Біз туралы
«Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылған жылы - 1939 ж. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының топырақтану секторы негізінде, одан әрі оның базасында 1943 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының топырақ-ботаникалық институты құрылды.
1945 жылы 28 тамызда КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының топырақтану институты ұйымдастырылды, ары қарай 2002 жылға дейін институт ҚР Ғылым Академиясының қарамағында болды.
2002 жылы Топырақтану институты ҚР АШМ қарамағына өтті.
2008 жылы «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС болып қайта тіркелді.
Миссиясы
Топырақ құнарлылығын жоғарылату, топырақ қоры мен ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану негізінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары
Топырақтану және агрохимия саласындағы іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер:
- топырақтың түзілу заңдылықтарын мен топырақ үрдістерінің өзгеруін зерттеу, ГАЖ технологиялары негізінде топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау;
- топырақ құнарлылығын жоғарылатумен топырақ қорын және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері;
- ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу;
- топырақ құнарлылығы мен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу;
- жастарды дайындау және біліктілігін жоғарылату, ғылыми жетістіктерді насихаттау.
Марапаттар
| Еңбек Қызыл Ту Орденімен наградтау жөніндегі КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның Жарлығы. Қазақ КСР ҒА топырақтану институтты және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына байланысты мемлекетке астық, егіншілік пен мал шаруашылығының басқа өнімдерін өндіру мен сатуда жеткен жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталсын. Мәскеу, Кремль, 14 наурыз 1974 жыл. |
Ө.О.Оспанов атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты – республикада топырақтану және агрохимия ғылымдары саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін жетекші мекеме болып саналады, аграрлық саладағы көптеген ҒЗИ және ЖОО байланыс орнатқан, тыңайтқыштарды қолдану және т.б. көптеген мәселелерге байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне консалтингтік қызмет көрсетеді.
Басқарма Төрайымы Рамазанова Раушан Хамзаевна