Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімі
Бөлім топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің базасында өзіндік бөлімше ретінде бірнеше рет қайта құралып ұйымдастырылды:
1954 г. – топырақтарды мелиорациялау бөлімі және мелиоративтік болжау зертханасы; 
1966 г. – суармалы топырақтарды мелиорациялау зертханасы; 
1991 г. – суармалы топырақтардың құнарлылығы және мелиорациялау зертханасы; 
1995 г. – топырақ процестерін моделдеу бөлімі; 
2008 г. – Топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің құрамындағы топырақтарды мелиорациялау секторы;  
2013 г. – тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімі. 
1966-1969 жылдары бөлімді республикамызға танымал мелиоратор, а-ш.ғ. кандидаты Егоричев Г.А, 1969 жылдан 2004 жылға дейін ҚР ҰҒА академигі Аханов Ж.У., 2004-2008 жылдары оның шәкірті а-ш.ғ. докторы Кан В.М., 2008 жылдан 2019 жылға дейін биология ғылымдарының кандидаты Отаров Ә. басқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі кезге дейін тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімін PhD Пошанов М.Н. басқарады.
Бөлімде 5 ғылыми қызметкер бар, олардың ішінде 1 PhD доктор, 4 магистр. Бөлімдегі жас ғалымдар үнемі біліктіліктерін арттырып отырады.
Пошанов М. Топырақтану, агрохимия және экология саласындағы жетекші маман. Жұмыс бағыты: жоба аясындағы зерттеулерге ғылыми, әдістемелік және практикалық басшылық ету. 6D080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша PhD дәрежесі бар және «Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі. Саладағы жұмыс тәжірибесі 11 жылды құрайды, оның ішінде топырақтың тұздану мәселелерін шешу және оларды жақсарту үшін инновациялық технологияларды енгізу бар. 38 ғылыми жұмыстың авторы және тең авторы, оның ішінде ҚР ҒЖБМ БҒСБК ұсынған басылымдарда 15, өндіріске 1 ұсыныс, импакт-факторы бар 7 мақала (Web of Science & Scopus), h-индексі-4.
2014 жылы ИКАРДА базасында (Ташкент қ.) климаттың өзгеруін программамен моделдейтін SWAT симуляциялық моделімен жұмыс жасау бойынша тағлымдамадан өтті. 2017 жылы ФАО қолдауымен және ТАИ ҰҒО жүзеге асыруымен «А.Н. Соколовский атындағы топырақтану және агрохимия институты» Ұлттық ғылыми орталығында тұзданған топырақтарды басқару бойынша тренигтен өтті. 2019 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтында ILWIS 3.2 бағдарламасымен ғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеуден өткізу бойынша тағлымдамадан өтті. 
Дүйсеков С.Н. докторант, 2014 жылы ИКАРДА орталығында «Білімдерді басқару» жобасының ИСЦАУЗР 2-ші фазасының шеңберінде «Орталық Азияда Жер ресурстарын тұрақты басқару (УУЗР) пакеттерін алға жылжыту үшін сәйкестік карталарын әзірлеу» семинарына қатысып ArcGIS бағдарламасымен ГАЖ ортасында жұмыс жасау шеберлігін дамытты. 2015 жылы Мәскеу қаласында В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтында (Ресей)  ILWIS 3.2 бағдарламасымен және Үрімші қаласында Экология және география институтында (Қытай) ENVI бағдарламасымен ғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеуден өткізу бойынша тағлымдамадан өтті. 
Мұсаева Қ.К. 2024 жылы ҚазҰАЗУ доктарантураға түсті.
Әсімжанов Н.С. 2018 жылы ҚазҰАУ магистратураны бітірген.
Заріп Закір 2024 жылы ҚазҰАЗУ магистратураны бітірген.
 
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары 
-  топырақ жамылғысының суармалы және техногендік ластануы жағдайында топырақ түзілу үрдістерінің теориялық және қолданбалы мәселелері 
-  аумақтарды мелиоративтік және экологиялық бағалау және аудандастыру.
-  суармалы топырақтардың құнарлылығын арттыру және тұзданған және ластанған топырақтарды мелиорациялау технологиясының ғылыми негіздерін жасау.
- топырақ-экологиялық және топырақ-мелиоративтік ақпараттық жүйелерін (ГАЖ) жасау, 
-  республиканың суармалы алқап топырақтарының мелиоративтік жағдайын бақылау мен бағалаудың ғарыштық технологиясы. 
- суармалы топырақтардың мелиоративтік жағдайына мониторинг жүргізу ғарыштық әдісінің ғылыми негіздерін жасау.
- топырақтың тұздану дәрежесін ірі масштабты сандық картаға түсірудің ғарыштық әдісін әзірлеу.
- ғарыштық әдіс пен цифрлық картографияны қолдана отырып топырақтың тұздануының көпжылдық динамикасының зерттеу әдістерін әзірлеу.
 
