Шыңжаң экология және география институты (ХИЭГ) Жібек жолының экологиясы және ресурстарының тұрақты дамуы (Екінші шеңбер) бойынша халықар
2023 жылы шілденің 8-і мен 10-ы аралығында Үрімшіде (Шыңжаң) Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институты (ХИЭГ) Жібек жолының экологиясы және ресурстарының тұрақты дамуы (Екінші шеңбер) бойынша халықаралық жас ғалымдар форумын өткізді. Осы форум барысында 35 елден 320 қатысушы Орталық Азиядағы тұрақты дамуға қатысты бірқатар өзекті тақырыптарды, соның ішінде Орталық Азиядағы экологиялық белдеу, Арал теңізінің экологиялық басқарылуы, қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздері мен биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша терең талқылаулар жүргізді. Ғылыми сарапшылар мен форум қонақтарының қатарында Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары – ғылыми қызметкерлер Сулейменова Алтынай, Рахимова Молдир, Ершибулов Азамат, Сонгулов Ерсултан және Абай Аян болды. Сондай-ақ институттың ғылыми қызметкерлері – аға ғылыми қызметкер, PhD Рахимова Молдир және кіші ғылыми қызметкер Сонгулов Ерсултан «Climate change impacts on water resources and adaptation needs in Kazakhstan» және «Soil Researches Of Irrigable and “Worthless” in Salt Soil» тақырыптарында баяндама жасады.
Осы форум барысында «Жібек жолы Халықаралық Ғылым академиясының инновациялық базасын» және «Орталық Азияның жас ғалымдар қауымдастығын» құруды қолдау мақсатында ашылу салтанаттары, академиялық пікірталастар, жұмыс кездесулері және Турфанға зерттеу сапары өткізілді