Ғылым докторларының библиографиясы

«Ө. О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Ғылым докторларының библиографиясы

Козыбаева Фарида Есенкожақызы биология ғылымдарының докторы, профессор

Қозыбаева Фарида Есқожақызы кандидаттық және докторлық диссертациялдарын табысты қорғап, өзінің кәсіби қызметін топырақтану институтымен байланыстырады, сөйтіп институтың кіші ғылыми қызметкерінен бас ғылыми қызметкері ғылыми жолдарын өтті. Әртүрлі жылдары ол бөлім меңгерушісі, ғылыми хатшы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқар жүріп, ғылыми-зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, оларды жүргізу әдістері мен шешу жолдарын табу және топырақтану ғылымының дамуының басым бағыттарын негіздеу мен қалыптастыру жұмыстарына араласты.

Ғылыми қызығушылық бағыты топырақ жамылғысының экологиялық мәселелерін зерттеумен тығыз байланысты: деградация, ластану және эрозиялық құбылыстар, жерлерді қалпына келтіру, техногенді-бұзылған ландшафтардағы алғашқы топырақ түзілу үрдістерін зерттеу.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы  бұзылған ландшафтарда, сонымен қатар республикамыздың батысындағы мұнаймен ластанған жерлерде жүргізілген тәжірибе-ізденушілік зерттеулері негізінде топырақтың құнарлылығын жылдам қалпына келтірудің ұсыныстары әзірленді.

Оның 300 астам ғылыми еңбегі жарық көрді, оның ішінде жоғары рейтінгті, халыаралық ғылыми әдебиеттер базасына кіретін жорналдар бар. Институттағы кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау Кеңесінің мүшесі, төраға орынбасары қызметтерін атқара жүріп, Қазақстанда топырақтанушылардың ғылыми мектебін қалыптастыруға көп күшін жұмсады. Оның жетекшілігімен 1 – ғылым докторы, 6 – ғылым кандидаты және 2 – PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалды.

Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін Қозыбаева Ф.Е. көптеген мемлекеттік және қоғамдық наградалармен марапатталды.

Сулейменов Бейбіт Уалиханұлы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, ҚР АШҒА академигі

Сулейменов Бейбіт Уалиханұлы ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, ҚР АШҒА академигі, институтта 1993 жылдан бері кызмет істейді. Ол кіші ғылыми қызметкерден бас ғылыми қызметкерге дейінгі жолдардан өтті, әр жылдары бөлім меңгерушісі ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары (2005-2006; 2012-2017; 2017-2019 жж), директордың уақытша міндетін атқарушы  ( 2020-2021 жж) қызметтерін атқарды.

Ғылыми қызығушылығының бағыты ауылшаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және ұлғайту, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылату, инновациялық технологияларды әзірлеу.

Оның 170 астам ғылыми мақалалары жарыққа шыққан, оның ішінде 1 монография, 7 мақала рейтингтік жорналдарда, 1 патент.

«Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша 1 PhD докторын және 10 магистр дайындады.

«КазАгроИнновация»  АҚ  Құрмет грамотасымен (2012, 2013 жж), «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» (2019 ж.)  төсбелгісімен  марапатталған