Бөлім ұсынатын қызметтер
- егістіктерге топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық және топырақ-агрохимиялық зерттеулер жүргізу, оларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар беру.  
 
Бөлім қызметкерлері жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері:
- Іле мен Шу өзендерінің аңғарларындағы жерлерді суландыруға негіздеу үшін мелиоративтік және гидрогеологиялық зерттеулер мен олардың режимін зерттеу. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес Шу өзенінің аңғары мен Іле өзенінің атырауында 125 мың га суармалы аумақта жобалар әзірленіп, инженерлік-мелиоративтік жүйелер салынды;
-  Еділ мен Жайық өзені аралығындағы алқаптарды суландыруды негіздеу үшін топырақты мелиорациялау және гидрогеологиялық зерттеулер мен олардың режимін зерттеу. Жайық өзенінде Орал-Көшім суару жүйесі салынды;
- Тас-Өткел суармалы алқабында вертикальды дренаждың тиімділігін зерттеу. Жалпы шығыны 30 л/с құрайтын 133 тік ұңғымалар салынды, дренажды мелиоративтік әсер Шу өзенінің сол жағалауында 20 мың га, сол жағалауында 10 мың га аумақты қамтыды. Қант қызылшасын өсіру үшін 75 мың га суармалы жер игеріліп, оның тауарлық өндірісі жолға қойылды;
- Қазақстанның оңтүстігіндегі минерализацияланған дренаж суларын суару үшін пайдалану кезінде топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың технологиялық негіздерін әзірлеу. Аумағы 50 мың га құрайтын Қарадала және Ақсуат суармалы алаптары игерілді;
- Шу өзенінің төменгі ағысындағы жерлерді суландыру және шаруашылыққа игеру бойынша топырақ-мелиоративтік шараларды әзірлеу. 50 мың гектар алқапта жайылымы бар мал шаруашылығы базасы құрылды;
- Қазақстанның оңтүстігінің биологиялық егіншілігінің ғылыми негіздерін әзірлеу. Қазақстанда алғаш рет Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында стационарларда биологиялық егіншіліктің технологиясын жасау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді;
 - Қазақстанның тау бөктерлері мен шөлдеріндегі суармалы жерлердің құнарлылығын арттырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Топырақ құнарлығын арттырудың принциптері мен технологиялық жолдары әзірленді;
- темекі өсіретін аймақта нашар дамыған сұр-қоңыр топырақтардың құнарлылығын арттырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Алғаш рет темекі егетін жұқа қабатты сұр-қоңыр топырақтардың құнарлылығын арттыру технологиясын жасау үшін далалық тәжірибе жұмыстары жүргізілді;
- Қазақстандағы маусымдық суға бастырылатын күріш топырақтарының тозуы мен фитосанитарлық жағдайын зерттеу және олардың құнарлығын арттырудың ғылыми негіздері мен практикалық шараларын жасау. Қазақстанның маусымдық суға бастырылатын күріш топырақтарының тозуына әкелетін негізгі факторлар және осы процестегі фитосанитарлық жағдайдың рөлі анықталды;
- күріш топырақтарының құнарлылығын қайта қалпына келтірудің технологиялық негіздерін әзірлеу. Күріш топырақтарының құнарлылығын қайта қалпына келтірудің физика-химиялық басымдықтары мен технологиялары анықталды;
- Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы топырақтардың құнарлылығын қайта қалпына келтірудің функционалдық моделдерін әзірлеу. Алғаш рет жаңа материалдар мен ресурс үнемдейтін технологиялар негізінде суармалы топырақ құнарлығын доминантты белгілер бойынша (азот айналымы) қайта қалпына келтірудің функционалдық моделі әзірленді;
- экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында күріш алқаптарында топырақ құнарлығын жақсарту және сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу. Топырақтың қазіргі кездегі мелиоративтік жағдайына бағалау жүргізілді, топырақ карталары мен мәліметтер базасы құрылды, топырақ құнарлығын арттыру және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін алу бойынша ұсыныстар берілді;
- топырақтың тұздану дәрежесі мен ғарыштық түсірілімдердің спектрлік қасиеттері арасындағы байланыстың заңдылықтарын зерттеу негізінде топырақтардың тұздануын ірі масштабта зерттеудің жедел әдісін әзірлеу;
- екіншілік тұзданған «тастанды» жерлерді мелиорациялаудың ғылыми негіздерін әзірлеу.
- ірі масшабты тұздық түсірілім жүргізудің жедел әдісінің ғылыми негіздерін әзірлеу және суармалы топырақтардың тұздану дәрежесінің карталарын жасау (Ақдала суармалы алқабы мысалында);
- суармалы алқаптың топырақ-мелиоративтік ақпараттық жүйесін (ГАЖ) құрылымын әзірлеу және құру;
- екіншілік тұзданған суармалы топырақтардың тиімді құнарлылығын, күріш дақылының өнімділігін және күрішті өңдеу өнімдерінің сапасын арттыру үшін жаңа көпфункционалды супербиостимуляторды қолданудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін әзірлеу;
 
