Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімі

Бөлім топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің базасында өзіндік бөлімше ретінде бірнеше рет қайта құралып ұйымдастырылды:

1954 г. – топырақтарды мелиорациялау бөлімі және мелиоративтік болжау зертханасы; 

1966 г. – суармалы топырақтарды мелиорациялау зертханасы; 

1991 г. – суармалы топырақтардың құнарлылығы және мелиорациялау зертханасы; 

1995 г. – топырақ процестерін моделдеу бөлімі; 

2008 г. – Топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің құрамындағы топырақтарды мелиорациялау секторы;  

2013 г. – тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімі. 

1966-1969 жылдары бөлімді республикамызға танымал мелиоратор, а-ш.ғ. кандидаты Егоричев Г.А, 1969 жылдан 2004 жылға дейін ҚР ҰҒА академигі Аханов Ж.У., 2004-2008 жылдары оның шәкірті а-ш.ғ. докторы Кан В.М., 2008 жылдан 2019 жылға дейін биология ғылымдарының кандидаты Отаров Ә. басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі кезге дейін тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімін ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, докторант Пошанов М.Н. басқарады.

Бөлімде 7 ғылыми қызметкер бар, олардың ішінде 1 PhD доктор, 6 магистр, және 1 бакалавр. Бөлімдегі жас ғалымдар үнемі біліктіліктерін арттырып отырады.

Вырахманова А. Құрғақшылық аудандарда ауылшаруашылығы зерттеулері бойынша Халықаралық Орталықта (ИКАРДА) ағылшын тілінің халықаралық курсын тәмәмдаған. 2017 жылы Варшава Университетінде тағлымдамадан өтті (Польша, Варшава қ.).

Пошанов М. 2014 жылы ИКАРДА базасында (Ташкент қ.) климаттың өзгеруін программамен моделдейтін SWAT симуляциялық моделімен жұмыс жасау бойынша тағлымдамадан өтті. 2017 жылы ФАО қолдауымен және ТАИ ҰҒО жүзеге асыруымен «А.Н. Соколовский атындағы топырақтану және агрохимия институты» Ұлттық ғылыми орталығында тұзданған топырақтарды басқару бойынша тренигтен өтті. 2019 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтында ILWIS 3.2 бағдарламасымен ғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеуден өткізу бойынша тағлымдамадан өтті. 

Дүйсеков С. магистр 2014 жылы ИКАРДА орталығында «Білімдерді басқару» жобасының ИСЦАУЗР 2-ші фазасының шеңберінде «Орталық Азияда Жер ресурстарын тұрақты басқару (УУЗР) пакеттерін алға жылжыту үшін сәйкестік карталарын әзірлеу» семинарына қатысып ArcGIS бағдарламасымен ГАЖ ортасында жұмыс жасау шеберлігін дамытты. 2015 жылы Мәскеу қаласында В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтында (Ресей)  ILWIS 3.2 бағдарламасымен және Үрімші қаласында Экология және география институтында (Қытай) ENVI бағдарламасымен ғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеуден өткізу бойынша тағлымдамадан өтті. 

Сманов Ж. 2014 жылы 13-28 қыркүйекте Зальцбург университетінің факультетаралық геоинформатика кафедрасында "Geoinformatics and Cloud-GIS" тақырыбы бойынша тағлымдамадан өтті, Зальцбург, Австрия. 2016 жылы Мәскеу қаласындағы ақпараттық технологиялар орталығында 21-28 қарашада "In-depth processing technology ERS data" тақырыбы бойынша, 28 қараша-2 желтоқсанда "The art of thematic interpretation" тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды (Ресей). 

Сулейменова А.И. 2015 жылы Пловдив қаласының аграрлық Университетінде тағлымдамадан өтті (Болгария).

Зарип Закир 2022 жылы в ҚазҰАЗУ магистратурага түсті.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары 

-  топырақ жамылғысының суармалы және техногендік ластануы жағдайында топырақ түзілу үрдістерінің теориялық және қолданбалы мәселелері 

-  аумақтарды мелиоративтік және экологиялық бағалау және аудандастыру.

-  суармалы топырақтардың құнарлылығын арттыру және тұзданған және ластанған топырақтарды мелиорациялау технологиясының ғылыми негіздерін жасау.

