференция материалдарының жинағына мақаланы жариялауды, конференцияға қатысушы пакетін, кофе-брейк, фуршетті қамтиды. Конференция бағдарламасына Алматы қаласы бойынша экскурсия енгізілген.

Ұйымдастыру жарнасын келесі деректемелер бойынша төлеуге болады:

Теңге (KZT)

«Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 

БСН 071240019657, 

БСК HSBKKZKX, «Қазақстан халық банкі» АҚ, 

ЖСК KZ676010131000107574

Кбе 17

Алматы қ.әл-Фараби даңғ., 75 В, Тел. +7 727 2694733

АҚШ доллары (USD) 

Beneficiary: LLL «U.Uspanov Kazakh Research Institute of Soil Science and Agrochemistry».

Beneficiary Bank name: JSC HALYK BANK, ALMATY KZ,

Bank address: Almaty А26M3K5, Kazakhstan

SWIFT: HSBKKZKX

Beneficiary Account: KZ616010131000109234

Corresponding Banks: 

THE BANK OF NEW YORK MELLON

SWIFT: IRVTUS3N 

Corresponding Account: 8900372605

Ұйымдастыру жарнасын төлегеннен кейін төлем туралы түбіртекті сканерлеп, төлем жасалған қызметті көрсете отырып, ұйымдастыру комитетінің поштасына жіберу қажет.

Қонақ үйді брондау:

Қонақ үй брондау қажет болған жағдайда конференцияға қатысушылар келесі сілтемені пайдалана алады: https://kazakhstanhotel.kz/, электрондық мекен-жайы: reservation1@kazakhstanhotel.kzsales2@kazakhstanhotel.kz., Тел. +7 (727) 291 96 00 - брондау бөлімі, 09:00-18:00; +7 (727) 291 91 01 – тәулік бойы

Конференцияға қатысушылар үшін нөмірлерді брондауға 20% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін брондау кезінде «Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару» конференциясының қатысушы екеніңізді хабарлау қажет.

Жол жүру және тұру шығындары іссапарға жіберуші  ұйымның есебінен.

 

 

  1 Қосымша 

 

«Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушысының (ларының)

ТІРКЕЛУ КАРТАСЫ 

 

ТАӘ (толықбірінші автордың

 

Мемлекет

 

Ғылыми дәрежесі

 

Лауазымы 

 

Жұмыс орны (толық атауы)

 

Жұмыс орнының мекенжайы (индексімен)

 

Телефон 

 

Электронды почта (e-mail)

 

Мақаланың атауы

 

Конференцияның тақырыптық бағытының атауы

 

Қатысу түрі: 

- баяндамамен тікелей қатысу / баяндамасыз (постер);

- баяндамамен онлайн форматта қатысу / баяндамасыз; 

- тек мақаланы жариялау.

 

Қонақ үйді брондау қажеттілігі (Иә / Жоқ)

 

 

Материалдарды жариялауға қойылатын талаптар

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында, «Times New Roman» шрифтінде, 12 кегльде, жоларалық интервал 1,0, абзац шегінісі – 1,25 см, жиектер барлық жағынан30 мм, А4 форматындағы қағазда (210х297 мм) терілуі керек.

Мақалаларда ӘОЖ классификаторы болуы керек (әмбебап ондық классификация). Мақалада 150-200 сөзден тұратын аннотация және түйінді сөздер (3-5 сөз/сөз тіркестері) міндетті түрде болуы керек.

Материалдар мәтінінің көлемі 6 бетке дейін, оның ішінде суреттер, кестелер, сызбалар және әдебиеттер тізімін қоса алғанда.

Суреттер мен кестелер мәтінде сілтемелерден кейін орналастырылады және ретімен нөмірленеді. Кестенің нөмірі мен атауы кестенің үстіндегі сол жақ жиекке тураланады. Суреттің нөмірі мен атауы суреттің астына және ортасына тураланады. Суреттер мен графикалық материалдар тұнықтығы кемінде 300 dpi болатын, *jpg форматындағы жеке файлдар түрінде беріледі.

Мәтіндегі әдебиеттерге сілтемелер, олардың әдебиеттер тізіміндегі сандарына сәйкес келетін тік жақшада сандармен көрсетіледі – [3, 6]. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында орналастырылады; 1 жолдан кейін бас әріптермен (шрифтті ерекшелеп белгілемей), ортасына тураланып: ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ сөзі жазылады. Төменде, бір интервалдан кейін мәтінде кездесетін дереккөздерге сілтемелер тізімі ретімен көрсетіледі. 

 

Постерлік баяндамаларға қойылатын талаптар: Постер тік форматта болуы керек (ені: 600 мм және биіктігі: 900 мм).

Корреспонденция үшін мекенжай:

050060, Қазақстан, Алматы қ.әл-Фараби даңғ. 75 В, 

Тел./Факс: +7 (727) 269 47 33; 

Институт сайтыhttps://soil.kz/

Конференция сайтыhttps://soil.kz/konferencija/80-informacionnoe-pismo.html 

Ұйымдастырушының байланыс телефондары (мақалалар мен өтінімдерді қабылдау): Жумагулова Молдир Кайрболатовна

моб. тел. +7-747-429 50 46; жұмыс тел.: +7-(727) 302-09-32

 

 

 

Материалдарды рәсімдеу үлгісі

 

ӘОЖ 631.45

1 бос жол 

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

1 бос жол 

Сидоров Е.А.1, Петров П.П.

бос жол 

1Ұйымның атауықаламемлекет атауы, e-mail 

2Ұйымның атауықаламемлекет атауы, e-mail 

бос жол

Түйін 

Түйінді сөздер 

бос жол 

КІРІСПЕ, МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР, НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ, ҚОРЫТЫНДЫ немесе ТҰЖЫРЫМДАР, РИЗАШЫЛЫҚ немесе АЛҒЫС БІЛДІРУ (қажет болған жағдайда), ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (бар болса) 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сивохип Ж.Т., Павлейчик В.М., Чибилёв А.А., Падалко Ю.А. Региональные угрозы устойчивого водопользования в трансграничном бассейне реки Урал // Водные ресурсы. 2017. Т. 44, № 4. С. 504-516.

2. Мячина К.В. Геоэкологические аспекты оптимизации степных ландшафтов в условиях разработки нефтегазовых месторождений. М.: Медиа-Пресс, 2020. 216 с.

 

REFERENCES

1. Sivokhip Zh.T., Pavleichik V.M., Chibilev A.A., Padalko Yu.A. Regionalnye ugrozy ustoichivogo vodopolzovaniya v transgranichnom basseine reki Ural // Vodnye resursy. 2017. T. 44, № 4. S. 504-516.

2. Myachina K.V. Geoekologicheskie aspekty optimizatsii stepnykh landshaftov v usloviyakh razrabotki neftegazovykh mestorozhdenii. M.: Media-Press, 2020. 216 s.

^
Жоғарыға