Ұсыныстар әзірленді:
- оптималды мөлшерде өнім ала отырып күріш алқаптарындағы тұзданған топырақтарды алдын ала сумен шаймай мелиорациялаудың сараланған технологиялары (Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары);
- егістік жерлерді ауыр металдармен ластанудан тазарту шаралары;
- ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан, пайдаланылмайтын және өнімділігі төмен топырақтарды игеру, құнарлылығын арттыру әдістері.
 
Бөлімде атқарылған жобалар: 
Дүниежүзілік банк және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» конкурстық гранттар жүйесі шеңберінде жүзеге асырылған жобалар.
2008-2012 жылдары Дүниежүзілік банктің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасының конкурстық гранттар жүйесі бойынша екі жоба іске асырылды.
2008-2012 жж. «Күріш агроценоздарының қазіргі топырақ-экологиялық жағдайын бағалау және экологиялық таза өсімдік шаруашылығы өнімдерін алу технологиясының ғылыми негіздерін әзірлеу». Ғылыми жетекшісі, Топырақ құнарлылығын мониторингі бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А. Жобаның бенефициарлары Алматы облысы, Балқаш ауданы «Агрофирма Өтес» ЖШС және «Байменей» ЖШС.
2010-2012 жж. «Екіншілік тұзданған суармалы топырақтардың тиімді құнарлылығын, күріш дақылының өнімділігін және оның өңделген өнімдерінің сапасын арттыру үшін жаңа көп функционалды супербиостимуляторды қолданудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін әзірлеу». Ғылыми жетекшісі, Топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А. Жобаның бенефициары Алматы облысы Балқаш ауданы «Био-Азия» ЖШС.
№019 «Инновациялық тәжірибені тарату және өндіріске енгізу бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар.
2013-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және өндіріске енгізу бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша үш жоба жүзеге асырылды.
2013 жыл. «Оңтүстік Қазақстан облысының топырақтарында жүгерінің тұзға төзімділігін арттырудың агромелиоративтік шаралары». Ғылыми жетекшісі – Тұзданған топырақты мелиорациялау бөлімінің ЖҒҚ, б.ғ.к. А.Мамонов.
2014 жыл. «Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің 1-ші ауыспалы егіс аумағының ағымдағы топырақ-мелиоративтік жағдайын бағалау. Ғылыми жетекшісі Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А.
2016 жыл. «Тұзданған топырақтардың құнарлылығын арттыратын инновациялық технологияны өндіріске енгізу және фермерлерге технология негіздерін үйрету». Ғылыми жетекшісі Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А.
Мердігерлік жұмыстар (шаруа қожалықтарымен және басқа тапсырыс берушілермен шарт бойынша орындалатын жобалар) 
2010-2011 жж. «Ақдала суармалы алқабы жағдайында «Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышының күріш дақылының өніміне әсерін сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
«Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышының әртүрлі концентрациядағы 
2011. «Қызылорда облысы Шиелі мемлекеттік сорт сынау учаскесінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
Қызылорда облысының Шиелі мемлекеттік сорт сынау учаскесінің топырақтарының негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану бойынша ұсыныс әзірленді.
2012 жыл. «Тұмар» ЖШС топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
Топырақ жамылғысының қазіргі жағдайына баға берілді. «Тұмар» ЖШС топырақ құнарлығын арттыру және мәдени дақылдардан жоғары өнім алу үшін қажетті тыңайтқыштардың дозасын есептеді.
2013 жыл. «Эдагум СМ» препаратының ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін Ақдала суармалы алқабы жағдайында сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
