«EUASIAN-ROOT»
        «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Тұзданған топырақтарды мелиорациялау» бөлімінің қызметкерлері – Зәріп Зәкір және Мұсаева Құралай «EUASIAN-ROOT» жобасы аясында 13.10 -14.12.2025 ж. аралығында Инсубрия университетінде (Италия) зертханалық және далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
         🎯 EUASIAN-ROOT жобасының мақсаты – Еуразияның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында өсімдік тамыр жүйелері, микоризалық саңырауқұлақтар мен топырақ микроағзалары арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу, сондай-ақ олардың қоректік элементтер айналымындағы, экожүйелердің тұрақтылығы мен топырақ қызметіндегі рөлін бағалау.
          Бірлескен зерттеу жұмыстарына институттың ғылыми қызметкерлері қатысып, далалық сынамалар алудан бастап зертханалық талдауларға дейінгі барлық кезеңдерге атсалысты.
           Бірлескен зерттеулер барысында топырақ үлгілерін дайындау және DNeasy PowerSoil протоколы бойынша ДНҚ бөліп алу, тамырларды морфотиптер бойынша жіктеу, микориза деңгейін есептей отырып микроскопиялық талдау жүргізу, морфометриялық көрсеткіштерді анықтау үшін тамыр жүйесін сканерлеу, сондай-ақ тамыр материалын кептіру және өлшеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, бұрын зерттелген учаскелерде тамырлар мен топырақ үлгілерін қайта алу бойынша жұмыстарға қатысты.
      Аталған ғылыми жұмыстарды бірлесіп орындау заманауи молекулалық және морфологиялық талдау әдістерін меңгеруге, тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.








^
Жоғарыға