1971 жылы Институтта Н.П. Крейзоның басшылығымен ақпарат тобы құрылды. Кейіннен 1986 жылы топтан ақпарат бөлімі ұйымдастырылып, оны Н.И. Басинская басқарды, бөлім үш бағытта жұмыс атқарды: патенттік-лицензиялық жұмыс, ақпараттық, ғылыми әзірлемелерді енгізу.
ҒЗЖ-на патенттік зерттеулер жүргізу, болжамды өнертабыстарға және өнертабыстық ұсыныстарға өтінімдерді рәсімдеу, патенттік қорды қалыптастыру институттың патенттік қызметінің міндетіне кірді. 1987 жылдан бастап өнертабыстарды патенттеу және күріш өсірудің жаңа технологиясына лицензиялар сату бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.
Бөлім қызметкерлері патенттік іздестіру жүргізу кезінде (ҚазҒТАҒЗИ дисплейімен жұмыс) техникалық құралдарды кеңінен пайдаланды. Екі өнертабыстың енгізілуі шамамен 8 миллион рубльге экономикалық тиімділік берді. Бұл өнертабыстар тұзданған топырақтарда күріш өсіру жаңа технологиясының негізгі буыны болып табылады (НТОЗ). Бірқатар өнертабыстар тәжірибелік үлгілерді (зертханалық центрифуга роторы, химиялық тамызғыштарға арналған сору құрылғысы) өндіру сатысында болды.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында ақпарат бөлімі өз қызметін тоқтатты және 2008 жылы ғылыми-талдау бөлімі ретінде қайта құрылды. Бұл бөлімді әр жылдары б.ғ.к Г.А. Токсеитова (2008), а.ш.- ғ.д. М.М. Мамышев (2009), а.-ш.ғ.к. Ғ.А. Сапаров (2010-2011), А.С. Вырахманова (2012) басқарды. 2013 жылы бөлім меңгерушісі болып Г.А. Токсеитова қайта тағайындалды және қазіргі уақытқа дейін бөлімді басқаруда.
2008-2012 жылдары ғылыми-талдау бөлімі әлемдік әдебиеттерді зерделеумен және топырақ және агрохимия ғылымның қазіргі жағдайын, олардың әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы даму үрдістерін талдаумен айналысты, топырақтану және агрохимия саласындағы басым бағыттарды айқындау бойынша ұсынымдар әзірледі. Институттың ғылыми-зерттеу жұмысының басым бағыттары бойынша ғылыми әдебиеттерді іріктеді. Топырақтану, агрохимия, биология және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен жаңа технологиялар туралы арнайы ғылыми ақпараттарды жинады және өңдеді. Институттың ҒЗЖ жоспарланған тақырыптары бойынша патентке қабілеттілігіне және патенттік зерттеулер жүргізуге баға берді. Келіп түскен ғылыми мақалаларды басылымға дайындап, редакциялауды жүзеге асырды, бөлім қызметкерлері «Топырақтану және агрохимия» республикалық ғылыми журналын беттеуді және басып шығаруды жүргізді.
Бөлім қызметкерлері «Табиғи ресурстарды басқару, топырақтың жағдайы мен сапасы» Халықаралық конгресінің (Самсун, Түркия, 2010); «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қазақстанның тұрақты дамуына жол» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының (Тараз, Қазақстан, 2010) жұмыстарына қатысты.
2013 жылы ғылыми-талдау бөлімі ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі болып өзгертілді. Бөлімде қызмет атқараған қызметкерлер: Калиева Х. (2013-2014), Мамаев Д. Ж. (2013-2014), Салмухамбетова Ж. К (2014-2019), Марат С. Н. (2019-2020), Богисова Т. А. (2019-2020 жж.), Аралбаева К. А. (2008-2015) бөлімге 2022 жылы ауысты.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
«Топырақтану және агрохимия» журналын шығару;
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-мен әріптестік;
Институт қызметкерлеріне әлемнің жетекші компанияларының халықаралық дерек қорларының - Web of Science ғылыми электрондық кітапханаларына (ҒЭК) және электрондық кітапханаларына (ЭК) қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Ұсынылатын қызметтер - институт қызметкерлерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Негізгі жетістіктер мен даму перспективалары
«Топырақтану және агрохимия» журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізіміне енгізілген. 01 наурыз 2023 жылғы №152 бұйрық.
