Астана қаласында ФАО-ның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті бағалау құралы – NEXT (NDC Expert Tool) бойынша практикалық тренингі өз жұмысын аяқтады.
2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында өткен бес күндік тренинг Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен және ұлттық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар агроазық-түлік жүйелеріндегі парниктік газдар шығарындыларын бағалау, мониторингтеу және есептілік жүргізу бойынша халықаралық тәсілдермен танысып, NEXT құралын практикалық қолдану дағдыларын меңгерді. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық климаттық есептілік құралдарын пайдалану бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, оны Қазақстанның ұлттық климаттық міндеттемелерін іске асыруда қолдануға мүмкіндік алды.