Ғылыми жетістіктер

Институттың ғылыми жетістіктері

 

Қазақстанның топырақ ғылымының қалыптасуы мен дамуы кезеңінде институт ғалымдарының қосқан үлесі мол: тың және тыңайған жерлерді игеруге: барлық әкімшілік облыстардың және жалпы республиканың топырақ картасы жасалды. Топырақ-географиялық, топырақ-мелиорациялық, топырақ-эрозиялық және топырақ-геохимиялық зерттеулердің, табиғи құнарлығы өте төмен және бүлінген территориялардың топырағын қалпына келтіру әдістері негізінде топырақтың тематикалық карталары жасалыды, барлық табиғи белдеулер бойынша топыраққа баға берілді. «Қазақстан КСР топырақтары» 16 томдық сериалы монография шығарылды, Институт ғалымдары Халықаралық топырақтанушылар конгресінде мақұлданған «Әлемнің топырақ картасы» жасауға (1969); X Халықаралық топырақтанушылар конгресінде мақұлданған «Азия топырақтарының картасын» (1974); Лондон (1972) және Парижде (1986) ЮНЕСКО шығарған «Қуаңшылықты және дренажды жерлерді суару бойынша халықаралық нұсқаулығын» жасауда белсенді қатысты.

Топырақтанушы-географ, топырақтанушы-мелиоратор, топырақтанушы-эколог, агрорхимик ғалымдарды дайындаған Безсонов А.И., Оспанов Ө.О., Боровский В.М., Аханов Ж.У. Сапаров А.С. сияқты көрнекті топырақтанушы ғалымдардың Институттың ғылыми жетістігіне қосқан үлесі зор.

Қазіргі таңда Институт ғалымдарының зерттеулері топырақ үрдістерінің өзгеру заңдылықтарын белгілеу мен зерттеуге, топырақ фунциясын реттеу мен бағалауға, топырақ құнарлылығын қайта қалпына келтіруге және оны қорғауға, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған.

Далалық топырақ зерттеулері, ғарыштық түсірілім материалдары және ГАЖ технологиясын қолдану негізінде Қазақстанның Жетісу, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы) өңірлерінің 1:500000 маштабтағы, Сырдария өзенінің казіргі сағасы және Арал теңізінің құргап қалған түбі, Қарағанды облысының Шет ауданының  (М 1:100000). топырақ картасының заманауи электронды нұсқасы жасалды,

Қазақстан жазықтығының топырақ-географиялық және табиғи- мелиоративті аудандастыру картасы Қазақстан Республикасының Ұлттық атласында жарияланды. Табиғи және техногенді қауіптер мен төтенше жағдайлар қатері атласында келесі карталар жарияланды: «Топырақ дефляциясы және эрозия қаупі», «Топырақ жамылғысының шөлдену қаупі», «Шөлдену қаупі» (М 1:500000). Маңғыстау облысы атласында «Топырақ» және «Топырақ деградациясы» карталары жарияланды (М 1:500000).

Дайындалуда және өндіріске енгізілуде.

Тозған топырақтардың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру технологиясы. Технология алдын-ала тазаламай (суаратын суды үнемдейді) минерализациясы 3 г/л дейінгі екіншілік дренажды-шығарылған суды қолдануға мүмкіндік береді. Күріш өнімділігін 25 және одан да жоғар % көтереді. Фосфор тыңайтқыштарының енгізілу мөлшері екі есе азаяды.

Тұзданған топырақтардың құнарлылығын және дәнді жүгері өнімділігін арттыру технологиясы. Жүгерінің өнімділігін 20-дан 60-қа дейін және одан да жоғары пайызға арттырады, дәстүрлі өңдеумен салыстырғанда тамыр массасын 96-119% арттыруды қамтамасыз етеді.

«БиоЭкоГум» биорганикалық тыңайтқышын қолдану негізінде күздік бидай, жаздық арпа, соя, дәнді жүгері, күріш, мақта және басқа да ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттрыу әдістері. «Биоэкогум» қолдану ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 25-70 %-ға арттырады, тыңайтқыш қолдану шығынын 4-5 есе азайтады.

Институттың жетістіктері үкіметтік наградалармен марапатталды: тың және тыңайған жерлерді игергені үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен (1974), КОКП ОК мерейтойлық Құрмет белгісімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және КСРО Министрлер Кеңесінің БОКОК дипломдарымен, КСРО ХШЖК көптеген алтын, күміс және қола медальдарымен.

«Қазақстанда суарудың дамытуын дәлелдеу үшін топырақты мелиоативті бағалаудың ғылыми негіздерін» дайындағаны үшін Институт қызметкерлері ұжымына (Боровский В.М., Аханов Ж.У., Каражанов К.Д., Корниенко В.А., Орлова М.А., Пачикина Л.И.) (1984); Қазақстан КСР мемлекеттік сыйлығы; «Іскерлік тәжірибеде жоғары сапа үшін» (2005) Халықаралық қордың алтын медалы берілді;

2011 жылы «Казбиосил» «Ризовит-АКС» «Бакойл-КZ» биопрепараттарын жасап және өндірісін ұйымдастыру» жұмыстарына қатысқаны үшін, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Кан В.М. Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлығына ие болды.