- топырақ-экологиялық және топырақ-мелиоративтік ақпараттық жүйелерін (ГАЖ) жасау, 

-  республиканың суармалы алқап топырақтарының мелиоративтік жағдайын бақылау мен бағалаудың ғарыштық технологиясы. 

- суармалы топырақтардың мелиоративтік жағдайына мониторинг жүргізу ғарыштық әдісінің ғылыми негіздерін жасау.

- топырақтың тұздану дәрежесін ірі масштабты сандық картаға түсірудің ғарыштық әдісін әзірлеу.

- ғарыштық әдіс пен цифрлық картографияны қолдана отырып топырақтың тұздануының көпжылдық динамикасының зерттеу әдістерін әзірлеу.

Бөлім ұсынатын қызметтер

- егістіктерге топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық және топырақ-агрохимиялық зерттеулер жүргізу, оларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар беру.  

Негізгі жетістіктері

Бөлім қызметкерлері жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері:

- Академик В.М. Боровскийдің жетекшілігімен топырақтанушы-мелиораторлардың құрастырған Қазақстанның 1:1000000 масштабтағы галогеохимиялық картасы КСРО мамандарына Сібір өзендерінің ағынын оңтүстікке бұрудың ұтымды шешімі ретінде қызмет етті;

- Қазақстан Республикасының топырақ-мелиоративтік ресурстарын ұтымды пайдалану үшін бағалауға мүмкіндік беретін 1:25000 масштабтағы Қазақстанның жазықтықтарының топырақ-мелиоративтік картасы;

- Іле мен Шу өзендерінің аңғарларындағы жерлерді суландыруға негіздеу үшін мелиоративтік және гидрогеологиялық зерттеулер мен олардың режимін зерттеу. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес Шу өзенінің аңғары мен Іле өзенінің атырауында 125 мың га суармалы аумақта жобалар әзірленіп, инженерлік-мелиоративтік жүйелер салынды;

-  Еділ мен Жайық өзені аралығындағы алқаптарды суландыруды негіздеу үшін топырақты мелиорациялау және гидрогеологиялық зерттеулер мен олардың режимін зерттеу. Жайық өзенінде Орал-Көшім суару жүйесі салынды;

- Тас-Өткел суармалы алқабында вертикальды дренаждың тиімділігін зерттеу. Жалпы шығыны 30 л/с құрайтын 133 тік ұңғымалар салынды, дренажды мелиоративтік әсер Шу өзенінің сол жағалауында 20 мың га, сол жағалауында 10 мың га аумақты қамтыды. Қант қызылшасын өсіру үшін 75 мың га суармалы жер игеріліп, оның тауарлық өндірісі жолға қойылды;

- Қазақстанның оңтүстігіндегі минерализацияланған дренаж суларын суару үшін пайдалану кезінде топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың технологиялық негіздерін әзірлеу. Аумағы 50 мың га құрайтын Қарадала және Ақсуат суармалы алаптары игерілді;

- Шу өзенінің төменгі ағысындағы жерлерді суландыру және шаруашылыққа игеру бойынша топырақ-мелиоративтік шараларды әзірлеу. 50 мың гектар алқапта жайылымы бар мал шаруашылығы базасы құрылды;

- Қазақстанның оңтүстігінің биологиялық егіншілігінің ғылыми негіздерін әзірлеу. Қазақстанда алғаш рет Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында стационарларда биологиялық егіншіліктің технологиясын жасау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді;

 - Қазақстанның тау бөктерлері мен шөлдеріндегі суармалы жерлердің құнарлылығын арттырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Топырақ құнарлығын арттырудың принциптері мен технологиялық жолдары әзірленді;

- темекі өсіретін аймақта нашар дамыған сұр-қоңыр топырақтардың құнарлылығын арттырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Алғаш рет темекі егетін жұқа қабатты сұр-қоңыр топырақтардың құнарлылығын арттыру технологиясын жасау үшін далалық тәжірибе жұмыстары жүргізілді;

