2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы туралы қысқаша ақпарат
"Шығыс Арал өңірінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау және оның Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде өзгеруі" (АР 08053270)
Өзектілігі. Соңғы жылдары Сырдария және Әмудария өзендері бассейнінде су және жер ресурстарын пайдаланудағы елеулі кемшіліктер, Арал теңізіне келетін ағымның күрт төмендеуіне, жер үсті суларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерін өзгертуге, кең аумақтың шөлейттенуіне, топырақтың тұздануы мен өзгеруіне, табиғи ортаның сарқылуына, соның салдарынан шамамен 3 млн. тұрғын ның ішінде қазақстандық бөлігі – 596,2 мың адамды құрайтын халықтың өмір сүру жағдайы, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді.
Арал теңізінің деңгейі 17 м-ге төмендеп, оның су аймағының ауданы едәуір қысқарды, екі таяз бассейн пайда болып құрғау үрдісі жалғасуда.
Шөлейттену үдерістерімен тиімді күресу және Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін, табиғи ортаның жағдайы, оның ішінде топырақ жамылғысы және оның сипаты мен өзгеру қарқыны, Арал теңізің құрғаған жерінде топырақтың қалыптасуы туралы объективті ақпарат алу қажет. Сондықтан Арал өңіріндегі экологиялық дағдарыс және қоршаған ортаны жақсарту проблемасын шешуде, аталған аумаққа антропогендік әсер ету деңгейі мен табиғи жағдайлардың өзгеруіне кешенді ғылыми бағалау жүргізуді, экожүйенің әрі қарай шөлейттенуінің алдын алу шараларын дайындауды, табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды қажет етеді.
Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы аумағындағы Шығыс Аралдың кепкен түбінің топырақ жамылғысы.
Мақсаты: Шығыс Арал өңірінің негізгі учаскелеріндегі топырақ жамылғысының қазіргі жағдайына, құнарлылық параметрлерін (қарашірік, қоректік заттар және т.б.) ескере отырып кешенді бағалау жүргізу, топырақ деградациясына алып келетін (топырақтың екіншілік тұздануы, эрозия және топырақ дефляциясы және т.б.) топырақта антрорпогенді әсердің негізгі факторлары нәтижесінде жүретін үрдістерді зерттеу.
Жоба міндеттері:
Арал теңізінің құрғап қалған түбінің шығыс жағалауындағы топырақтың қазіргі жағдайын, олардың негізгі физикалық-химиялық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу (500 мың га);
Алдыңғы жылдары жүргізілген зерттеу материалдары мен жобаны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде картаға географиялық тұрғыдан байланыстырылған нақты топырақ кескінімен байланыстырлған топырақ мәліметтерінің базасын құру;
Геоақпараттық технологияларды және ғарыштық түсіру материалдары мен далалық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, Арал теңізінің құрғаған түбінің топырақ картасының заманауи электрондық нұсқасын жасау. (масштаб 1:200 000);
Алынған деректер мен өткен жылдардың деректерін салыстыру негізінде Арал теңізің құрғаған түбіндегі топырақтың өзгеру үрдісін және топырақ түзілу бағытын зерттеу;
Арал теңізінің шығыс жағалауындағы жерлерді тиімді пайдалану және игеру бойынша ұсыныс дайындады.
Зерттеу әдістері:
топырақты зерттеудің далалық және зертханалық жалпы қабылданған әдістері; картографиялаудың геоақпараттық технологияларын қолдану; топырақты қашықтықтан (ғарыштық) зерттеу.
Топырақ карталарын жасауда ГИС-технологиясы және MapInfo Professional, ENVI, QGIS арнай бағдарламалық құралы мен ғарыштық суреттер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Шығыс Арал өңірінің кепкен түбінің топырақтарын зерттеу топырақ өзгерісінің заңдылығы мен олардың кеңістіктегі қозғалыс ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
Алғаш рет шығыс Арал өңірінің топырақ картасы мен тұзданған топырақтарының картасы жасалады.
Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде шығыс Арал өңіріндегі топырақ өзгерісін салыстырмалы бағалау алғаш рет жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алғаш рет табиғи орта жағдайы, оның ішінде топырақ жамылғысы, оның өзгеру қарқыны мен сипаты, Арал теңізінің құрғаған түбінде топырақтардың қалыптасуы туралы ақпараттар беріледі.
Зерттеу тобының мүшелері:
Ғылыми жетекші – Исанова Г.Т., PhD «География» мамандығы бойынша.
