Агрохимия

1. Бөлім тарихы.

Институт құрылғаннан бері (1945 ж.) жұмыс істеген топырақ химиясы зертханасының негізінде топырақ агрохимиясы бөлімі құрылды. Зертхана жетекшілері Е.С. Сушко, Ю.Ф. Пиль, И.И. Емельянов, И.С. Меженин, К.И. Имангазиев, П.Г. Грабаров, С.Н. Федосов, а.-ш.ғ.к. С.М. Сейфуллина болды.

Топырақ химиясы және топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасы негізінде 2008 жылы агрохимия бөлімі құрылды, бөлім меңгерушілері а.-ш.ғ.д. Б.У. Сулейменов (2008-2011; 2017-2018 жылдары), а.-ш.ғ.к. Г.А. Сапаров (2012-2017; 2018-2019 жылдары) болды.

Бөлімде 9 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 а.-ш.ғ. докторы, 3 ғылым кандидаты. 2020 жылдан бастап бөлімді а.-ш.ғ.к. Амиров Бахытбек Мустафаұлы басқарады.

 

 

2. Бөлім құрамы:

3.     Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

– егістіктердің агрохимиялық картограммаларын дайындай отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді агрохимиялық зерттеу, топырақ құнарлығын қалпына келтірудің тиімді әдістерін әзірлеу;

– тыңайтқыштардың көмегімен өсімдіктердің қоректенуін және зат алмасуын оңтайландырудың тиімді әдістерін зерттеу және әзірлеу;

– ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін реттеуіштерді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

4. Бөлім ұсынатын қызметтер

ü егістіктердің агрохимиялық картограммаларын және оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды дайындай отырып, жерлерді топырақ-агрохимиялық зерттеу;

ü биоорганикалық, биоминералды тыңайтқыштарды, отандық биологиялық препараттарды және өсімдіктердің өсуін үдеткіштерді қолданудың жүйелерін ғылыми-практикалық қамтамасыз ету;

ü агрохимиялық картограммаларды құру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша кеңестер беру қызметтері.

 

5. Негізгі жетістіктер

Өткен жылдардағы агрохимиялық зерттеулер жетекші ауыл шаруашылығы егістіктерінің дақылдарына микротыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу мәселелерін қамтыды. Осы кезеңде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы жағдайларында микроэлементтерді сынау бойынша, дақылдардың өнімділігіне әсерін бағалай отырып, вегетациялық және далалық жұмыстар жүргізілді.

1955-1970 жылдары аралығында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай атындағы кеңшардың егістіктерінде шалғынды-сұр топырақты және ашық-құба топырақтарда қант қызылшасы мен жаздық бидайға микроэлементтерді (мыс, бор, марганец) қолданудың тиімділігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді, оларда микротыңайтқыштар түрлері – таза тұздар, өндіріс қалдықтары және байытылмаған кендер сыналды.

1960-1975 жылдары ғалымдар микроэлементтердің жалпы және жылжымалы түрлерінің (бор, марганец, мырыш, молибден, кобальт және мыс) құрамы бойынша Қазақстан аймақтарының топырақтарын зерттеді, олар бойынша 1:2500000 масштабтағы микроэлементтердің мөлшерінің картограммалары жасалды. Барлығы 2300 топырақ кесінділерінен алынған 10 мың үлгі талданды. Зерттеулер Қазақстанның топырағы бормен және марганецпен салыстырмалы түрде жақсы қамтамасыз етілгенін, мырышпен, молибденмен және кобальтпен аз қамтамасыз етілгенін, жылжымалы мыспен төмен және орташа қамтамасыз етілгенін көрсетті. Негізгі дақылдарды суару жағдайында мыс және марганец тыңайтқыштарын, ал тәлімі егістік жерлерде мыс, мырыш және молибден микротыңайтқыштарын қолдану ұсынылады.

1963-1966 жылдары Жамбыл облысындағы «Новотроицкий» кеңшарында тыңайтқыштар ретінде Өскемен металл бұйымдары зауытының қожы сыналды. Қожды (шлак) пайдалану қант қызылшасының өнімділігін 28 ц/га, флотациялық қалдықтарды пайдалану 30 ц/га арттыратыны анықталды.

Шымкент тәжірибе станциясының күңгірт-сұр топырақтарында тамырдан тыс үстеп қоректендіруде мыс, мырыш және кобальт тұздарының 0,5% ерітінділерімен суару жағдайында күздік бидайдың өнімділігі 15,9; 7,1 және 15,2% – ға артты.

