21-23 маусының аралығында Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының бас ғимаратында Әзірбайжанның Ұлы көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған «Климаттың өзгеруі және топырақтарды тұрақты басқару» атты халықаралық конгресс өтті. Конгрессті Әзірбайжан мен Еуразиялық Топырақтанушылар қауымдастықтары федерациясы ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты топырақтану саласындағы соңғы жетістіктерді зерделеу және талқылау және ынтымақтастық байланыстарын кеңейту болды.
Конгресс басталмас бұрын қатысушылар Құрмет аллеясындағы ұлы көшбасшы Гейдар Әлиевтің бейітіне барып, гүл шоқтарын қойып, көрнекті мемлекет қайраткерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
7 елден 28 ғалым қатысқан конгресс «Гейдар Әлиев және Әзірбайжандағы жер реформасы» атты бейнефилмді тамашалаумен басталды.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Иса Габиббейли шараның ашылуында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында ерекше орын алатын топырақтану ғылымының агроөнеркәсіптік мемелекет ретіндегі Әзірбайжанда үлкен тәжірибелері бар екенін атап өтті.
Спикер, Еуразия Топырақтанушылар қауымдастықтары федерациясының президенті, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының кеңесшісі, академик Гариб Мамедов федерацияның 2012 жылы Әзірбайжан, Түркия, Ресей және Қазақстанның топырақтанушы ғалымдарының бастамасымен құрылғанын айтты. және ол топырақ қоғамдастығын мекеменің қызметі туралы хабардар етті. Академик Гариб Мамедов «Гейдар Әлиев жылы» аясында халықаралық конгресстің өткізілуін айтулы оқиға деп атап, Әзірбайжанның Ұлы Көшбасшысы билікте болған екі кезеңінде де еліміздің ауыл шаруашылығы мен аграрлық секторын дамытуда маңызды табыстарға қол жеткізілгенін атап өтті.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Ирада Гусейнова топырақ – елдің және халықтың ең құнды байлығы, өсімдіктер мен жануарлардың мекені, олардың тіршілігін қамтамасыз ететін қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.
Конгресс қонақтары – Түркияның Ондокуз Майыс университетінің мүшесі, профессор Ридван Қызылкая, Пәкістанның Камалия университетінің ректоры, профессор Саджид Рашид Ахмед, Беларуссияның Брест мемлекеттік университетінің мүшесі, профессор Юрий Маяиский, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрайымы Раушан Рамазанова, Чехия өкілі Матула Сватопольк сөз сөйлеп, жоғары деңгейде өткен Халықаралық топырақтанушылар конгресінің пәнаралық көзқарасқа және топырақ экожүйелерін тұрақты басқаруға баса назар аудара отырып, топырақтанудағы ғылыми зерттеулерді дамытуға жаңа серпін беретіндігін атап өтті.
Пленарлық отырыстарда белгілі топырақтанушылармен қатар жас ғалымдар – Әзірбайжан мен Түркиядан келген PhD докторанттар, магистранттар мен бакалаврлар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынғаны қуантады.
Модератор және спикер, ICEFSSS Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Фарид Мұстафаев конгрессті жоғары деңгейде ұйымдастыруда үлкен жұмыс атқарды, оған қонақтар назар аударып, әсем Әзірбайжан жерінде күн шуақты Баку қаласында лайықты ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Конгресстің жабылу салтанаты 23 маусымда өтті. Ол гала-концертпен және мерекелік кешпен аяқталды.