Жобаны жүргізуге жасы 35 толмаған 7 ғалым қатысады (негізгі қызметкерлер)
2021-2023 жылдарға арналған мақсатты-бағдарламалдық қаржыландырылған ғылыми-техникалық бағдарлама туралы қысқаша ақпарат
BR 10764865 «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіруді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»
Бас мекеме - «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
Бірлесіп орындаушылар:
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ
«Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
«Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
«Павлодар ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС
Өзектілігі – Республикамызда жыл сайын тозу және шөлейттену үрдістері артуда, топырақтың құнарлылығы төмендеуде, екінші ретті тұзданған және ластанған жерлердің аудандары өсуде, егістіктің өнімділігі төмендеу жағына қарай ірі өзгерістер болды. Бұл бүгінде шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін ауыл шаруашылығының бірінші кезектегі мәселесіне айналып отыр. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ғылыми-технологиялық тұрғыдан шешу аса өзекті міндет болып табылады.
Бағдарлама аса маңызды мәселелерді - топырақтың тозуын (тұздану, батпақтану топырақтың құнарсыздануы және т.б.) және олардың топырақ құнарлылығы деңгейіне және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін шешуге бағытталған. Ұсынылып отырған бағдарлама аясында алғаш рет ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау мен қайта қалпына келтіру, деградацияға ұшыраған жерлерді мелиорациялау әдістері және аудандарда өсірілетін дақылдың биологиялық ерекшелігін және топырақ құнарлылығының әлеуетін ескере отырып, нақты агроландшафтық егіншаруашылығы жүйесінде негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының белгіленген өнімділігін қалыптастыру үлгісі құрылған жерлерді тиімді пайдалану іс-шаралары дайындалады. Алғаш рет ауыл шаруашылық жануарларының санын арттыруға мүмкіндік беретін, жайылымдық жерлерді қалпына келтіру тәсілдері дайындалады, ГАЖ – технологясын қолданып алғаш рет жайылымдық жерлердің топырақ-ақпараттық жүйесі жасалады және жайылым жерлерінің топырақ картасының электронды нұсқалары құрастырылады (қалалардың азық-түлік белдеуі Талдықорған, Түркістан, Қызылорада, Павлодар, Орал). Бақша дақылдарының орналастыруға оңтайлы белдеулер мен микро белдеулер анықталып, жеміс белдеуінің бақ отырғызуға жарамды жерлерінің картасы дайындалады, батпақты жерлерді құрғату мелиорациясын жүргізу бойынша және ары қарай пайдалану мақсатында тұзданған жерлерді шаю бойынша ұсыныстар дайындалады, Қазақстанның солтүстігінде егіндік жердердің батпақтану мәселесін шешу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныс дайындалады.
Зерттеу нысаны – оңтүстік және оңтүстік шығыста суармалы алқап топырақтары (күрішті-батпақты, ашық сұр топырақ, ашық қар қоңыр топырақ), Қазақстанның бақ отырғызуға жарамды жерлері, тұзданған және батпақтанған жерлер, Қазақстанның солтүстік аудандарындағы егістік жерлер, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы жайылымдық жерлер.
Мақсаты: ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау мен арттыру, тозған жерлерді мелиорациялау тәсілдері мен жерді ұтымды пайдалану іс-шараларын әзірлеу;
Қазақстанның жеміс аймақтарының бау-бақшаға жарамды жерлерінің картасын әзірлеу;
Қазақстанның батпақтанған және тұзданған жерлерінің деректер қорын құру;
Қазақстанның егістік жерлерінің батпақтану мәселесін шешу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныс әзірлеу;
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жайылымдық жерлерді оңтайлы пайдалану.
Зерттеу әдістері – топырақты зерттеудің жалпы қабылданған далалық және зертханалық әдістері, қартажасаудың геоақпараттық технологиялары, топырақты қашықтықтан (ғарыштық) зерттеу.
Бағдарламаны орындау кезінде эксперименттік, далалық, топырақ және агрохимиялық зерттеулердің жалпы қабылданған стандартты әдістемелері, салыстырмалы-географиялық, бейінді, топырақ кілттері, топырақ-режимдік бақылаулар, экспедициялық және стационарлық әдістерді қоса алғанда, далалық топырақ зерттеулері теориялық сияқты келесі зерттеу әдістерін қолдана отырып, кешенді жүйелік тәсіл қолданылады. Жұмысты орындау процесінде топырақты алудың дәстүрлі жерүсті әдістерімен қатар IT және ГАЖ-технологиялар, топырақты Қашықтықтан (ғарыштық) зерттеу, цифрлық картографиялау әдістері пайдаланылатын болады.