- Қазақстандағы маусымдық суға бастырылатын күріш топырақтарының тозуы мен фитосанитарлық жағдайын зерттеу және олардың құнарлығын арттырудың ғылыми негіздері мен практикалық шараларын жасау. Қазақстанның маусымдық суға бастырылатын күріш топырақтарының тозуына әкелетін негізгі факторлар және осы процестегі фитосанитарлық жағдайдың рөлі анықталды;

- күріш топырақтарының құнарлылығын қайта қалпына келтірудің технологиялық негіздерін әзірлеу. Күріш топырақтарының құнарлылығын қайта қалпына келтірудің физика-химиялық басымдықтары мен технологиялары анықталды;

- Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы топырақтардың құнарлылығын қайта қалпына келтірудің функционалдық моделдерін әзірлеу. Алғаш рет жаңа материалдар мен ресурс үнемдейтін технологиялар негізінде суармалы топырақ құнарлығын доминантты белгілер бойынша (азот айналымы) қайта қалпына келтірудің функционалдық моделі әзірленді;

- экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында күріш алқаптарында топырақ құнарлығын жақсарту және сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу. Топырақтың қазіргі кездегі мелиоративтік жағдайына бағалау жүргізілді, топырақ карталары мен мәліметтер базасы құрылды, топырақ құнарлығын арттыру және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін алу бойынша ұсыныстар берілді;

- топырақтың тұздану дәрежесі мен ғарыштық түсірілімдердің спектрлік қасиеттері арасындағы байланыстың заңдылықтарын зерттеу негізінде топырақтардың тұздануын ірі масштабта зерттеудің жедел әдісін әзірлеу;

- екіншілік тұзданған «тастанды» жерлерді мелиорациялаудың ғылыми негіздерін әзірлеу.

- ірі масшабты тұздық түсірілім жүргізудің жедел әдісінің ғылыми негіздерін әзірлеу және суармалы топырақтардың тұздану дәрежесінің карталарын жасау (Ақдала суармалы алқабы мысалында);

- суармалы алқаптың топырақ-мелиоративтік ақпараттық жүйесін (ГАЖ) құрылымын әзірлеу және құру;

- екіншілік тұзданған суармалы топырақтардың тиімді құнарлылығын, күріш дақылының өнімділігін және күрішті өңдеу өнімдерінің сапасын арттыру үшін жаңа көпфункционалды супербиостимуляторды қолданудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін әзірлеу;

Әзірленді:

- оптималды мөлшерде өнім ала отырып күріш алқаптарындағы тұзданған топырақтарды алдын ала сумен шаймай мелиорациялаудың сараланған технологиялары (Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары);

- егістік жерлерді ауыр металдармен ластанудан тазарту шаралары;

- ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан, пайдаланылмайтын және өнімділігі төмен топырақтарды игеру, құнарлылығын арттыру әдістері.

Дүниежүзілік банк және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» конкурстық гранттар жүйесі шеңберінде жүзеге асырылған жобалар.

2008-2012 жылдары Дүниежүзілік банктің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасының конкурстық гранттар жүйесі бойынша екі жоба іске асырылды.

2008-2012 жж. «Күріш агроценоздарының қазіргі топырақ-экологиялық жағдайын бағалау және экологиялық таза өсімдік шаруашылығы өнімдерін алу технологиясының ғылыми негіздерін әзірлеу». Ғылыми жетекшісі, Топырақ құнарлылығын мониторингі бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А. Жобаның бенефициарлары Алматы облысы, Балқаш ауданы «Агрофирма Өтес» ЖШС және «Байменей» ЖШС.

Алматы облысы Балқаш ауданындағы «Агрофирма Өтес» ЖШС және «Бәйменей» ЖШС күріш агроценозының негізгі компоненттерінің (топырақ, су және күріш және ілеспе дақылдар) қазіргі экологиялық жағдайына баға берілді. Топырақтардың негізгі проблемалық аймақтары анықталды, бенефициарлардың зерттелген учаскелерінің тақырыптық карталарының сериясы жасалды. Жүргізілген тәжірибе жұмыстарының негізінде «Күріш-жоңышқа ауыспалы егістерінің негізгі дақылдарына ауыр металдардың түсу қарқындылығын төмендету бойынша ұсыныстар» жарияланды.