2014 жыл. «Күріш өсіру кезінде шымтезек негізінде түйіршікті қоспаны (НИСАБА) тәжірибеде сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
2016-17 жылдар. «РЗА-Агро» ЖШС топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
Халықаралық жобалар:
2003-2006 жылдар. Халықаралық жоба: “Coordination of scientific activities towards elaboration of common strategy for environmental protection and sustainable management in Syr-Darya River Basin, in Uzbekistan and Kazakhstan”. Жобаның Қазақстандық бөлігінің жетекшісі б.ғ.к. Отаров А. 
2007-2008 жж. Халықаралық негіздемелік жоба: «Жер ресурстарын тұрақты басқару бойынша зерттеулер» Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының (ICARDA, Сирия) грантымен, Жобаның Қазақстандық бөлігінің жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
2010-2011 жыл. «Орталық Азиядағы агроэкожүйелердің климаттың өзгеруінің теріс әсерлеріне қатысты осалдығын бағалау – жаздық және күздік бидай өсіру және өнімділігі» халықаралық жобасы. Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының гранты (ICARDA, Сирия). Жобаның қазақстандық бөлігінің ғылыми жетекшісі, б.ғ.к. Отаров А 
Аталған жоба нәтижелері бойынша ғылыми мақала жарияланған болатын http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0167880913002168
2013-2015 жж. Германияның Ауыл шаруашылығы федералды агенттігі (BLE) және Ауыл шаруашылығы Федералдық министрлігі (BMELV) гранты бойынша «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін топырақ сапасын, дақылдардың өнімділігінің әлеуетін және су ресурстарын үнемдеуді бағалау әдістерін әзірлеу» халықаралық жобасы. Лейбниц ауылшаруашылық ландшафтарын зерттеу орталығымен бірге (Мюнхеберг, Германия).
Жоба Қазақстан мен ЕО ғалымдары арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Жоба жұмыстарының нәтижелері бойынша Novel Measurement and Assessment Tools for Monitoring and Management of Land and Water Resources in Agricultural Landscapes of Central Asia атты ұжымдық монаграфияның ішінде ғылыми мақала жарияланды (http://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-319-01017-5_41).
2014-2016 жж. Халықаралық жоба: CACILM 2-фазасы шеңберінде Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының (ICARDA, Сирия) гранты бойынша «Білімдерді басқару» жобасы, 3-компоненттік қазақстандық бөлігінің ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
Жоба жұмыстарының қортындысы бойынша видеоклип жарияланды https://www.youtube.com/watch?v=2e6avQVTrVw&feature=youtu.be
2014-2016 жж. «Жалаң мия (Glycyrrhiza glabra L.) өсімдігін пайдалана отырып тұзданған топырақтарды биологиялық мелиорациялау әдісін әзірлеу» халықаралық жобасы. Қытай Ғылым академиясының Экология және география институтымен бірлесіп атқарылды. Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.
Ауыл шаруашылығында пайдаланудан шыққан екіншілік тұзданған топырақтарды биологиялық мелиорациялау әдістерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нысаны – Ақдала алқабының сортаң топырақтары.
2014-2017 жж. «Күрішті тамшылатып суару тәсілін әзірлеу және оның топырақтың қасиеттеріне әсері» халықаралық жобасы Қытай Ғылым академиясының Экология және география институтымен бірлесіп атқарылды. Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А. 
Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты күрішті тамшылатып суару әдісін әзірлеу және оның топырақтың негізгі қасиеттеріне әсерін зерттеу. Зерттеу нысаны – Ақдала суармалы алқабының тұзданған топырақтары. 
2016-2018 жылдар. «Алюмосиликаттардан баяу әсер ететін тыңайтқыш алу әдісін жасау» халықаралық жобасы. Жетекші институт Армения Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы және бейорганикалық химия институты (Армения).
 