Бұл зерттеулер және мыс кендерінің үлкен қорларын және түсті металлургия кәсіпорындарының әртүрлі қалдықтарын микротыңайтқышқа көп шығынсыз қайта өңдеу үшін оларды қолданудың және пайдаланудың тиімділігіне ғылыми негіздеме беруге мүмкіндік берді.

Осы зерттеулермен қатар бөлім ғалымдары Қызылорда облысының 93 мың га алқаптағы топырағын агрохимиялық зерттеу бойынша 33 шаруашылықта жұмыстар жүргізді, олар үшін топырақтың қоректік элементтермен (азот, фосфор, калий) қамтамасыз етілуінің агрохимиялық картограммалары және тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар жасалды. 1964 жылы Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жүргізілген жұмыстар негізінде совхоздар мен колхоздарда агрохимиялық картограммалар жасау туралы нұсқаулар берілді.

1966-1975 жылдары Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарының топырақтарындағы қарашіріктің, азоттың, фосфордың және калийдің жалпы және жылжымалы түрлерінің мөлшері бойынша аналитикалық мәліметтерге камералдық өңдеу жүргізілді. Бұл макроэлементтердің мөлшері егіндік, жарты метрлік және бір метрлік қабаттар үшін есептелген.

2005 жылдан 2020 жылға дейін агрохимия бөлімінің қызметкерлері жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді:

– Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроэкологиялық қамтамасыз ету аясында Оңтүстік Қазақстан облысында 52555 га тәлімі жерлер зерттелді;

– КА «Амос-3» ұшыру кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының РБДН-SLБ-нан «Зенит-2SLБ» және «Зенит-3SLВ» ЗҒМ дайындау және іске қосу процестерінің қоршаған ортаға әсерін бірлескен аспаптық бақылау бағдарламасын» іске асыру шеңберінде топырақ-геохимиялық зерттеулер; сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының кешені құрамына топырақ-геохимиялық зерттеулер жүргізуде «Инфракос-Экос» ЕМК бірлесе отырып, Үстірт үстіртінде таңдалған МБР РС-20 бөлетін бөліктердің құлау ауданын және оған іргелес аумақты экологиялық тексеру;

– «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мақта егетін шаруашылықтарының ауыр металдармен (Zn, Си, Pb, Cd, Ni) ластануына мониторинг жүргізу»;

– «Қазақстан жағдайында сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілдерін әзірлеу»;

– «Топырақ құнарлылығын сақтау және тиімді қалпына келтіру технологияларын және олардың параметрлерін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу»;

– «Топырақ-мелиоративтік жағдайын анықтай отырып, мақта өсіру кезінде тік дренажды пайдалана отырып, топырақ құнарлылығын сақтау»;

– «Адаптоген препаратын пайдалана отырып, сұр топырақтың екінші реттік тұздануға ұшыраған жағдайларда мақта өсірудің экологиялық қауіпсіз технологиясын әзірлеу»;

– «Дәнді дақылдарға құрамында күкірт бар тыңайтқыштарды қолданудың тиімді әдістерін әзірлеу»;

– «Топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың инновациялық технологиясын енгізу (биоорганикалық тыңайтқыштар)»

Қазіргі уақытта қызметкерлер ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын сақтау және арттыруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, ББ 267 «Білім және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру», бойынша жұмыс орындауда, мұнда гуминді биопрепараттардың егістіктік құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі (күздік бидай, соя, қант қызылшасы, күріш және жүгері) әсерін зерттеу бойынша өндірістік сынақтар жүргізілуде және картоптың, пияздың, мақтаның және негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының берілген түсімін қалыптастыру моделін жасай отырып, топырақта тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенттері бойынша жаңа нормативтер негізінде ұсынымдар әзірлеу.

 

 Халықаралық ынтымақтастық:

Атқарылған жұмыстар:

– Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың гранты (Мәскеу қ.) К-486: «Суармалы cұр топырақтарда мақта өндірісі кезінде топырақтың тығыздығы және оның құнарлылығы мәселелерін шешуге арналған агромелиорация әдістері»;

– «Беларусь калий компаниясы» ЖАҚ Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы мақта, картоп үшін калий тыңайтқыштарын сынау бойынша жобасы;

ТМД агрохимиктері мен агроэкологтарының Халықаралық одағы шеңберінде халықаралық интеграция мақсатында келесі зерттеулер жүргізілді:

– «Тыңайтқыштармен тәжірибелермен Мемлекетаралық Географиялық желіде зерттеулерді ұйымдастыру мен метрологияны жетілдіру» – үйлестіруші Д.Н. Прянишников атындағы Бүкілресейлік агрохимия ғылыми-зерттеу институты. (Мәскеу, Ресей Федерациясы);

– «Топырақ құнарлығының тозуын болдырмау үшін тыңайтқыштарды агротехнологияның басқа әдістерімен үйлестіре отырып қолданудың тиімді жүйесін әзірлеу» – Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы,);

– «Заманауи ауыл шаруашылығын агрохимиялық қамтамасыз ету бойынша агросервисті жетілдіру» – үйлестіруші Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты және Чернышевский агрохимиялық орталығы (Украина); «Агрохимия және агроэкожүйелердегі экологиялық қызметтерді зерттеу» – үйлестіруші Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты (Минск, Беларусь Республикасы).