2010-2012 жж. «Екіншілік тұзданған суармалы топырақтардың тиімді құнарлылығын, күріш дақылының өнімділігін және оның өңделген өнімдерінің сапасын арттыру үшін жаңа көп функционалды супербиостимуляторды қолданудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін әзірлеу». Ғылыми жетекшісі, Топырақ құнарлылығы мониторингі бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А. Жобаның бенефициары Алматы облысы Балқаш ауданы «Био-Азия» ЖШС.

Жобаны іске асыру нәтижесінде екіншілік тұзданған суармалы топырақтардың тиімді құнарлылығын және күріш дақылының өнімділігін арттыру үшін жаңа көпфункционалды супербиостимуляторды қолданудың ғылыми-теориялық және тәжірибелік негіздері әзірленді және олар тек бенефициардың аумағында ғана емес, сонымен қатар республикадағы барлық дерлік күріш өсіретін шаруашылықтарда, әсіресе экологиялық қолайсыз Арал өңіріндегі күріш шаруашылықтарының жағдайында қолданылады.

Жүргізілген тәжірибе жұмыстарының негізінде «Супербиостимуляторлар (фузикокцин) және Ақдала суармалы алқабынің екіншілік тұзданған деградацияға ұшыраған топырақтарындағы күріштың өнімділігі» тақырыбында ұсыныс берілді.

№019 «Инновациялық тәжірибені тарату және өндіріске енгізу бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар.

2013-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және өндіріске енгізу бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша үш жоба жүзеге асырылды.

2013 жыл. «Оңтүстік Қазақстан облысының топырақтарында жүгерінің тұзға төзімділігін арттырудың агромелиоративтік шаралары». Ғылыми жетекшісі – Тұзданған топырақты мелиорациялау бөлімінің ЖҒҚ, б.ғ.к. А.Мамонов.

Пайдаланылып жатқан құнарлылығы төмен топырақтардың тұздану дәрежесі зерттелді, олардың қазіргі жағдайына баға берілді және Шәуілдір суармалы алқабындағы қолайсыз мелиоративтік жағдайында жүгерінің тұзға төзімділігін арттырудың инновациялық агромелиоративтік шаралары өндіріске енгізілді. 

Жұмыстардың қортындылары бойынша Шәуілдір суармалы алқабының тұзданған топырақтарында жүгері өсіруде аз көлемді адаптоген препараттарын қолдану бойынша ұсыныстар әзірленіп, жарияланды.

2014 жыл. «Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің 1-ші ауыспалы егіс аумағының ағымдағы топырақ-мелиоративтік жағдайын бағалау. Ғылыми жетекшісі Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А.

«Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 1-ші ауыспалы егіс аумағының ағымдағы топырақ-мелиоративтік жағдайын бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Зерттелген аумақтың топырақтары күшті дәрежеде екіншілік тұздануға ұшыраған, зерттелген нысан аумағының мелиоративтік жағдайының нашарлауының негізгі себебі коллекторлық-дренаждық жүйелерінің олардың параметрлері жобалық нормаларға сәйкес келмеуі салдарынан тиімсіз жұмыс істеуі болуы мүмкін. Жалпы алғанда топырақ құнарлылығының жай-күйін сипаттай отырып, бұл ауыспалы егістің топырақтарында өсірілетін мәдени дақылдар үшін ең тиімді тыңайтқыш ең алдымен органикалық және азоттық тыңайтқыштар болып табылады деп айта аламыз. Фосфор және калий тыңайтқыштары танаптарда олардың әртүрлі таралуына байланысты, картограммалар бойынша есептелген ұсынылған дозаларды міндетті түрде сақтай отырып, мақсатты түрде нақты жерлерге қолданылуы керек.

2016 жыл. «Тұзданған топырақтардың құнарлылығын арттыратын инновациялық технологияны өндіріске енгізу және фермерлерге технология негіздерін үйрету». Ғылыми жетекшісі Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.к. Отаров А.

