Біз туралы

«Ө.О.Оспановатындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

E-mail: soilkz@mail.ru

Тел./Факс: +7 (727) 2694733

Еңбек Қызыл Ту Орденімен наградтау жөніндегі ССРО Жоғарғы Кеңес Президиумның Жарлығы.

Қазақ ССР ҒА топырақтану институтты және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына байланысты мемлекетке астық, егіншілік пен мал шаруашылығының басқа өнімдерін өндіру мен сатуда жеткен жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталсын.

Мәскеу, Кремль, 14 наурыз 1974 жыл.

Ө.О.Оспанов атындағы Еңбек Қызыл Ту Ордені  Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты – республикада топырақтану және агрохимия ғылымдары саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін жетекші мекеме болып саналады, аграрлық саладағы көптеген ҒЗИ және ЖОО қатынас орнатқан, тыңайтқыштарды қолдану және т.б. көптеген мәселелерге байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне консалтивтік қызмет көрсетеді.

Басқарма Төрайымы

Рамазанова Раушан Хамзаевна

Құрылымы бойынша қысқаша тарихы

 

Құрылған жыл 1939 жылы ССРО ҒА Қазақ филиалы жанынан алғаш рет топырақтану секторы құрылды, ары қарай 1943 жылы ССРО ҒА Қазақ филиалының топырақ-ботаникалық институтыны ұйымдастырылды.

1945 жылы 28 тамызында ССРО ҒА Қазақ филиалының топырақтану институты ұйымдастырылды, ары қарай  2002 жылға дейін институт ҚР Ғылым Академиясының қарамағында болды.

2002 жылы Топырақтану институты ҚР АШМ қарамағына өтті.

2008 жылы «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС болып қайта тіркелді.

Миссиясы

Топырақ құнарлылығын жоғарылату, топырақ қоры мен ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану негізінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

Топырақтану және агрохимия саласындағы іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер:

     топырақтың түзілу заңдылықтарын мен топырақ үрдістерінің өзгеруін зерттеу, ГАЖ технологиялары негізінде топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын бағалау;

 – топырақ құнарлылығын жоғарылату мен топырақ қорын және  ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері;

 – ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлердің топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық жағдайын бағалау және мониторингтеу;

-топырақ құнарлылығы мен  ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу;

-жастарды дайындау және біліктілігін жоғарылату, ғылыми жетістіктерді насихаттау.