технологий картографирования; дистанционного (космического) исследования почв.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығысында алғаш рет сұйық органоминералдық гуминдік тыңайтқыштарды даладық сынау өткізіледі, өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшелігін және топырақ құнарллығының әлеуетін ескер отырып ауылшаруашылық дақылдарының белгіленген өнімділігін қалыптасыру үлгісін құрып, тыңайтқыш қолданудың көрсеткіші мен индексін дайындайтын аудандық стационарлық тәжірибе жүргізіледі. Ауыл шаруашылық жануарларының санын арттыруға мүмкіндік беретін, жайылымдық жерлерді қалпына келтіру тәсілдері дайындалады, ГАЖ – технологясын қолданып алғаш рет Талдықорған, Түркістан, Қызылорада, Павлодар, Орал азық-түлік белдеуіндегі қалалардың жайылымдық жерлердің топырақ-ақпараттық жүйесі жасалады және жайылым жерлерінің топырақ картасының электронды нұскалары құрастырылады. Топырақ карталарын жасауда ғарыштық түсірілім материалдарын пайдалану олардың дәлдігі көтеруде шығындар мен уақытты күрт төмендетеді. Жеміс дақылдары белдеуінің бақ отырғызуға жарамды жерлерінің картасы жасалады, жеміс дақылдарын отырғызуға оңтайлы белдеулер мен микро белдеулер анықталады. Жүргізілген топырақ зерттеулері негізінде алғаш рет Қазақстанның тұзданған және батпақтанған жерлерінің жағдайына талдау жүргізіледі, батпақты жерлерді құрғату мелиорациясын жүргізу бойынша және ары қарай пайдалану мақсатында тұзданған жерлерді шаю бойынша ұсыныстар дайындалады, Қазақстанның солтүстігінде егіндік жердердің батпақтану мәселесін шешу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныс дайындалады.
Бағдарлама бойынша мақсаты мен міндеттерін іске асыру барысында зерттелген жерлердің құнарллығы артады және ауыл шаруашылық дақылдыраның өнімділігі көтеріледі.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мәселесі уақыттың бұйрығы және бағдарлама жаңалығы болып табылады.
Зерттеу тобының мүшелері
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі - Сулейменов Бейбут Уалиханович, «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі.
ҒТБ жүзеге асыруда қатысатын ғалымдардың жалпы саны 86 құрайды (бірлесіп орындайтын мекемелерді қоса еептегенде), олардың ішінде 8 – ғылым докторы, 16 – кандидат, 6 – PhD, 24 – магистр, 9 – докторант, 1 магистрант бар.
2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы туралы қысқаша ақпарат
«Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділік үдерісін басқару және агрофитоценоз топырақтарының азот эмиссиясын бағалау»
Өзектілігі. Республиканың оңтүстік-шығысы егіншілік өңір, астық пен жемшөптен бастап көкөністер мен жемістерге дейінгі алуан түрлі өсімдік шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады. Алайда жоғары сапалы ауылшаруашылық дақылдарының тұрақты өндірісі бірқатар факторларды тежейді. Ауылшаруашылық өндірісі негізінен табиғи құнарлылығы төмен күнгірт және сүр топырақтарда шоғырланған. Жыл сайынғы қарашірінді жойылуы Қазақстан егіншаруашылығында 0,5-1,4 т/га құрайды. Аталған мәселе ауданның климаттық жағдайын нашарлады, бұл мәдени өсімдіктерге ғана емес, сонымен қатар топырақ процестеріне де теріс әсер беріп, қарашіріктің минералдану үрдісін арттырып, топырақтың агрофизикалық, физика-химиялық қасиеттерін және биологиялық белсенділігінің нашарлауына акеледі.