«Топырақ ресустары мен қоршаған ортаны қорғау» Халықаралық конгресін ұйымдастыру және өткізу (2018 ж.)
Басылып шығарылды:
1 ABSTRACT BOOK 10th International Soil Science Congress on "The Soil Resources and Environment Conservation". Soil Science Society of Kazakhstan Cooperation with the Federation of Eurasian Soil Science Societies (электронды беттеу: менеджер Абугалиева С.Н., ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі);
2 BOOK OF PROCEEDINGS 10th International Soil Science Congress on "The Soil Resources and Environment Conservation". Soil Science Society of Kazakhstan Cooperation with the Federation of Eurasian Soil Science Societies (электронды беттеу: менеджер Салмуханбетова Ж.Н., биология ғылымдарының магистрі).
«Орталық Азияның ауыл шаруашылығы ландшафттарындағы жер және су ресурстарын басқару, қоршаған ортаға мониторинг жүргізу үшін зерттеу мен бағалаудың заманауи әдістері» Халықаралық симпозиумын ұйымдастыру және өткізу (2019 ж.);
Іс-шараларға қатысу:
Web of Science платформасымен жұмыс істеуге арналған; Scopus Webinar For Kazakhstani Researchers ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters Scientific & Scholarly Research ресурстарын; EBSKO (2015) деректер қорын пайдалану бойынша онлайн-семинарларға;
редакторларға арналған Thomson Reuters ақпарат күніне, сондай-ақ Springer Link (2016 ж.) ресурсын пайдалану бойынша семинарларға;
семинарларда («ҰМҒТСО» АҚ): Web of Science платформасы: базалық мүмкіндіктері; Journal Citation Reports пайдалану арқылы ғылыми журналдарды іздеу және талдау; Derwent Innovation базасында патенттік ақпаратпен жұмыс; EndNote Online бағдарламасында библиографиямен жұмыс; автор және researcherlD бойынша іздеу; Journal Citation пайдалану арқылы ғылыми журналдарды іздеу және талдау; «Сапасыз журналдарға жариялауды қалай болдырмауға болады» онлайн-семинарларының жазғы сериясы; «Халықаралық журналдарда жариялау үшін мақала дайындау бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар»; «Web of Science аналитикалық мүмкіндіктері»; "Web of Science-те ұйымның бейінін құру»; Қазақстандық авторлар мен ғылыми журналдардың редакторлары үшін халықаралық мастер-класс (2017-2018 жж.). Сертификаттар алынды.
Алматы облысы әкімдігінің, «Ұлттық Агроуниверситет» КеАҚ, «Земун Поле» жүгері институтының (Сербия Республикасы) және «Будан» элиталық-тұқым шаруашылығы кәсіпорнының жыл сайынғы іс-шараларына: Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы ҚазҰАУ ОТШ тәжірибе алаңында өткізілген отандық жүгері будандарының дала күніне (2017 ж.).
