Білімі: Қазақ ұлттық аграрлық университеті 1996 - 2001; аспирантура Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2001 – 2004.
Ғылыми дәрежесі: б.ғ.к., Іле Алатауының етегіндегі лесс жыныстарының өзгеруі және биоценоз әсерінен топырақ түзілу процестері 03.00.27. – Топырақтану, 2010 ж.
Ғылыми жобаларға қатысуы (соңғы бес жыл):
2018-2020 жж. – «Инновациялық әдістер негізінде вирустық инфекциядан картоптың тұқымдық материалын жақсарту және Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайлары үшін картоптың, көкөністің және бақша дақылдарының жоғары өнімді сорттарын (гибридтерін) енгізуге бейімдеу» ҒТЖ-ның жауапты орындаушы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2021-2023 жж. – ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі: «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтауды және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»
ҒТБ «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтауды және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» (2021-2023 жылдар) 267 ББ бойынша «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру», 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы
Жарияланымдар саны: 60-тан астам мақаланың авторы және бірлескен авторы.
Негізгі ғылыми еңбектер/жарияланымдар (5-тен көп емес)
1. Сейтменбетова А.Т. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының суармалы ашық сұр топырақтары микрофлорасының сандық және сапалық құрамы. //Топырақтану және агрохимия, - 2015, №3. - 96-101 б.
2. Сейтменбетова А.Т. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының суармалы ашық сұр топырақтағы мақта өнімділігі. //Топырақтану және агрохимия, - 2018 ж., №2. –59-66 б.
3. Сейтменбетова А.Т., Кан В.М., Асимжанов Н. «БиоЭкоГум» және «Ризовит-Акс» сұйық биопрепараттарының Алматы облысының ашық сұр топырағы жағдайында «Декабит» соя сортының өнімділігіне әсері. //Топырақтану және агрохимия, - 2020. -№1. - 42-49 б.
4. Сейтменбетова А.Т., Сүлейменов Б.У. «БиоЭкоГум» биотыңайтқышының Алматы облысындағы дәнді және бұршақ дақылдарының өсу және даму көрсеткіштеріне әсері. XVI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары Іргелі және қолданбалы ғылым – 2020, 30 қазан – 7 қараша 2020 ж., 6 том, Шеффилд. Ғылым және білім LTD, 2020. - 43-51 б.
5. Сейтменбетова А.Т., Сүлейменов Б.У., Нысанбаева А.А. Соя және мақсары өсіру кезінде ашық қара қоңыр топырағының микрофлорасына «БиоЭкоГум» және «Тұмат» тыңайтқыштарының әсері. //Топырақтану және агрохимия, - 2022. - №1. - 40-51 б.
Үкіметтік және қоғамдық наградалар: ҰАҒБО Құрмет грамотасы, 2021.