Жобалар

020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы туралы қысқаша ақпарат

«Шығыс Арал өңірінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау және оның Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде өзгеруі» (АР 08053270)

Өзектілігі. Соңғы жылдары Сырдария және Әмудария өзендері бассейнінде су және жер ресурстарын пайдаланудағы елеулі кемшіліктер, Арал теңізіне келетін ағымның күрт төмендеуіне, жер үсті суларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерін өзгертуге, кең аумақтың шөлейттенуіне, топырақтың тұздануы мен өзгеруіне, табиғи ортаның сарқылуына, соның салдарынан шамамен 3 млн. тұрғын ның ішінде қазақстандық бөлігі – 596,2 мың адамды құрайтын халықтың өмір сүру жағдайы, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді.

Арал теңізінің деңгейі 17 м-ге төмендеп, оның су аймағының ауданы едәуір қысқарды, екі таяз бассейн пайда болып құрғау үрдісі жалғасуда.

Шөлейттену үдерістерімен тиімді күресу және Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін, табиғи ортаның жағдайы, оның ішінде топырақ жамылғысы және оның сипаты мен өзгеру қарқыны, Арал теңізің құрғаған жерінде топырақтың қалыптасуы туралы объективті ақпарат алу қажет. Сондықтан Арал өңіріндегі экологиялық дағдарыс және қоршаған ортаны жақсарту проблемасын шешуде, аталған аумаққа антропогендік әсер ету деңгейі мен табиғи жағдайлардың өзгеруіне кешенді ғылыми бағалау жүргізуді, экожүйенің әрі қарай шөлейттенуінің алдын алу шараларын дайындауды, табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды қажет етеді.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы аумағындағы Шығыс Аралдың кепкен түбінің топырақ жамылғысы.

Мақсаты: Шығыс Арал өңірінің негізгі учаскелеріндегі топырақ жамылғысының қазіргі жағдайына, құнарлылық параметрлерін (қарашірік, қоректік заттар және т.б.) ескере отырып кешенді бағалау жүргізу, топырақ деградациясына алып келетін (топырақтың екіншілік тұздануы, эрозия және топырақ дефляциясы және т.б.) топырақта антрорпогенді әсердің негізгі факторлары нәтижесінде жүретін үрдістерді зерттеу.

Жоба міндеттері:

Арал теңізінің құрғап қалған түбінің шығыс жағалауындағы топырақтың қазіргі жағдайын, олардың негізгі физикалық-химиялық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу (500 мың га);

Алдыңғы жылдары жүргізілген зерттеу материалдары мен жобаны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде картаға географиялық тұрғыдан байланыстырылған нақты топырақ кескінімен байланыстырлған топырақ мәліметтерінің базасын құру;

Геоақпараттық технологияларды және ғарыштық түсіру материалдары мен далалық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, Арал теңізінің құрғаған түбінің топырақ картасының заманауи электрондық нұсқасын жасау. (масштаб 1:200 000);

Алынған деректер мен өткен жылдардың деректерін салыстыру негізінде Арал теңізің құрғаған түбіндегі топырақтың өзгеру үрдісін және топырақ түзілу бағытын зерттеу;

Арал теңізінің шығыс жағалауындағы жерлерді тиімді пайдалану және игеру бойынша ұсыныс дайындады.

Зерттеу әдістері:

топырақты зерттеудің далалық және зертханалық жалпы қабылданған әдістері; картографиялаудың геоақпараттық технологияларын қолдану; топырақты қашықтықтан (ғарыштық) зерттеу.

Топырақ карталарын жасауда ГИС-технологиясы және MapInfo Professional, ENVI, QGIS арнай бағдарламалық құралы мен ғарыштық суреттер пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Шығыс Арал өңірінің кепкен түбінің топырақтарын зерттеу топырақ өзгерісінің заңдылығы мен олардың кеңістіктегі қозғалыс ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.

Алғаш рет шығыс Арал өңірінің топырақ картасы мен тұзданған топырақтарының картасы жасалады.

Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде шығыс Арал өңіріндегі топырақ өзгерісін салыстырмалы бағалау алғаш рет жүргізіледі.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алғаш рет табиғи орта жағдайы, оның ішінде топырақ жамылғысы, оның өзгеру қарқыны мен сипаты, Арал теңізінің құрғаған түбінде топырақтардың қалыптасуы туралы ақпараттар беріледі.

Зерттеу тобының мүшелері:

Ғылыми жетекші – Исанова Г.Т., PhD «География» мамандығы бойынша.

Жобаны жүргізуге жасы 35 толмаған 7 ғалым қатысады (негізгі қызметкерлер)