- 2013-2015 жж. ҚР БҒМ ГҚ «Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы алқаптар топырағының тұздану динамикасын зерттеу» (№0115РК01013).
Зерттеу нысаны Шәуілдір суармалы алқабының топырақтары болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – Шәуілдір суармалы алқабының ақпараттық жүйесін жасау және соның негізінде топырақтардың тұздану динамикасын зерттеудің космостық тәсілін әзірлеу. 
Жұмыс дәстүрлі топырақтарды зерттеудің жер бетілік тәсілдерімен де, космостық тәсілдерімен де жүзеге асырылды.
QuickBird, Pleiades 1А/1В, LANDSAT TM5 ксомостық түсірілімдерінің спектрлік қасиеттері мен суармалы топырақтардың электрөткізгіштігі арасындағы байланыстарды зерттеу негізінде, аталған байланыстың космостық түсірілім жүргізу мерзіміне тәуелді екендігі анықталды. Зерттеу нысанында күзгі маусымда космостық түсірілім жүргізгенде тек жүгері астындағы топырақтың 50-100 см (QuickBird) қабаты үшін және жүгері егісінің астынғдағы топырақтардың 20-50 см (Pleiades 1А/1В), 50-100 см (LANDSAT TM5) қабаттары үшін статистикалық шынайы байланыс анықталды. Қалған тереңдіктер үшін топырақтардың тұздануын автоматты түрде дешифрлеу үшін регрессиялық үлгі құрастыруға мүмкіндік болмады. Бұл жағдайды тек космостық түсірілім мерзімін таңдау арқылы ғана түзетуге болады, бұл осындай зерттеу жұмыстардың ары қарай жалғасуына негіз болуы мүмкін.
Landsat ТМ5 космостық түсірілімдерінің көпжылдық мұрағатын аймақтың топырақтарының тұздану динамикасын талдауға паудалануға болады, бірақ тек қана сапасы және анықтық деңгейі жоғары түсірілімдерді пайдалану керек. Бұл сандық регрессияларды құрастыру үшін топырақтарға далалық жағдайда зерттеу жүргізген жылдарда алынған түсірілімдерді пайдалану керектігімен байланысты. Ал аталған сенсормен алынған соңғы түсірілімдер 2001 жылдың соңында ғана алынған. Топырақтардың тұздану динамикасындағы өзгерістерді анықтау үшін түсірілім жасалған маусымда алынған сурет пен кейінгі жылдардағы түсірілімдерді талдау керек, бұл топырақтардың тұзадануының детектрлеуге өсірілетін дақылдың типінің әсерін алып тастайды. 
Жүргізілген талдау 1987 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Шәуілдір суармалы алқабы топырақтарының тұздануы артқандығын көрсетті, күшті тұзданған топырақтардың үлесі 4 еседен асып кеткен. 
Қолдану саласы – ауыл шаруашылығы.



Сурет 1 – 1987-1988 жылдардағы топырақтың тұздануы – сол жақта және 2009-2010 жылдардағы топырақтың тұздануы – оң жақта (1 – тұзданбаған, 2 – әлсіз тұзданған, 3 – орташа тұзданған, 4 – күшті тұзданған).



