Фермерлік мектеп

2011 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында оқу материалдары және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған оқу орталығы – фермерлік мектеп құрылды. Күріш алқаптарынан алынған топырақ, жер асты және суаруға арналған су үлгілеріне химиялық талдау жүргізуге арналған зертхана бар. 

Мелиоративті топырақтанудың теориясы мен практикасы бойынша сабақтар өткізе алады, атап айтқанда күріш топырағының жағдайын, топырақтың тұздану химизмі, тұз қабатының орналасу тереңдігі, жер асты суларының минералдану деңгейі мен химиялық құрамы, дренаж желісінің коллекторлық күйі мен суару жүйесінің техникалық жағдай және т. б. Сонымен қатар Институт ғалымдары әзірлеген технологиялар, әдістерді пайдалану топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша оқу практикалық курстары бар, онда фермерлердің өздері тәжірибе жүргізудің тікелей қатысушылары болады және белгілі бір дағдыларды игереді, бұл жас, жаңа бастаған күріш өсірушілер үшін өте маңызды. Көбінесе фермерлерді өз алқаптарындағы топырақ құнарлылығының деңгейін көрсететін мәліметтер алу үшін қандай талдау түрлерін жүргізуге болады деген сұрақ қызықтырады. Топырақ үлгілерін іріктеп алмай, топырақтың тұздану дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін, 1 метр терендікке дейін тұз құрамына экспресс талдау жасайтын, жылжымалы құрылғы «Прогресс 1Т» ерекше қызығушылық тудырады. Бұл құрылғы әсіресе далалық жағдайда өсімдіктердің тежелу себептерін жедел анықтау үшін қажет.

^
Жоғарыға