Жас ғалымдар кеңесі

Институтта жастары 35 толмаған (ғылым докторлары үшін 40 жасқа дейін) кызметкерлер мен жас ғалымдарды біріктіру және үлестіру мақсатында Жас ғалымдар кеңесі құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

– Жас ғалымдардың кәсіби өсуі мен Институттың қоғамдық өміріне белсенді араласуына көмектесу;

– Ғылыми кеңесте, Институт әкімшілігінде, кәсіби қызметтің әр түрлі көріністері бойынша Институт кәсіподағы комитетінде Институт жас ғалымдары мен қызметкерлерінің мүддесін қорғау;

– Жас ғалымдарға арналған ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

– Институт жас ғалымдарының  зерттеу жұмыстары көрсетілген мақалалар дайындау және шығару;

– Мемлекеттік, муниципалдық, ғылыми және өзгеде ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде жас ғалымдар мүддесін қорғау;

–  Мәдени-көпшлік және жастар спорты іс-шараларын ұйымдастыру.

Институт жас ғалымдары тек ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғана белсенді қатысып қоймай, сондай-ақ  өздерінің мүмкіндіктері мен шығармашылық потенциалын Институт қоғамдық өмірінде де айқын көресетеді. Жас ғалымдар КеАҚ «ҰАҒББО» ғылыми Институттары арасында тенис, футбол, шахмат бойынша өткен жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындар иеленді және марапатталды.

Жас қызметкерлер Жеңіс күніне, жаңа жылдық және Наурыз мейрамдарына арналған іс шараларға белсенді қатысып, мәдени іс-шаралар өткізеді, театрға барып, тауға шығады, сенбіліктерге белсенді қатысады.