 Сурет 2 – 1987 жыл мен 2010 жылдар аралығындағы топырақ тұздануының динамикасы

2015-2017 жж. – ҚР АШМ МҚ «ГИС қолдану арқылы суармалы топырақтардағы ауыр металдар мен органикалық ластағыштардың құрамын мониторингілеу және топырақтың ластағыштарға қатысты қорғаныш қасиеттерін арттыру әдістерін әзірлеу» (№0115РК02027).
Зерттеу нысаны Шәуілдір суармалы алқабының топырақтары болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты Шәуілдір суармалы алқабының ақпараттық жүйесін (ГАЖ) жасау және топырақтардағы ауыр металдардың мөлшерін бағалау, алқаптағы көңіл бөлінуге тиім металдарды анықтау болып табылады.
Жұмыс топырақтарды зерттеудің дәстүрлі жербетілік тәсілдерімен, ГАЖ және топырақтарды цифрлік картографиялау әдістерін қолдана отырып жүзеге асырылды. 
Алынған нәтижелер: - Cd жер қабығының кларкынан айтарлықтай жоғары болуымен ерекшеленді, және ол 19,5±0,28 тең болды. Ажыр қабатында Pb және Cu ең көп жинақталған, олардың жинақталу коэффиценті сәйкесінше 1,3±0,23 және 1,3±0,02  тең. . Миграция қарқындылығы бойынша Cd және Pb ерекшеленді, лардың Рх сәйкесінше 54,2±2,82 и 33,3±1,36 тең. Қауіптілік коэффиценті бойынша экологиялық қауіпті ауыр метал Ni болып табылады, оның қауіптілік коэффиценті 1,8±0,020 тең. Сондықтан біз бұл металды үнебі бақыланып тұруға тиісті приоритетті металдардың қатарына қосуды ұсынамыз. 
- алқаптың аумағында Zn мөлшері бойынша негізінен зерттелген аумақтың 67,8% алып жатқан 5-ші топтың топырақтары басым. Cu бойынша сәйкесінше 25,9 және 37,5 пайызды алып жатқан 3-ші және 2-ші топтың топырақтары басым. Ал Pb бойынша керсінше, осы металдың мөлшері төмен 2-ші топтың топырақтары басым, ол 52,7% жерді алып жатыр. Cd мөлшері бойынша 5-ші топтың, ал Ni бойынша 4-ші топтың топырақтары басым, олар сәйкесінше зерттелген аумақтың 70,2 және 42,2 пайызын алып жатыр. Алып жатқан контурдың саны бойынша (алалығы) Cu, Ni және Cd ерекшеленді, олардың сәйкесінше 166, 133 және 128 контуры анықталды.
- алқаптың топырақтарында екі метаболит ДДТ – ,4ʹ-дихлордифенилхлорэтан (DDE) және 4,4ʹ- дихлордифенилтрихлорэтан (DDT) салыстырмалы жоғары мөлшерімен (бірақ РШК аспайды) ерекшеленді, олардың шамасы 1 кг топырақта сәйкесінше 40,4±9,0 және 21,0±3,43 мкг құрады.
- бентонит сазы қолданған дозасына байланысты жүгерінің маңызды ең бөлігі – дәніне никельдің түсуін 15,8-26,3%-ға төмендетеді. Жүгерінің басқа бөліктері – сабақтары мен жапырақтары үшін де осындай заңдылық тән. 
Қолдану саласы экология және ауыл шаруашылығы.

                           







   
















Сурет 3 – Шаульдер суармалы алқабы топырағындағы ауыр металдардың (Zn,Cu,Pb,Cd,Ni) жылжымалы түрлерінің картасы.

2015-2017 жж. – ҚР АШМ МҚ «Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс-Түркістан суармалы алқабы мысалында суармалы топырақтардың сортаңдануын жергілікті мониторингілеу технологиясын әзірлеу және оны апробациядан өткізу» (№0115РК02034).
Зерттеу нысаны – Арыс-Түркістен суармалы алқабының топырақтары. 
Жұмыстың мақсаты – ғарыштық түсірілімдердің спекрлік қасиеттері мен топырақтардың тұздануымен байланысын анықтау және оның негізінде топырақтардың тұздану картасын жасау және тұзданған топырақтарға желілік мониторинг жүргізудің әдісін әзірлеу. 
Зерттеу әдістері: дәстүрлі жербетілік және ғарыштық әдістер.
Алынған нәтижелер: - Landsat 8 OLI түсірілімдерінің спектрлік сипаттамаларын және дақылдардың фотосинтетикалық белсенділігін (биомассасын) жүгері мен мақта егістіктерін дешифрлеу үшін пайдалануға болады. Түсірілім жүргізген сәтте дақылдардың жасыл массасы мүмкіндігінше максималды болуы маңызды болып табылады. 
- LANDSAT 8 OLI ғарыштық түсірілімінің пикселдерінің ашықтық сипаттары мен топырақтардың иондық-тұздық құрамының байланысын топырақтардың тұздану карталарын жасау үшін қолдануға болады. Каналдардың сурет реңдерін, олардың арақатынасы және бірқатар вегетациялық индекстерді пайдалана отырып зерттеу нысаны топырақтарының қабаттар бойынша тұздану дәрежесінің карталары жасалды.
- Төрткөл алқабы аумағында олардың көлемі 14,3% (0-20 см) тереңдеген сайын 23,8% (50-100 см) дейін арта түскен, яғни аталған алқаптың аумағыныың топырақтарында тұздардың шайылу процесі бастапқы сатыда деген сөз. Ал Ескі Иқан алқабының аумағында тұзданған топырақтардың максималды (36,5%) үлесі 0-20 см қабатқа тиесілі, ал минималды үлесі 29,6% топырақтың 50-100 см қабатында, яғни аталған алқаптың аумағында топырақтардың екіншілік тұздану процесі  дамыған.
- жасалған карталар мен жербетілік түсірілім контурларының сәйкестігі топырақтың 0-20 см қабаты үшін 76,6%, 20-50 см қабаты үшін – 78,1% және 50-10 см қабаты үшін 67,2%-ды құрады. Топырақ қабаты тереңдеген сайын жасалған карта мен жербетілік түсірілімнің сәйкестігі төмендейтіндігі анықталды. Аталған әдістемені суармалы алқап топырақтарының тұздануына желілік мониторинг жүргізу үшін пайдалануды ұсынамыз.
Қолдану саласы – ауыл шаруашылығы.