 

                 Халықаралық конференцияларға және Workshop-қа қатысу:

1. «Establishment of the International Network of Soil Information Institutions (INSII)» семинарына қатысу БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, Рим, Италия, 8-10 желтоқсан 2015 ж.

2. Еуразиялық азық-түлік қауіпсіздігі желісін және Еуразиялық топырақ серіктестігін дамыту жөніндегі халықаралық конференция, ақпан 2016 ж.

3. «Азияның агрохимиялық форумы», 14-16 наурыз 2016 ж

4. Агроландшафттық зерттеулер орталығына бару Мюнхенберг қ., Германия, маусым 2016 ж.

5. Құрғақ және жартылай құрғақ аймақтардағы Жерді бақылау жөніндегі III Халықаралық симпозиум. «Ұлы Жібек жолы бойындағы жерді қашықтықтан зондтау». Баяндама «Soil Status in ecosystem in arid zone of Kazakhstan» 19-21 қыркүйек 2016 ж.

6. «Initiatives of the Belt and Road» тақырыбындағы Ұлттық ғылыми ұйымдарының форумы және «Қоршаған орта және тұрақты даму» сессиясында баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысы мен қоршаған ортаның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары», 7-8 қараша 2016 ж

Көпжылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша бөлім қызметкерлерімен 400-ден астам ғылыми жұмыстар, соның ішінде өндіріске ұсынымдар, монографиялар жарияланды.

 

Еліміздегі топырақ және агрохимиялық зерттеулердің болашағы келесі басым бағыттарды дамытудан көрінеді:

– ҚР топырағының негізгі түрлері бойынша («ҰАҒБО» КеАҚ ЕҰ өңірлік дерекқорында) стационарлық мониторингтік алаңдар құру негізінде тыңайтқыштармен тәжіриебелердің географиялық желісі бойынша топырақ ресурстарын тиімді басқару, агроценоздардың экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін шешу, өсімдіктердің минералды қоректенуі және оны оңтайландыру әдістері туралы білім алу, тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін арттыру;

– ландшафттық агрохимия бойынша агроценоздар өнімділігінің топырақ құнарлылығының деңгейіне, олардың тыңайтылуы мен егіншіліктің қарқындылығы дәрежесіне сәйкестігінің шарттары мен дәрежесін ескере отырып және нақты егіншіліктің бағдарламалық-аппараттық құралдарын пайдалана отырып, тыңайтқыштарды саралап қолдану жүйесін әзірлеу және құнарлылық көрсеткіштерін болжау сенімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқару әдістерін әзірлеу (мамандандырылған институттармен бірлесе отырып);

– макро- және микротыңайтқыштардың, биостимуляторлардың, биологиялық өнімдердің және т.б. жаңа формалары мен түрлерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу бойынша (өсімдіктерді қорғау құралдарымен, ветеринариялық препараттармен және т.б. ұқсастығына қарай);

– минералды тыңайтқыштар мен топырақтан қоректік заттардың шығымы  және пайдалану коэффициенті көрсеткіштерінің агрохимиялық нормативтерін әзірлеу әдістемесін жетілдіру; MТ және ОТ пайдаланудан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру; интенсивті егіншіліктегі МТ реттеуші дозалары бойынша;

– Қазақстан Республикасының мамандандырылған институттарымен бірлесіп минералды қоректенудің физиологиясы мен биохимиясы бойынша іргелі зерттеулер;

– мәліметтерді жүйелеу мен жинақтау және топырақ пен жер ресурстарын пайдалану және тыңайтқыштарды пайдалану бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау үшін заманауи IТ-технологиялар негізінде бірыңғай ақпараттық ресурсты құру арқылы бірыңғай әдістер бойынша агрохимиялық және агроэкологиялық мониторинг жүйесін дамыту.

 

 

 

Байланыс деректері

е-mail: bak.amirov@gmail.com

ұялы. тел: +7 777 596 02 84