10.09.2018 06.09.2017 На прошлой неделе завершился учебный курс в Харбине

ДАЛА КҮНІ
2018 жылдың 28 тамызында Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты «Серік» шаруа қожалығының егістік аумағында «О.Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС, «Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы (Алматы)» және «Ор2талық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының» (ҚХР ҒА) ұйымдастыруымен «Күрішті Ақдала суармалы алқабының тұзданған топырақтары жағдайда тамшылатып суаруды өндірістік сынақтан өткізу» жұмысының нәтижелеріне арналған «ДАЛА КҮНІ» өткізілді. 2
«ДАЛА КҮНІНЕ» «Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы» (ҚХР ҒА) нан Ян Фан, Алматыдағы Қытай консулдығынан ғылым және техника жөніндегі кеңесшісі Ми Гуйсюн қатысты. Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Дарибаев Бауыржан, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының секция басшысы Муқанов Буркіт, фермерлер, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер катысты.
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғалымдары; «Ж.Жиембаесв атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ» ЖШС мамандары; «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ҒЗИ» ЖШС ғалымдары; «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры Балғабаев Б. бір топ ғалымдарымен; «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры Серікбай Ыдырысұлы Өмірзақов ғалымдарымен; «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ академик Рау А.Г., профессор Қалдыбаев С. бір топ мамандарымен қатысты; Барлыгы 66 адам. Қатысушылар көптеген сурақ қойып кызығушылық танытты. Сурақтарына осы жобаға қатысушы ғалымдардан нақтылы жауап берілді.3 4

Бұқаралық ақпарат құралдары окілдері қатысып, Хабар агенттігінен Нұрболат Абайұлы, Тімбек Рақымжан тусірілім жасап интервью алды. Өз интервьюінде Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының бас директоры, акдемик А.С.Сапаров қойылып отырған мәселені егжей тегжей айтып берді. Нақтылы айтқанда: Республикамыздың су ресурстарының басым көпшілігі көрші мемлекеттерден бастау алатындықтан еліміздің соларға тәуелділігі жоғары. Осыған орай суармалы алқаптардың сумен қамтамасыз ету мәселелері және су ресурстарын тиімді пайдалану елімізде қазіргі таңда өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығын ескере отыра, біз Қытайдың күрішті тамшылытып суару озық технологиясын Қазақстанның суармалы алқаптарындағы тұзданған топырақтарда бейімдеу үшін далалық ғылыми жұмыстарды үш жыл көлемінде бірлесіп жүргіздік. Осының нәтижесінде күріш өндірудегі 1 гектарға кететін судың көлемін 2,5 есеге азайтуға болатынын дәлелдедік. Осыған орай Балқаш өңіріндегі тұзданған топырақтардағы күрішті тамшылыатып суару технологиясының өндірістік егіс жағдайында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Осы жобаның жетекшісі ауыл-шаруашылық ғылымдары кандидаты М.А.Ибраева да интервью беріп журналистер сурақтарына жауап берді. « Серік» шаруа қожалығының жетекшісі Жылқыайдаров Алпысбай теледидарға берген сұхбатында күрішті тамшылап суарудың фермерлерге қаншалық тиімді екнін айтты.
Тусірілімдер «Қазақстан», «СТВ» жане «Хабар» телеарналары эфирлерінен корсетілді.
Бұқаралық ақпарат арқылы осы технология көпшілік қауымға таратылып олардын қызықшылығына ие болатынына сенімділігіміз мол.