Сурет 4 – Арыс-Түркістан суармалы алқабы топырағының тұздану деңгейінің картасы (Төрткүл және Ескі Иқан профильдерінің деректері бойынша)
Сурет 5 – Егістіктерді дақылдар бойынша автоматты жіктеу нәтижесі (сол жақта Ескі Иқан, оң жақта Төрткүл)

- 2015-2017 жж. ҚР БҒМ ҒҚ (Ғылыми қор) «Ғарыштық әдістерді қолдана отырып, Іле өзенінің қазіргі атырауы топырағының тұздануының көпжылдық динамикасын зерттеу» (№3651/ҒҚ4).
Зерттеу нысаны – Іле өзенінің төменгі ағысының топырақтары.
ҒЗЖ мақсаты – Іле өзенінің қазіргі алабы топырақтарының көпжылдық тұздану динамикасын зерттеу. 
Зерттеу әдістері: топырақтарды зерттеудің дәстүрлі жербетілік және ғарыштық тәсілдері.
Зерртеу негізінде ғарыштық түсірілімдердің жекелеген каналдарының суреттерінің реңі топырақтардың тұздануын бағалау үшін жеткілікті мөлшерде ақпарат бермейтіндігі анықталды, түсірілімдердің жекелеген каналдарының реңдері мен вегетациялық индекстердің қатынастары біршама жақсы ақпарат берді. Сыныптардың шекаралары ретінде суреттердің реңдердің мәндері бойынша ILWIS бағдарламасында есептелген квантилиялар пайдаланылды. Нәтижесінде әртұрлі дәрежеде тұзданған топырақтардың контурлары анықталды және барлық географиялық нысандар карта түрінде жинақталды. 
Картографиялық материалдың талдауы топырақтардың құрғау және тұздану процестері Топар және Жиделі арналарының желісінде және алаптың басқы бөлігінде айқын көрініс беретіндігін көрсетті. Топырақтары тұзданбаған гидроморфты ландшафттар Жиделі, Қоғалы, Іле және Арыстанды арналарының маңайында орналасқан.  Тұзданудың әртүрлі дәрежелерінің аумағын салыстырғанда, тұзданбаған топырақтардың көлемі 37 жыл ішінде 386,2 мың га немесе 41,3%-ға қысқарғандығын көрсетті. Осы кезең ішінде әлсіз және орташа тұзданған топырақтардың көлемі  сәйкесінше 2,4% және 15,7%-ға артқан. Ал күшті тұзданған топырақтардың аумағы 21,4% немесе 199,9 мың гектарға ұлғайған. Яғни қазіргі уақытта Іле өзенінің қазіргі алабының аумағында көктемгі және күзгі тасқындадың азаюынан қиын мелиоративтік жағдай қалыптасқан. Алапты ұстап тұруға және сақтауға алап аумағы бойынша судың таралуын басты араналрдағы инженерлік гидротехникалық құрылыстардың көмегімен қолдан қадағалау керек. Сонымен бірге Қапшағай су қоймасынан төмен орналасқан Кербұлақ су тоспасының құрылысының жобасын қайта қолға алу керек, ол Іле өзенінің маусымдық ағысын реттеу есебінен өзеннің суының вегетациялық кезеңде айтарлықтай тұрақты болуына жағдай жасайды.