Жұмыстың негізгі мақсаты – тұзданған топырақтардың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологиясын өндіріске енгізу, сонымен қатар фермерлерді технология негіздеріне үйрету. Зерттеу нысаны Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы 7 ауылдық округте орналасқан 42 шаруа қожалығының топырақ жамылғысы. Жобаға қатысатын шаруашылықтар Шәуілдір суармалы алқабының барлық бөлігінде таралып орналасқан. Жобаны іске асыру нәтижесінде барлық жобаға қатысатын шаруашылықтардың дерлік топырақтары екіншілік тұзданғандығы анықталды. Жобаға қатысатын шаруашылықтардың топырағы қазіргі уақытта адқтанып тұздану сатысында, егер қазір коллекторлық-дренаждық желілерді қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданбаса, олар жаппай тұздану сатысына өтуі мүмкін.

Мердігерлік жұмыстар (шаруа қожалықтарымен және басқа тапсырыс берушілермен шарт бойынша орындалатын жобалар) 

2010-2011 жж. «Ақдала суармалы алқабы жағдайында «Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышының күріш дақылының өніміне әсерін сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

«Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышының әртүрлі концентрациядағы ерітіндісімен күріш дақылының тұқымын себу алдында өңдеудің Ақдала суармалы алқабы жағдайында оның өніміне әсері зерттелді.

Далалық вегетациялық және далалық тәжірибелері жағдайында «Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышының сулы ерітіндісімен күріш тұқымын себу алдында өңдеу статистикалық шынайы оң нәтижелер бергені анықталды.

Далалық тәжірибе жағдайында барлық тексерілген дозалар бақылау, өңделмеген тұқымдармен салыстырғанда өнімділіктің 1,6-дан 7,6 ц/га-ға дейін немесе 5,4%-дан 25,7%-ға дейін жоғарылауын қамтамасыз етті.

 Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы топырақтарда сараланған агротехнологияның басқа әдістерімен бірге «Green Эко» кешенді органоминералды тыңайтқышын өндірістік сынақтан өткізу үшін пайдалануға болады.

2011. «Қызылорда облысы Шиелі мемлекеттік сорт сынау учаскесінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Қызылорда облысының Шиелі мемлекеттік сорт сынау учаскесінің топырақтарының негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану бойынша ұсыныс әзірленді.

2012 жыл. «Тұмар» ЖШС топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Топырақ жамылғысының қазіргі жағдайына баға берілді. «Тұмар» ЖШС топырақ құнарлығын арттыру және мәдени дақылдардан жоғары өнім алу үшін қажетті тыңайтқыштардың дозасын есептеді.

Топырақ құнарлылығының жағдайын сипаттай отырып, бұл шаруашылықтың топырақтарында өсірілетін мәдени дақылдар үшін ең тиімді минералды тыңайтқыш ең алдымен органикалық, содан кейін азот болып табылады деп айта аламыз. . Фосфор және калий тыңайтқыштары танаптарда олардың әртүрлі таралуына байланысты, картограммалар бойынша есептелген ұсынылған дозаларды міндетті түрде сақтай отырып, мақсатты түрде нақты жерлерге қолданылуы керек.

2013 жыл. «Эдагум СМ» препаратының ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін Ақдала суармалы алқабы жағдайында сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Ақдала суармалы алқабы жағдайында күріш тұқымын «Эдагум СМ» сулы ерітіндісімен себер алдында өңдеудің әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілді, мұнда шымтезек негізіндегі гумусты «Эдагум СМ» сұйық тыңайтқышының сулы ерітіндісымен күріш тұқымын себер алдында өңдеудің күріш дақылының өнімділігін арттыруға көмектесетіндігі анықталды. Күріш тұқымын себер алдында «Эдагум СМ» сулы ерітіндісімен өңдеуден түскен қосымша өнім бақылаумен салыстырғанда 4,5 ц/га немесе 15,5% құрады.

2014 жыл. «Күріш өсіру кезінде шымтезек негізінде түйіршікті қоспаны (НИСАБА) тәжірибеде сынау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Нисаба препаратының әртүрлі дозаларының күріш-батпақты топырақтардың гумустық жағдайына, негізгі қоректік элементтердің мөлшеріне және күріш дақылының өнімділігіне әсерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Оның нәтижелері Нисаба препаратын топыраққа қолданудың маусымдық суға бастырылатын күріш топырақтарының гумустық жағдайын тұрақтандыруға ықпал ететіндігін көрсетті, маусымдық суға бастырылатын күріш-батпақты топырақтарда гумустың оң балансын қалыптастыруда ең тиімді дозасы 600 кг/га құрайтынды. 