Жоғарыда көтерілген мәселені шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл азот тыңайтқыштарын қолдану болып табылады. Азоттың жоғары қажеттілігі, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтаушы басты фактор, топырақтағы өсімдіктерге сіңірілетін азот деңгейінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Соңғы жылдары нитрификация мен денитрификацияның жанама өнімі – азот оксиді арқылы парниктік газ шығарындыларының көбею қаупі артып келеді. Бұл мәселе әлі толық зерттелмеген, әсіресе Қазақстан жағдайында, алайда азоттың агрогеохимиялық айналымын түсінуге, атап айтқанда топырақтағы азоттың органикалық және минералдық қосылыстарының өзгеру үрдісі, сонымен қатар осы үрдістерге тыңайтқыштағы азоттың әсерін зерттеу тұрғысынан, тыңатқыштағы азотты өсімдіктермен пайдалануын арттыру мақсатында топырақтағы нитрификация және денитрификация үрдістерін реттеу және оның азот оксиді түріндегі жойылуын төмендету, сөзсіз экологиялық және экономикалық әсерге ие. Сондықтанда тыңайтқыш қолдануды басқару мәселелері тек өсімдік өнімділігі тұрғысынан ғана емес, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауда да маңызды.
Зерттеу нысаны: қант қызылшасы, соя, куздік бидай, суармалы ашық сұр топырақ
Жобаның мақсаты – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы табиғи құнарлылығы төмен топырақтарда агрофитоценоздардың тұрақты өнімділігін қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығының деңгейін арттыруды және азот шала тотығының тікелей эмиссиясын төмендетуді қамтамасыз ететін минералды және биологиялық тыңайтқыштар енгізу туралы шешімдер қабылдау.
Жобаның міндеттері
контурлық картограммалар жасаумен қатар, тыңайтқыштарды саралап енгізуге арналған нормаларды анықтай отырып, макроэлементтермен қамтамасыз етілуі бойынша топырақтың бастапқы мәліметтерін анықтау.
морфофизиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, егістік дақылдарының тыңайтқыш нормаларына, мерзіміне және енгізу тәсілдеріне әсерін зерттеу.
агрофитоценоздардағы дақылдардың өнімділігі элементтерінің қалыптасуына тыңайтқыштарды енгізудің нормаларын, мерзімдері мен тәсілдерінің әсеріне зерттеу жүргізу.
тыңайтқыштар мен өсірілетін дақылдарға байланысты топырақ құнарлылығы параметрлерінің (гумус, биологиялық белсенділік, макроэлементтер) өзгеру динамикасын зерттеу.
тыңайтқыштардың енгізілуіне, өсірілетін дақылға, органикалық заттардың болуына, топырақтың микробиологиялық белсенділігіне және агрохимиялық көрсеткіштерге байланысты азот шала тотығының кумулятивтік эмиссиясын анықтау.
аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін топырақтың қоректік элементтермен қамтамасыз етілуінің картограммаларын және дақылдардың қажеттілігін ескере отырып, қысқа мерзімді ауыспалы егістікте тыңайтқыштарды қолдану регламентін әзірлеу.
Зерттеу әдістері – жалпығылыми – анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, моделдеу. Сонымен қатар ғылыми агрономияның арнайы әдістері қолданылады:
Даладық тәжірибе – бақылау жүргізу, зерттелетін факторлардың зерттеу объектілеріне әсерін сандық бағалау бойынша есепке алу үшін бекітілген схемаға сәйкес тәжірбие жүргізу,жабық камера әдісімен топырақтағы азот оксидінің эмиссиясын есепке алу;
Морфофизиологиялық әдіс - . М. Куперман (1952-1973) бойынша өсімдіктің өсуі мен дамуын биологиялық бақылау әдісі негізінде, ұрықтық ағзалардың саралану үрдісін жүйелік зерттеу.
Зертханалық әдістер – қабылданған әдістерге сәйкес объектілерді (топырақ -өсімдік) зертте: органикалық заттар мөлшері Тюрина әдісі бойынша (СТ РК 3477-2019); жеңіл ыдырайтын азот мөлшері Тюрин және Кононов әдісі бойынша; жылжымалы фосфор және калий мөлшері Мачигина әдісі бойынша (ГОСТ 26205-91); топырақтың биологиялық белсенділігі (микробиоценоз құрамы, ферменттер); а/ш дақылдары өнімінен қант, ақуыз, майларды анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеулердің жаңалығы агрохимия, топырақтану, егіншілік және экологияның дамуына үлес қосатын азот шала тотығының кумулятивтік эмиссиясына тыңайтқыштардың қатысу үлесін анықтай отырып, дақылдардың өнімділігін арттыру мақсатында органогенез кезеңдері бойынша тыңайтқыштарды қолдануды саралау бойынша шешімдер қабылдау негізінде өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру бойынша жаңа білім алу болып табылады.
Зерттеу тобының мүшелері:
Ғылыми жетекші – Рамазанова Р.Х., а.ш.ғ.к.,