Сурет 6 – Іле өзенінің қазіргі атырауы топырағының тұздану карталары (1979 ж. – сол жақта, 2016 ж. – оң жақта)

2018-2020 жж. – ҚР АШМ 267 БП БЦҚ «Түркістан облысының суармалы сортаңданған топырақтарының мәселелері және оларды топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологиясын қолдану негізінде шешу» іс-шарасы: «Сортаңданған топырақтардың құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәндік жүгері) өнімділігін арттыру технологиясын қолдану және фермерлерді технология негіздеріне оқыту» (№0118РК01386).
2021-2023 жж. – ҚР АШМ 267 БП БЦҚ «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» (№0121РК00718).
2022-2024 жж. – ҚР ҒЖБМ гранты бойынша «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділік процесін басқару және агрофитоценоздар топырақтарындағы азот эмиссиясын бағалау» (№0122РК00310).
2024-2026 жж. – ҚР АШМ 267 БП БЦҚ «Топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтірудің жаңа тәсілдері негізінде қарқынды егіншілікте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» іс-шарасы: «ГИС-технологиялары мен ЖЗЗ әдістерін қолдана отырып, Қоксарай су қоймасына іргелес жатқан игерілетін жердің топырақ жамылғысын және оның ерекшеліктерін зерделеу және оларды суармалы егіншілікке пайдалану бойынша ұсыныстар беру» (BR22885097).
Топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша бөлімнің қызметкерлері 200-ден астам ғылыми еңбектер жарияланды. 
 
2024-2026 жылдарға арналған ҚР АШМ Ғылыми-техникалық жобасы (ҒТП) бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар.
ҚР АШМ БНҚ 2024-2026 жылдарға арналған жобасы бойынша «Топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтірудің жаңа тәсілдері негізінде қарқынды егіншілікте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» ҒТБ, №2 міндеті Коксарай су қоймасына іргелес игерілетін жерлердің топырақ жамылғысын және оның ерекшеліктерін ГАЖ технологиялары мен Қашықтықтан зондтау әдістерін қолдана отырып зерттеу, және оларды суармалы егіншілікке пайдалану бойынша ұсыныстар беру. Жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін тұрақты арттыруға ықпал ететін қарқынды егіншілік жүйелерінде ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Бұл зерттеу Коксарай су қоймасына жақын орналасқан игерілетін жерлердің топырақ жамылғысы мен ерекшеліктерін ГАЖ технологиялары мен қашықтықтан зондтау әдістерін қолдана отырып зерттеуге бағытталған. Бұл жерлерді суармалы егіншілікке ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін тұрақты арттыруға ықпал ететін қарқынды егіншілік жүйелеріндегі ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді қолдануды қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны – Түркістан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір суармалы алабының оңтүстік бөлігі, сонымен қатар Коксарай су қоймасынан солтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан 7500 га аумақ. Бұл жер Сырдария өзеніне дейін созылып, ескі өзен террасасымен және Арыс-Түркістан суармалы алабымен шектеседі. 
Зерттеу нысаны бойынша 7500 га аумақта рекогносцировкалық зерттеу жүргізу үшін карта-негіз дайындалып, учаскелер таңдалды. Жоба іске асырылу барысында ГАЖ жүйесі үнемі жаңартылып, зерттелетін аумақтың жағдайы туралы толық мәліметтерді қамтамасыз етеді.
Зерттеу нысанынан топырақ үлгілерін алу арқылы тұздық және агрохимиялық түсірілім жүргізілді. 453 үлгісі әртүрлі тереңдіктен (0-20 см, 20-50 см және 50-100 см) алынып, Институт зертханасына жіберілді. Агрохимиялық талдаулар азот, фосфор, калий мөлшерін анықтаса, тұздылық талдауы топырақтың тұздану деңгейін (тұздардың жалпы мөлшері, натрий, магний, кальций, хлоридтер және сульфаттар) бағалайды. Физикалық-химиялық қасиеттер (механикалық құрамы, қышқылдығы pH) де анықталады. Бұл мәліметтер топырақ жағдайының толық көрінісін береді.
Сонымен қатар, зерттелетін аумақта бақылау ұңғымалары орнатылып, олар жерасты суларының деңгейі мен минералдануын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулер аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыру үшін маңызды болады.


Байланыс деректері:

Пошанов Максат Нурбаевич

E-mail: maksat_90.okkz@mail.ru 

Жұмыс телефоны.  +7 727 2455474

^
Жоғарыға