Қызмет бағыты

  • топырақ құнарлылығын сақтау, ұдайы жоғарылату және топырақ пен жер қорларын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері;
  • топырақтың қалыптасу заңдылықтарын және топырақ үрдістерінің өзгеруін зерттеу, топырақ жамылғысының, топырақтың қазіргі топырақ-мелиоративтік және топырақ-экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу, оларды бағалау, ГАЖ технологиялары негізінде топырақ және тақырыптық карталардың электрондық нұсқаларын құрастыру;
  • ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлерге танаптардың агрохимиялық картограммаларының электрондық нұсқаларын құрастыру негізінде агрохимиялық тексеру жүргізу және тыңайтқыштарды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • топырақ құнарлылығын жоғарылату және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың отандық инновациялық технологияларын әзірлеу және оларды өндіріске еңгізу;
  • топырақ пен тыңайтқыш құрамынан қоректік элементтерді пайдалану бойынша жаңа нормативтерді әзірлеу, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарланған өнімін қалыптастыру моделін жасау;
  • жас ғалымдар мен мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату, білімді кеңінен тарату және инновациялық технологияларды насихаттау.
^
Жоғарыға