сілтілі мезгіл-мезгіл су басқан күріш-батпақты топырақтарда оң қарашірік балансын Тәжірибелердің барлық нұсқаларында қосымша өнімнің мөлшерінің артқандығы байқалды, препарат дозасының 12,3-тен 25,7%-ға дейін арттыру сәйкесінше күріштің өнімділігінің жоғарылатты.

2016-17 жылдар. «РЗА-Агро» ЖШС топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау». Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

«РЗА-Агро» ЖШС топырақтарының ағымдағы жай-күйіне баға берілді, зерттелген аумақтың топырақтары екіншілік тұздануға ұшыраған, зерттелген нысан аумағының мелиоративтік жағдайының нашарлауының негізгі себебі коллекторлық-дренаждық жүйесінің параметрлері мен жобалау нормаларының сәйкес келмеуінің салдарынан олардың жұмысының тиімсіздігі, егістік бетінің тегіс болмауы, жалпы алғанда егіншілік мәдениетінің айтарлықтай төмендігі. 

Топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Халықаралық жобалар

2003-2006 жылдар. Халықаралық жоба: “Coordination of scientific activities towards elaboration of common strategy for environmental protection and sustainable management in Syr-Darya River Basin, in Uzbekistan and Kazakhstan”. Жобаның Қазақстандық бөлігінің жетекшісі б.ғ.к. Отаров А. 

Жоба Сырдария өзені бассейнінің Қазақстан мен Өзбекстан бөлігінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты басқару стратегиясын әзірлеуге арналған. Жоба аясында Келес, Мырзашөл, Қызылқұм және Шиелі суармалы алқаптарының қазіргі топырақ-мелиоративтік жағдайы бағаланды.

Алынған нәтижелер қазіргі уақытта аймақтың суармалы топырақтарының мелиоративтік жағдайының апатты түрде нашарлауы байқалғанын көрсетті. Барлық зерттелген 303,6 мың га топырақ аумақтың жартысынан астамы (52,2%) тұзданып кеткен. Шамамен осындай көлемде жер асты сулары критикалық тереңдіктен жоғары болатын және минерализацияланған аумақтар алып жатыр. Осының салдарынан тұздану мен батпақтану себепті пайдаланылмай жатқан жерлер пайда бола бастады. Барлық зерттелген аумақтың 6664 гектары тұздану мен батпақтану салдарынан қазірдің өзінде пайдаланылмайды. Барлық зерттелген 1693,3 мың гектар аумақтың 806,8 мың гектары немесе 47,7 пайызы жел эрозиясына ұшыраған. Жел эрозиясы үлкен аумақты алып жатқан Қызылқұм құмды сілемдерінің әлсіз бекітілген құмдары басым болып келетін Шардара мен Шиелі алқаптарының батысында қатты байқалады. Аймақтың барлық зерттелген 2041,9 мың га жерінің су эрозиясына ұшыраған жердер 402,5 мың га немесе 19,7% құрайды. Келес өзені алабында су эрозиясы, оның ішінде суарудан пайда болатын эррозия кеі таралған.

Аймақтың суармалы жерлері топырақтардың құнарлылығының толық жоғалуына және құнарлы оазистердің тұзданған шөлдерге айналуына әкеліп соқтыратын топырақтың қайтарымсыз бұзылу процесін бастан кешіруде.

2007-2008 жж. Халықаралық негіздемелік жоба: «Жер ресурстарын тұрақты басқару бойынша зерттеулер» Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының (ICARDA, Сирия) грантымен, Жобаның Қазақстандық бөлігінің жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Жоба Шиелі суармалы алқабының жер ресурстарын тұрақты басқаруына зерттеуге арналды. Шиелі алқабы топырақтарына жүргізілген агрохимиялық зерттеу нәтижелері бойынша барлық зерттелетін аумақтың топырақтары гумус және азот мөлшерінің қамтамасыз етілуі бойынша «өте төмен» және «төмен» дәрежесіне жатқызылды және қамтамасыз етілмеген деп жіктеледі және органикалық және азотты тыңайтқыштарды өте қажет етеді. Топырақты фосфор мен калийдің жылжымалы түрімен қамтамасыз ету өте әртүрлі болды, сондықтан фосфатты тыңайтқыштарды қолдану кезінде картограммаларға сәйкес ұсынылған дозаларды қатаң сақтау қажет.