«Қазақстанның ғылыми журналдарының сапасын арттыру және оларды халықаралық деректер қорында индекстеу» тақырыбындағы Қазақстанның ғылыми журналдарының редакторларына арналған (ұйымдастырушы Халықаралық Clarivate Analytics компаниясы). (2020 ж.);
3 вебинарда «Халықаралық ғылыми журналды нөлден бастап құру. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар». «Web of Science Core Collection дерекқорына кіру стратегиясын таңдау кезінде журнал редакторларының жиі кездесетін қателердің 10-дығы». «Халықаралық ғылыми журналдардың дәйексөзділігі мен сапасын жақсартуға арналған әдістемелік ұсыныстар» (2021 ж.);
Орталық Азия климаттық платформасын (ОАКП) іске қосу рәсіміне қатысу (2021 ж.);
конференцияда: «Ғылым экономикамен тоғысады - инновациялар арқылы тұрақты даму» Орталық Азиядағы аймақтық конференциялар сериясы. Бастапқы іс-шара: Қазақстанда жер ресурстарын тұрақты және тиімді басқаруға арналған инновациялар (2021);
Тұзданған топырақтар бойынша ғаламдық симпозиум (GSAS21): «Топырақтың тұздануын тоқтату, топырақтың өнімділігін арттыру» (2021)
Проект «Управление Знаниями» в рамках ИСЦАУЗР II» (ИКАРДА, 2013-2016 гг.):
«ОАЕЖРБЖБ II (Орталық Азия елдерінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі бастамасы) аясында «Білімді басқару» жобасы (ҚАХАШЗО (ИКАРДА), 2013-2016 жж.):
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ-ның «Жайнақ» эксперименттік учаскесінде: сирек шыққан жоңышқа егістіктерін құрғақшылыққа төзімді дақылдармен толықтырып өнімділігін арттырудың экономикалық тиімділігін көрсететін (2015 ж.), «Жайылымдық агроэкожүйе бойынша «жасыл» технологияларды қолдана отырып тәлімі және суармалы жерлерде жоғары өнімді жемшөп алқаптарын құру», оның ішінде «Ағынды суларды пайдалана отырып жемшөп дақылдарын өсірудің жасыл технологиясы» тақырыбында далалық семинар өткізу
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистранттары үшін «Климаттың өзгеру моделін құру және климаттың өзгеруінің ауыл шаруашылығы өндірісіне әсерін бағалау» тренингін өткізу (2015 ж., С. Тәңірбергенов);
семинарға қатысу: «Жүгері өндіру саласындағы француз тәжірибесі» Алматы облысының жүгері өсірушілеріне арналған, онда генетика прогресі және дән мен сүрлемге арналған жүгері сұрыптарын таңдауға байланысты мәселелер қаралды (2016 ж.);
семинарға қатысу: «Жүгері өндіру саласындағы Венгр тәжірибесі» (2016 ж.);
«НҰР-АГРО» ЖШС егіс алқаптарында «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында жүгері өсіру бойынша халықаралық дала күні» далалық жағдайда халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу (2016);
бөлім қызметкерлері Абугалиева С.Н., Салмуханбетова Ж.К., Д.Ж. Мамаев «Training on Video Editing organized by Knowledge Management Project in CACILM Phase II», Бішкек , Қырғызстан, 2016 ж.) жұмысына қатысуы;
Ғылыми іс-шараларға қатысу:
Еуразиялық топырақ семинары: Eurasian soil workshop “The biophysical attributes of soil quality (Самсун, Tүркия, 2013);
Далалық жағдайда халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «НҰР-АГРО» ЖШС егіс алқаптарында «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында жүгері өсіру бойынша халықаралық дала күні» (2016);
«Аграрлық ғылымның даму мәселелері мен болашағы: жастар көзқарасы» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2018 ж.).
Жоба бойынша: «Орталық Азия мен Түркияның қуаңшылыққа ұшыраған және тұзданған ауыл шаруашылығы өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» (ОАЕЖРБЖБ-2, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (БҰҰАТАШҰ), 2017 ж.);
ҚР Үкіметінің ҒЭҚ/БҰҰДБ жобасы бойынша: «Қорғалатын аумақтардың ішінде және айналасында биоалуантүрлілікпен бірлескен тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі аумақтардың тұрақтылығын арттыру» (2017 ж.);
Еуразиялық топырақ әріптестігі Ассамблеясы (EASP): БҰҰАТАШҰ Жаһандық топырақ әріптестігі, Еуразиялық топырақ әріптестігі Ассамблеясының (AESP) пленарлық жұмысының кеңесі (Г. А. Токсеитова, Ташкент, 2017 ж.);
«Шөлейттенуге қарсы күрес» Халықаралық оқу курсы, Түркия, БҰҰАТАШҰ жобасы бойынша: «Орталық Азия мен Түркияның қуаңшылыққа ұшыраған және тұзданған ауыл шаруашылығы өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» (ОАЕЖРБЖБ-2, Токсеитова Г.А., Түркия, 2018 ж.);
Жер ресурстарын тұрақты басқару, құжаттандыру және WOCAT деректер қоры саласындағы технологиялар мен тәсілдер бойынша ұлттық тренинг (2019 ж.).
