Молодым ученым вручили жилищные сертификаты!
Мемлекет ғылым мен инновацияның стратегиялық маңызын ескере отырып, ғылым мен жоғары білім саласын дамытуға, болашақ зерттеушілер мен жас кадрларды қолдауға және ғылыми ортаны нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 
Қазақстан республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы жас ғалымдарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пәтер сертификаттарын табыстады.  
Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – олардың ел игілігі жолындағы қызметіне қосымша серпін береді.
🏠 Институтымызда қуанышты жаңалық!
Институтымыздың жас ғалымы, топырақ құнарлылығы және биологиясы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, докторант Абай Аян Күмісбекұлы Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер сертификатының иегері атанды! Бұл – институт жастарына берілген екінші тұрғын үй сертификаты.
💬 Институт ұжымы атынан жас маманымыз Абай Аянды тұрғын үй сертификатына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – жас ғалымның кәсіби біліктілігінің, табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл қолдау – сіздің ғылыми әлеуетіңізге, болашағыңызға артылған үлкен сенімнің айғағы.
✨Сізге алдағы уақытта да зор табыс, шабыт пен шығармашылық жетістіктер тілейміз. Ғылым жолындағы бастамаларыңыз сәтті болып, отандық білім мен ғылым саласына елеулі үлес қоса беріңіз! Жаңа баспанаңыз шаттық пен жылылыққа толы, ырысы мен ынтымағы мол мекенге айналсын!


^
Наверх