Топырақтың гумустық жағдайы мен топырақтың негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз етілуінің картограммалары жасалды, тәжірибеде пайдаланулары үшін «Қаптағай және К» ЖШС ұжымына агрохимиялық очерк берілді.

2010-11 жыл. «Орталық Азиядағы агроэкожүйелердің климаттың өзгеруінің теріс әсерлеріне қатысты осалдығын бағалау – жаздық және күздік бидай өсіру және өнімділігі» халықаралық жобасы. Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының гранты (ICARDA, Сирия). Жобаның қазақстандық бөлігінің ғылыми жетекшісі, б.ғ.к. Отаров А 

Зерттеу күнделікті аралықта әртүрлі дақыл түрлерінің өсуі мен дамуын модельдеуге мүмкіндік беретін дақылдарының дамуын имитациялық модель CropSyst (Stöckle, 2003) арқылы жүзеге асырылды.

Қазақстандық бес учаске – Шиелі (күздік бидай), Ақмола (жаздық бидай), Петропавл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан (жаздық бидай) учаскелері бойынша мәліметтер базасы құрылды.

Климаттың өзгеруі жағдайында бидайдың өсуі мен дамуын модельдеу арқылы, жалпы алғанда климаттың өзгеруі Орталық Азиядағы бидайдың өнімділігіне оң әсер ететіні анықталды. Негізінен бұл оң әсер климаттың жылынуымен, СО2 қоректену әсерінің күшеюімен түсіндіріледі. Гүлдену кезеңіндегі тым жоғары температура алыс болашақта жаздық бидай өсірілетін кейбір, негізінен оңтүстік аумақтар мен солтүстік Қазақстанда қиын мәселеге (гүлдердің стерильділігіне) айналады. Дегенмен, жағдай соншалықты ауыр емес және селекцияны жоғары температураға төзімді сорттарды шығаруға бағыттау мәселенің шешімі болуы мүмкін.

Климаттың өзгеруімен суға деген сұраныс артпайды. Дегенмен, қазіргі уақытта шамадан тыс суару және кейіннен топырақтың екіншілік тұздануы ауылшаруашылық өндірісіне үнемі қауіп төндіре отырып, суару мен дренажды басқаруды жақсартуды талап етеді. Сондықтан болашақ зерттеулер суаруды басқаруды жақсартуға бағытталуы керек. Болашақта Орталық Азиядағы суару жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің моделдеуін қардың жиналуы мен қардың еруін және оларға климаттың өзгеруінің әсерін гидрологиялық/климатологиялық бағалаумен біріктіру қажет.

Аталған жоба нәтижелері бойынша ғылыми мақала жарияланған болатын http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0167880913002168

2013-2015 жж. Германияның Ауыл шаруашылығы федералды агенттігі (BLE) және Ауыл шаруашылығы Федералдық министрлігі (BMELV) гранты бойынша «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін топырақ сапасын, дақылдардың өнімділігінің әлеуетін және су ресурстарын үнемдеуді бағалау әдістерін әзірлеу» халықаралық жобасы. Лейбниц ауылшаруашылық ландшафтарын зерттеу орталығымен бірге (Мюнхеберг, Германия).

Жоба Қазақстан мен ЕО ғалымдары арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Жоба жұмыстарының нәтижелері бойынша Novel Measurement and Assessment Tools for Monitoring and Management of Land and Water Resources in Agricultural Landscapes of Central Asia атты ұжымдық монаграфияның ішінде ғылыми мақала жарияланды (http://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-319-01017-5_41).

2014-2016 жж. Халықаралық жоба: CACILM 2-фазасы шеңберінде Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер орталығының (ICARDA, Сирия) гранты бойынша «Білімдерді басқару» жобасы, 3-компоненттік қазақстандық бөлігінің ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Жоба Орталық Азия елдері мен Қазақстанның фермерлері арасында CACILM 1-кезеңінде жинақталған ауылшаруашылық білімдерін таратуға арналған. Жобаны іске асыру нәтижесінде Жоба деректер базасына енгізу үшін қазақстандық ғалымдардың он технологиясы таңдалды. Тәлімі экожүйелер бойынша – 2, суармалы экожүйелер бойынша – 5 және жайылымдық экожүйелер бойынша – 2.