«Арал теңізі алабындағы климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын бәсеңдету жөніндегі бағдарламалар» (CAMP4ASB) аясындағы Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасы және «Тәжікстанның таулы жерлеріндегі қоршаған ортаның тозуымен байланысты шығындарды бағалау» жобасы бойынша кіріспе семинар (Токсеитова Г. А., Душанбе, 2019 ж.)
Институт кітапханасы
Кітапхана 1976 жылы 4 ақпанда құрылған. Топырақтану институты кітапханасының қоры Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлттық кітапханасының негізгі базалық қорынан, мерзімді топырақтық, экологиялық және агрохимиялық әдебиеттерден, диссертациялық жұмыстар мен авторефераттар қорынан, КСРО, Кеңестік Қазақстан және Қазақстан Республикасының анықтамалық, энциклопедиялық материалдарынан тұрады.
Институттың кітапхана қоры 15800 баспа бірлікті құрайды, оның ішінде кітаптар, журналдар, авторефераттар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және т. б.
Қорда жаратылыстану ғылымдары бойынша сирек кездесетін, құнды ғылыми кітаптар, сондай-ақ А.И. Безсонов және Ө.О. Оспанов, В.М. Боровский, Ж.У. Аханов, К.Ш. Фаизов, В.М. Кан және А.С. Сапаровтардың институтқа сыйға тартқан XIX-XX ғасырлардағы ғалымдар мен зерттеушілердің классикалық топырақ әдебиеттері бар.
Кітапхана қорында Қазақ КСР топырақтарының – 16 томдығы, Қазақстан топырағының құнарлылығы – 7 том, ҚазКСР ҒА Топырақтану институтының еңбектері -21 том, топырақтану, агрохимия, экология және т.б. бойынша ғылыми журналдар, сондай-ақ 70 жылдан астам уақыт ішінде басылып шыққан республикалық ғылыми баспалардың журналдары бар.
Институт кітапханасына ғалымдар мен еліміздің әр түрлі ЖОО-да білім алатын студенттер ғылыми әдебиеттермен танысу үшін жүгінеді.
Болашаққа жоспар: журнал мазмұнының сапасын арттыру, редакция жұмысын жақсарту, басылымның академиялық қоғамдастықтағы коммуникациясын және ұсынылуын күшейту, халықаралық ғылыми өлшемдік деректер қорына кіру; топырақтану және агрохимия саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін, әлеуетті қазақстандық және шетелдік авторлардың географиясын кеңейту; авторлармен жұмыс (оқыту; саясаттарды әзірлеу және жаңарту); институттың ғылыми қызметі үшін қажетті ақпаратты ұсыну, олардың толықтығы мен нақтылығы, атаулылығы мен жеделдігі; институт қызметкерлерінің сапалы ғылыми және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету үшін тренингтер, семинарлар және т. б. арқылы бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; кітапхананы сандық түрге ауыстыру, яғни түпнұсқаларды сақтау және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кітаптарды, журналдарды және басқа да құжаттарды қатты диск ақпарат тасығыштарға электрондық нысанға аудару.
«ОАЕЖРБЖБ II аясында «Білімді басқару» жобасы (ҚАХАШЗО), 2013-2016 жж.):
Кеңес, (ҚАХАШЗО, 2014 жыл, Алматы қ.
Кеңес, (ҚАХАШЗО, 2015 жыл, Алматы қ.
| ||||||||||
|
Топырақтану жөніндегі Халықаралық конгресс: «Топырақ ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау» (2018 ж.)
Конгреске қатысушылар | Абугалиева С.Н. | Салмуханбетова Ж.К |
Халықаралық симпозиум: Орталық Азияның ауыл шаруашылығы ландшафттарындағы қоршаған ортаға мониторинг жүргізу, жер және су ресурстарын басқару үшін зерттеу мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістері» (2019 ж.)
Жер ресурстарын тұрақты басқару, құжаттандыру және WOCAT деректер қоры саласындағы технологиялар мен тәсілдер бойынша ұлттық тренингі (2019). | «Арал теңізі алабындағы климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын бәсеңдету жөніндегі бағдарламалары» (CAMP4ASB) аясындағы Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасы бойынша мәжіліс (2019) |
Сертификаттар
Байланыс мәліметтері:
Токсеитова Гүлнур Асановна
E-mail: tokseitova-2011@mail.ru
Жұмыс тел. +7(727) 245-53-37;