Білімі: Қазақ ЕҚТО ауыл шаруашылығы институты 1978-1983; аспирантура – Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1984-1988.
Ғылыми дәрежесі: а.ш.ғ.к., Оңтүстік-шығыс Қазақстанның суармалы қара қоңыр топырағында азотты тыңайтқыштардың тиімділігі және ақ қырыққабаттың азотпен қоректенуінің диагностикасы 06.01.04 - агрохимия, 1990 ж. доцент
Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы (соңғы бес жыл);
2018-2020 жж. «Инновациялық әдістер негізінде вирустық инфекциядан картоптың тұқымдық материалын жақсарту және Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайлары үшін картоптың, көкөністің және бақша дақылдарының жоғары өнімді сорттарын (гибридтерін) енгізуге бейімдеу» ҒТЖ-ның жауапты орындаушы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2021-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлығын сақтауды және қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» ҒТЖ-ның жауапты орындаушысы.
Жарияланымдар саны: 400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы және бірлескен авторы, оның ішінде 2 кітап, жинақтар, ұсыныстар, каталогтар, брошюралар және ғылыми мақалалар. Көкөніс дақылдарының 20 сортының, 11 патенттің және өнертабысқа 25 авторлық куәліктің авторы.
Негізгі ғылыми еңбектер/жарияланымдар (5-тен көп емес)
1. Амиров Б.М. Сәбіз. – Алматы, 2017. – 76 б.
2. Амиров Б.М. Қазақстандағы сәбіз өндірісі және селекциялық зерттеулердің болашағы// Acta Hortic., 2019, 1264, 175-182. DOI: 10.17660/ActaHortic.2019.1264.21
3. Айтбаев Т.Е., Амиров Б.М., Бабаев С.А., т.б. Қазақстанның оңтүстік-шығысында картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіру технологиясы. - Алматы. - 2018. - 113 б.
4. Амиров Б.М., Сейтменбетова А.Т., Құлымбет Қ.Қ. Алматы облысының қарапайым сұр топырақтарында тыңайтқыштардың пияздың фотосинтетикалық өнімділігіне және шығымына әсері. //Топырақтану және агрохимия. № 2. 2022 ж. – С.-75-87.
5. Амиров Б.М., Сейтменбетова А.Т., Құлымбет Қ.Қ., Махмаджанов С.П. Түркістан облысындағы әртүрлі дәрежедегі тұзданған ашық сұр топырақта тыңайтқыштарды қолданғанда қауынның фотосинтетикалық белсенділігі мен өнімі. //Топырақтану және агрохимия. 2022(4):47-63. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_4_47
Үкіметтік және қоғамдық наградалар: «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі (2018).