2015 Халықаралық шағын жоба: «Климаттың өзгеруіне бейімделу: Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Арал теңізі бассейніндегі топырақтың тұздануын бағалау және бақылаудың қашықтық құралдары». Грант No 609528 – STI. Шығыс әріптестік елдеріне арналған халықаралық ынтымақтастық желісі (IncoNet CA Twinning Grants) Еуроодақтың «Горизонт 2020»жобасы аясында.

Жоба жұмыстарының қортындысы бойынша видеоклип жарияланды https://www.youtube.com/watch?v=2e6avQVTrVw&feature=youtu.be

2014-2016 жж. «Жалаң мия (Glycyrrhiza glabra L.) өсімдігін пайдалана отырып тұзданған топырақтарды биологиялық мелиорациялау әдісін әзірлеу» халықаралық жобасы. Қытай Ғылым академиясының Экология және география институтымен бірлесіп атқарылды. Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А.

Ауыл шаруашылығында пайдаланудан шыққан екіншілік тұзданған топырақтарды биологиялық мелиорациялау әдістерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нысаны – Ақдала алқабының сортаң топырақтары.

2014-2017 жж. «Күрішті тамшылатып суару тәсілін әзірлеу және оның топырақтың қасиеттеріне әсері» халықаралық жобасы Қытай Ғылым академиясының Экология және география институтымен бірлесіп атқарылды. Ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Отаров А. 

Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты күрішті тамшылатып суару әдісін әзірлеу және оның топырақтың негізгі қасиеттеріне әсерін зерттеу. Зерттеу нысаны – Ақдала суармалы алқабының тұзданған топырақтары. 

2016-2018 жылдар. «Алюмосиликаттардан баяу әсер ететін тыңайтқыш алу әдісін жасау» халықаралық жобасы. Жетекші институт Армения Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы және бейорганикалық химия институты (Армения).

Негізгі мақсат – құрамында калий, кальций, магний және фосфор бар калийлі алюмосиликаттардан баяу және ұзақ әсер ететін тыңайтқыш алудың физика-химиялық негіздерін зерттеп, жаңа технологияны әзірлеу. Институтта жаңа тыңайтқыштардың топырақ құнарлылығына және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері зертханалық, вегетативтік және далалық жағдайларда тексерілді.

Бөлімнің топырақ-мелиоративтік жұмыстарына қысқаша шолу қорытындысын шығара отырып, мелиоративтік бағыттағы жұмыстар еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы барлық дерлік негізгі проблемалы суармалы алқаптарда жүргізілгенін атап өткен жөн. Рекультивацияланған топырақтардың құнарлылығын арттыруға, топырақтарды мелиорациялаудың классикалық әдістерін жүргізудің мүмкін болмауына байланысты қалыптасқан, ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған екіншілік тұзданған «тыңайған» жерлерді игеру әдістеріне, қолайсыз мелиоративтік жағдайда ауыр металдармен және басқа да ластаушы заттармен ластанған топырақтарды детоксикациялауға арналған көптеген жұмыстар жүргізілді. Топырақ мелиорациясында жаңа ғылыми бағыт пайда болды, мысал ретінде теориялық негізі мүлде жаңа көзқарас болып табылатын «Топырақты алдын ала сумен шаюсыз тұзды сілтілі топырақтарды игеру және пайдаланудың жаңа технологиялары» сериясын атауға болады, ол тұзданған топырақтарды мелиорациялау нысандарынанықтауға жаңа тәсілдің теориялық негізі болып табылады. Сондай-ақ, соңғы жылдары ғарыштық әдіс пен цифрлық картографияны қолдану арқылы топырақ мелиорациясын зерттеудің мүлде жаңа бағыты қалыптасып келе жатқанын атап өтуге болады.

Көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша бөлімнің қызметкерлері 200-ден астам ғылыми еңбектер жарияланды. 



Байланыс деректері:

Пошанов Максат Нурбаевич

E-mail: maksat_90.okkz@mail.ru 

Жұмыс телефоны.  +7 727 2455474

^
Жоғарыға